Есту мүшесінің физиологиясы. Құлақ қалқаны дыбысты жинап құлақтың сыртқы есту тесігіне бағыттайды. Сыртқы есту жолы дыбысты дабыл жарғағына жеткізеді. Дабыл жарғағының керілген бөлігінде дыбыстың толқуынан тербеліс пайда болады. Дыбыс тербелісі дабыл жарғағынан дыбыс сүйекшелеріне өтеді. Дыбыс сүейекшелері келген дыбыстың амплитудасың төмендетіп күшін асырады. Одан кейін сүйекшелер тербелісті сопақша ұлу тесігі арқылы ішкі құлақтың ұлу бөлігіне жеткізеді, одан дыбыс толқыны ұлудың перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфаның тербелісі эндолимфа сұйықтығына беріледі. Екі сұйықтықтың тербелісі спиральды мембрананы толқынға келтіреді. Бұл толқын спиральды мембрананың үстінде орналасқан жүйке жасушаларды козғалысқа келтіреді. Жасушалалардың үстіңгі бетінде орналасқан шашты сезімтал өсінділері жапқыш мембранаға тиеді. Осы жерге дейін келген дыбыс толқыны жүйке импульске ауысады. Есту анализаторының өткізгіш бөлігінен басталатын сезімтал нейрондардың дендриттері дыбыс толқынын қабылдайды, ал аксондары кіреберіс жүйкесімен бірігіп, кіреберіс ұлу жүйкесі пайда болады. Қос жүйке ішкі есту жолымен жүріп есту тесігі арқылы ми сауытына шығады. Есту жүйке миға еніп, ми қыртыс асты орталықтарға жетіп (таламусқа, ортаңғы мидың төменгі төмпешіктеріне, метаталамустың ішкі тізелі денесіне), осы орталықтағы жүйке жасушаларының аксондары арқылы жүйке импульс есту жүйкесінің орталығына жеткізіледі–бас ми сыңарларының самай бөлігінің жоғарғы қатарында осы жерде жүйке импульс керсінше қайтадан дыбыс толқынына айналады. Адам дыбысты естиді.
Негізгі мембрананың үстінде дыбыс толқынын қабылдайтын жасушаларды (Кортиев мүшесі) деп атайды. Одан кіреберіс-ұлу жүйкесінің ұлу бөлігі басталады. Негізгі мембранада 2 түрлі рецепторлық түкті жасушалар орналасқан: ішкі және сыртқы. Ішкі жасушалардың саны 3500-ге жетеді. Сыртқы түкті жасушалар саны 3-4 қатардан тұрады, саны 12000-20000. Түкті жасушалардың үстіңгі жағында жабынды мембрана орналасады. Дыбыс әсерінен негізгі мембрана тербеле бастайды, рецепторлардың түктері жабынды мембранаға тиіп майысады. Осы жасушаларға жеткен дыбыс толқыны жүйке импульске ауысады. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы енген дыбыс толқыны дабыл жарғағын тербетеді.
Бұл тербелу есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесіне, одан перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығының толқыны ұлудың ұшына жетіп, эндолимфа сұйықтығын тербелейді. Екі сұйықтықтың тербелісі негізгі мембрананы тербелетіп, үстінде орналасқан түкті жасушалар жапқыш мембранаға тиіп, дыбыс жүйке импульске айналады. Жүйке импульс ұлу-кіреберіс жүйкенің ұлу бөлігі арқылы ми сауытына өтіп, қозу ми бөліктермен жүріп (аралық мидың таламусымен, ортаңғы мидың төменгі төмпешектерімен өтіп) есту алаңына жетеді-ми қыртысының самай бөлігінің жоғарғы қатпарына. Осы жерде жүйке импульс қайтадан дыбыс толқынына ауысады. Ал кіреберіс бөлігінен қозу сопақша мимен мишыққа жеткізіледі. Мишық жоғарғы тепе-теңдік мүше болып саналады.