Бар елде ғана қалана



бет24/68
Дата08.02.2022
өлшемі0,92 Mb.
#122601
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68
Байланысты:
Бар елде ана алана

Аудит процедуралары

Акпарат көздері

1. Кәсіпорынның банктегі есептік, ағымдағы, валюталық және басқа да шоттар бар екендігін айқындау (бұл шоттар қандай банк мекемесінде ашылғанын)

Тестілеу материалдары

2. Банктегі ақша шоттарындағы опера-циялардың зандылығын, анықтығын және шаруашылық мақсатқа сәйкестілігін тексеру

Заңды және жеке тұлғалармен шарттар, үкім қағазы және талап арыздар

3.Шотка түскен ақшаны кіріске алудың дұрыстығын, уақтылығын және толықтығын тексеру

Банктің ақшалай-есептік құжаттары тіркелген көшірмелері, 2 журнал-ордер, 2 журнал-ордерге №2 тізімдеме (ведомость), Бас кітап, баланс және т.б.

4. Ұсынылған шоттарға төленген қар-жының дұрыстығын, толықтығын және сәйкестігін тексеру

Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар

5. Бюджетке салық және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер аударудың уақтылығын тексеру

Төлем тапсырмалары мен талаптары

6. Банктен алынған және кассаға кіріске алынған, сондай-ақ оларды мақсатты пайдалануын тексеру

Кірістік ордерлер, кассалық құ-жаттарды және т.с.с. тіркеу журналы

1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және әр түрлі кредиторлармен, соның ішінде банкпен несиелер бюджетпен салықтар бойынша есеп айырысудың мерзімін өткізіп алу себептерін анықтау

Өтемділік коэффициенттері, қар-жылық тұрақтылықты есептеулер, шот-фактуралар, 1-3 журнал-ордерлер және оларға тізімдемелер (ведомостілер)

8. Кәсіпорындармен әрбір қолма-қол ақшасыз есептесу бойынша шарттық өзара қарым-қатынастырдың сәйкестігін тексеру

Контрагенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық-нормативті ақпарат

9.Кұжаттар мен жазбаларда көрсетілген ақшаның бар екендігі мен қозғалысы туралы мәліметтердің сәйкестігін тексеру

Бастапқы құжаттар, журнал-ордерлер, чек кітапшалары, Бас кітап

10. Банк операциялары бойынша шот корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру

Бухгалтерлік есепке алу шоттарының анықтамасы және корреспонденциясы

Ағымдағы (есеп айырысу) шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдайларға назар аудару қажет:


1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
2. Соманың банк көшірмелері бойынша, оларға тіркелген бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкестігі.
3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы құжаттарда банк мөртаңбасының болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру (не болмаса сұрау салу) өткізген жөн.
4. Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорнының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.
5.Ақшалай қаражатты акцептелген төлем тапсырмаларымен байланыстың пошта бөлімшесі арқылы (депозитке салынған еңбекақы, алименттер және т.с.с.) аударудың дәйектілігі, сондай-ақ аударым алушылардың тізбеде көрсетілген пошталық мекен-жайының анықтығы.
6. Теңгені конвертациялауға байланысты операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығы.
7. Бухгалтерлік өткізбелердің (проводкалардың) банктік операциялар бойынша дұрыстығын, бұл операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына (есеп айырысу шоттарынсыз) есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
8. Банк көшірмелерінің және парақтық нөмірленуі мен шоттағы қаражат қалдығын ауыстыру бойынша анықталатын құжаттардың толық сенімділігі.
9. Банктің бұрынғы көшірмесіндегі кезең соңының қаражат қалдығы шот бойынша келесі көшірмедегі кезең басының қаражат қалдығына тең болуы тиіс. Егер банк тізімдемесінде ескерілмеген түзетулер мен тазартып өшірулер табылса, банк мекемесінде ыңғайласпа тексеріс (қарама-қарсы) өткізу керек.
10. Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттарының мәнділігі бойынша үйлесуі тиіс. Сонымен бірге аудитор мыналарды анықтауы керек: заңсыз банктік операциялар (шартсыз) жасала ма, мысалы, тексерілетін кәсіпорынмен ешқандай шарттық қатынастары жоқ, басқа кәсіпорынның борышын өтеу немесе басқа кәсіпорынның тауарсыз есеп айырысулар бойынша төлеу; кіріске алынған және төленген материалдық құндылықтардың түгелдігі мен уақтылығы; несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ қаржылық жағдай мен қаржыландыру көзі тұрғысынан қарыз алуға ұсынылған құжаттардың анықтығы; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктен алынған чек кітапшалары есепте дұрыс керсетілген бе және заңды қолданыла ма; олар есеп беретін адамдарға колхат арқылы беріле ме, есеп беретін адамдар чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасай ма, айналымдар мен сальдо есеп беретін адамдардың арнайы шоттар бойынша айналымдар мен сальдо есебіне сәйкесе ме және т.с.с.
11.Аудитор жабдықтаушыға борышты өтеу үшін ақша аударудың қаншалықты нақтылығы мен негіздігін тексеруге тиісті. Кәсіпорындар, мәселен, сауда кәсіпорнына сатып алынған ;азық-түлік тауарларына ақша аударуы мүмкін, ал шын мәнінде қоймаға түспеген немесе құжатта көрсетілген ассортименттен басқасы түскен жағдайлар болады. Кәсіпорындар орындалмаған кұрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстары үшін, сондай-ақ делдалдарды «құтқару» мақсатымен жеткізіп берілмеген техника үшін ақша аударатын жағдайлар да аз емес. Сондықтан банктегі ақшалай қаражат шоттары бойынша операциялар ревизиясында қарама-қарсы тексерулер, әсіресе, біртектес операциялар бойынша өзара байланысқан бастапқы құжаттарды мұқият тексеруді талап етеді.
Валюталық шоттағы операциялар аудитінде төменде келтірілген ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:
1. Валюталық шот ашылған банк мекемесін.
2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарда көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?
3. Сыртқы экономикалық қызметтердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі.
4. Валюталық шотты ашқаны үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы.
5. Валютаны сату мен сатып алу операцияларын есепте көрсетудің дәлдігі.
6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.
7. Бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың жүйелілігі. Банк көшірмесіндегі жазбалардың 2 журнал-ордер мен Бас кітап жазбаларына сәйкестігі.
8.Резидент болып саналатын ұйым-экспортерлердің валюталық түсімін уәкілетті банктегі валюталық транзиттік шоттарға қосудың толықтығы мен уақтылығы.
9. Экспортерлерде ҚР Ұлттық банкінің рұқсатынсыз ашылған шетелдік банктегі есептерінің бар болу фактісінің тексеруі.
10. Экспортерлердің өзіндік валюталық түсімін қолданудың дұрыстығы, шетелдік валютаға алынған қолма-қол шетелдік валюта мен материалдық құндылықтың сақталуы.
11.Түсетін тауарлардың (материалдардың, жартылай өнімдердің, жабдықтардың және т.б.) сату бағасы мәміледе (шартта) қарастырылған құнға негізделіп, кәсіпорындағы кіріске алу, кеден төлемі, көлік шығыстары мен сатып алу, тасымалдау жөніндегі басқа шығындар ай-күн, жылындағы импорт бойынша кәсіпорынның тауар сатып алу кезіндегі талаптарын орындау.
12. Тауар алмастыру операцияларын (бартерлік мәміле) жасағанда, қаржылық нәтижелерді анықтау мен өткізудің есебі жүктің кеден декларациясында көрсетілген ай-күн, жылға және мәміледе (шартта) қарастырылған құн бойынша жасалуын.
1З.Салық салу мақсаты үшін түсім мәміле сәтінде қолданылатын өнімнің (тауардың және басқа мүліктің) нарықтық бағаларына сүйеніп, есептелген деңгейден төмен болмауын қадағалау және т.б.
14. Аудитор банктегі: «Жолдағы ақша», «Чек кітапшаларындағы ақша», «Карт-шоттардағы ақша», «Банктердегі басқа да шоттардағы ақша» бөлімшесінің «Банктегі чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттарындағы ақша қаражаттары» арнайы шоттардағы ақша есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеруге ерекше назар ауарғаны жөн.
Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеруі қажет:
а) егер есеп айырысудың бұл формасы шартпен белгіленсе және жабдықтаушы сатып алушыны есептесудің есеп айырысудың түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе. Әрбір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептесуге арналған. Ол пошта немесе телефон бойынша ашылады. Аккредитивтің қызмет ету мерзімін тараптар келісім-шартта белгілейді. Аккредитивте қолма-қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңнамамен тыйым салынған;
ә) тұрғылықты жері бойынша дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшенің ағымдағы шот ашуының заңдылығы мен дұрыстығы. Ағымдағы шоттарды есеп шот ашуға мүмкіндік беретін белгілері жоқ кәсіпорындар: өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің өндірістік (құрылымдық) бірліктеріне; олардың тұрғылықты жерінен тыс жерлерге орналасқан, кәсіпорынның шаруашылық есептегі басқа бөлімшелеріне ашылады;
б) дара балансқа бөлінген құрылымдық бөлімшелерден баланстар мен басқа қажетті құжаттар ұсынылған ба?
в) дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелер шығынан негізгі өндірістің шығыстары немесе айналым шығындары (сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үшін) құрамына енгізудің негізділігі;
г) банктен алынған (егер мұндай операциялар орын алса) депозиттік сертификаттардың бар болуын;
ғ) бухгалтерлік өткізбе желілердің жасалу дұрыстығын, сонымен қатар «Банктердегі аккредитивтегі, чектердегі, карт-шоттарындағы және басқа шоттардағы ақша» бөлімшесінің, 3 журнал-ордері жазбаларында және Бас кітапта ескерілетін операциялар бойынша банк көшірмелеріндегі жазбалардың сәйкестігі.
Егер арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар валюталық шот жөніндегі тәртіппен атқарылады.
Аудитор жол-жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың (аударымның) кәсіпорынның ағымдағы шотына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың (көбінесе сауда түсімі) қозғалысы туралы ақпаратты оқып-білуі керек. «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері, банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме (ведомосттердің) көшірмелері негіз болып саналады.
Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте «Жолдагы ақша» шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың 3 журнал-ордерде және Бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.
Банк операцияларының аудиті жүргізілген операциялардың заңдылығын, дер кезінде тіркелуі және қаражаттардың дұрыс пайдалану мақсатында жүргізіледі.
Банк операцияларын тексеру кезінде анықталады:
- қандай банктік мекемеде шот ашылған (валюталық, ерекше, есеп айырысу);
- батапқы құжаттарда көрсетілген ақшаның банк көшірмесінің сомасымен сәйкестігін, аудитор есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу бойынша аудитор анықтайды;
- іс- сапар негізін (өнідірістік қажеттілік, бұйрықтың болуы, аванстық және өндірістік есептерінің болуы;
- іс-сапардың шығындар сомасын бухгалтерлік есепте субъектінің шығындары ретінде вычеты , ал салық салу мақсатында - алып тастау.
- тауарлы- материалдық қорлардың сатып алындағандығының құжаттарды және есептерде дұрыс көрсетілуі;
- есеп беру мерзімдерін ұстану және пайдаланбаған сананы қайтару.
Ақшалай қаржылар аудитінде банк операцияларын тексеруге көп көңіл бөлінеді. Аудиторлық тексерудің бұл кезеңінде банктегі ақшалай қаржылар шотындағы операциялардың заңдылығын, нақтылығын және шаруашылық негізділігі қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет