Сыртқы ем:
қабыну ошақтарын азайтуға немесе жоюға;
тері қышымасы мен құрғақтығын төмендетуге;
тері қызметі мен құрылымын қайта қалпына келтіруге;
терінің зақымдалған аймақтарында екіншілік инфекцияның алдын алу мен жоюға
бағытталады.
Өршіту факторларының әсерін азайту керек. Қасыған кезде зақымдалуды азайту үшін
бала тырнақтары қысқа болып алынуы тиіс. Нейтральды сабынмен салқын суда жуған
соң, жұмсартатын кремдер мен майлар қолдану керек.
Сыртқы қабынуға қарсы дәрілерге жергілікті әсерлі глюкокортикоидтар мен
стероидты емес қабынуға қарсы препарат пимекролимус (элидел) қолданылады.
Жергілікті глюкокортикостероидтік (ГКС) дәрілер аллергиялық қабынудың негізгі 3
компонентін тежейді: медиаторлардың босауын, зақымдалған аймаққа жасушалар
миграциясын және пролиферациясын.
Бірақ олардың кері әсерлері де бар: үйренушілік феномені, ұзақ қолданғанда жүйелі
әсері болуы, тері атрофиясы. Қазіргі күнде ГКС дәрілердің соңғы ұрпақтарын қолданған
тиімді: метилпреднизолон ацепонат (адвантан) және мометазон фуроат (элоком). Қолдану
ұзақтығы 3-4 аптадан аспауы керек.