Вегетативтік жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесі орталықтағы және шеткерідегі болып екі үлкен топқа бөлінеді. Орталықтағы жүйке жүйесінің ядролары бас мида және жұлында орналасады. Шеткерідегі вегетативтік жүйке жүйесі вегетативтік түйіндерден (ганглия), вегативтік жүйке талшықтарынан тұрады. Вегетативтік түйіндер бас мидан алыста болады. Вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтары ми сауытының және жұлын жүйкелерінің құрамына кіреді.
Вегетативтік жүйке жүйесінің соматикалық жүйке жүйесінен ерекшіліктері бар.
1. Орталықтан шыққанан кейін шартты түрде вегетативтік түйіндерде тоқтап кейін түйіннен кейінгі талшықтар түрінде мүшелерді жүйкемен қамтамасыз етеді. Ал соматикалық жүйке жүйесінде жүйке талшықтары мидан шығып тікелей мүшелерге бағытталады.
2. Вегетативтік жүйке талшықтары жіңішке болады, оларда тітіркеніс баяу өтеді.
3. Вегетативтік жүйке талшықтары бірігіп, артерия қан тамырларының айналасында өмір сүреді.
Вегетаивтік жүйке жүйесінің талшықтары түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі болып екіге бөлінеді.
Орталық ядроларының және түйіндерінің орналасуына, қамтамасыз ететін мүшелерінің атқаратын қызметіне қарап вегетативтік жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық болып екі топқа бөлінеді. Бір мүшеге симпатикалық және парасимпатикалық жүйке әртүрлі әсер етеді. Мысалы: симпатикалық жүйке жүректің соғылуын жиілетсе, парасимпатикалық оған теріс әсер етеді, жүректің соғуын баяулатады.
Дененің тер бездерінде, қан тамырдың бұлшық еттерінде, көкбауырда, бүйрек үсті бездерінде, несеп ағарда парасимпатикалық жүйке тармақтары болмайды.
Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның VII мойын, барлық кеуде, 2-3 бел сегменттерінің бүйірдегі бағандарына орналасқан. Әр мүшенің өзіне әсер ететін симпатикалық жүйке талшықтары болады. Олар жұлынның белгілі бір сегметтерінен басталады. Мысалы: VII мойын сегментерінің бүйірдегі бағандарда, көздің қарашығын кеңейтетін симпатикалық орталықтар бар. Жұлынның 5 жоғарғы кеуде сегментінің бүйірдегі бағандарында жүректің қызметін жылдамдатын, бронхтар мен бронхиолаларды кеңейтетін орталықтар орналасқан. Кеуде және бел сегментінің бүйірдегі бағандарында вена тамырларының тер бездерінің қызметін реттейтін орталықтар бар.
Симпатикалық жүйке жүйесінің талшықтары жұлынның бүйірдегі бағандарының нейрондарының өсінділерінен тұрады. Олар VIIІ мойын сегментінен, 2-3 бел сегментінің бүйірдегі бағандарында орналасқан. Олардан шыққан 20-25 талшықтар омыртқа жотасының екі жағында пайда болады. Симпатикалық жүйке жүйесінің түйіндері бір-бірімен аралық талшықтар арқылы бірігіп, омыртқа жотасының екі жағында «діңгек» пайда болады. Симпатикалық діңгектің мойын бөлігі жоғарғы, ортадағы, төменгі түйіндерінен тұрады. Бұл түйіндер бір-бірімен бірігіп, мойын, кеуде (жұлдызша) түйіні пайда болады. Олардың ішіндегі ең ірісі жоғарғы мойын түйіні. Жоғарғы мойын түйіннен ішкі ұйқы жүйкесі тарайды. Ол осы аттас артерия қан тамырына бағытталып оның айналасында ұйқы торы пайда болады. Ұйқы торынан аттас артерияны, оның тармақтарын, көздің қарашығын, көз жас безін, сілекей бездерін, жұтқыншақ бездерін, көмекейді, тілді жүйкелендіретін тармақтар, жоғарғы мойын түйіннен жүректің симпатикалық жүйке торының құрылысына қатынасатын тармақтар шығады.
Орталық мойын торы тұрақты емес. Одан жүректі, қалқанша, қалқанша маңы безін, жоғарғы және алдыңғы көкірек аралықты, бас мидың, жұлынның қан тамырларын, қабықтарын жүйкелендіретін тармақтар шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |