– терілік скарификациялық сынамалар немесе прик-тестлер:
∙ in vitro
– жалпы және арнайы Ig E-ні анықтау.
Респираторлық жолдың аллергиялық ауруларында сыртқы тыныс қызыметін
бронходилятаторлармен ингаляциялық фармакологиялық сынамалармен зерттеу.
Атопиялық ауруларды емдеу ұстанымдары: 1. Элиминациялық ем – аллергендермен байланысты төмендету немесе жою.
2. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық, патофизиологиялық
кезеңдерінде дәрімен әсер ету:
∙ клеткалық мембраналардың стабилизаторлары (кромондар);
∙ аллергия медиаторларының антагонистері (антигистаминді, антилейкотриенді әсері
бар дәрілер);
∙ созылмалы аллергиялық қабынуды төмендететін қабынуға қарсы заттар (жүйелі
және жергілікті әсерлі глюкокортикостероидтар, пимекролимус);
∙ анти- Ig E- антиденелер.
3. Аллергиялық қабынудың иммунологиялық, патохимиялық және патофизиологиялық
сатыларына дәрі емес тәсілдермен әсер ету:
∙ Антигенспецификалық иммунотерапия (АСИТ):
∙ емдеудің фармакологиялық емес көмекші әдістері (баротерапия, иглорефлексотера-
пия, галотерапия, климатотерапия, тыныс гимнастикасы және басқалар).
4. Балаларды және олардың ата-аналарын оқыту.