Естудің сенсорлық жүйесі Ұлудың «Спираль мүшесі немесе Кортиев мүшесі» 5 қатар жүйке жасушалардан түзілген. Оның құрамында 24000 жүйке жасушалары бар. Әр жасушаның үстіңгі бетінде 60-70 ке дейін сезімтал шашты өсінділер орналасқан. Ұлуды бөліп тұратын негізгі пластинка арфаның шегіне ұқсайды. Олардың қысқалары ұлудың негізінде, ал ең ұзындары оның ұшында болады. Бұл дыбысты толқынын қабылдайтын ауа жолы. Сонымен қатар сүйек жолы бар екені анықталған. Әрбір потологиялық себептерінен дыбыс толқыны сыртқы және ортаңғы құлақпен өтетін жағдайда, дыбыс бас сүйектер арқылы өткізіледі. Бас сүйектер (самай және төбе сүйегі) дыбысты тікелей ішкі құлаққа өткізеді. Осындай жағдайда дыбыс толқынын қабылдайтын есту аппараттары қолданылады.
Тепе-теңдік орган:кіреберістен және 3 жартылай иірімді каналдардан түзілген. Соңғы құрамы 3 түрлі жазықта: жоғарғысы-фронтальды, артқысы-сагитальды, сыртқысы-көлденең орналасқан. Әрбір каналдың бір аяғы кеңейтілген - ампула деп аталады, оларда қысым өзгерістеріне сезімтал рецепторлар болады. Кіреберістің құрамына 2 кеңістік кіреді, біреуі қапшық, екіншісі жатыр деп аталады. Қапшық пен жатырдың рецепторлы жасушаларының үстіңгі құрамында карбонат Са-і бар кристаллдар орналасады. Адамның басы, денесі қозғалғанда,еңкейгенде, жүгіргенде басқа қозғалыста рецепторлық жасушалар қозып, жүйке импульс ұлу– кіреберіс жүйкенің кіреберіс бөлігі арқылы ми сауытына шығып, сопақша миға одан әрі мишыққа жетеді. Бұл айтылған – дыбыс толқыны ми қыртысына ауа жолы арқылы жеткізіледі. Екінші жолы – сүйек жолы деп аталады. Бас сүйектері дыбыс толқынын жақсы өткізеді. Сыртқы дыбыс тесігін жауып, камертонды төбе сүйекке немесе самай сүйектің емізікші өсіндісіне қойса, адам дыбысты естиді. Дыбыс толқыны бас сүйегінен өтіп, тікелей ішкі құлақтың жоғарғы кіреберіс сатының және төменгі дабыл сатының перилимфасын тербелейді. Осы перилимфаның тербеленуі ұлу бөлігінің эндолимфасын тербелейді,бұл тербелену негізгі мембранадағы түкші сезім жасушаларды қоздырады. Осы жерде дыбыс толқыны жүйке импульсқа ауысып, өзінің әдеттегі жолымен жүріп, мидың самай бөлігіне жоғарғы қатпарына жеткізіледі-есту алаңы орналасады. Әртүрлі жағдайда адам ауа жолымен естімесе, сүйек жолын қолданады.