құрылғанына 35 жыл
№10 «Балапан» балабақшасы жалпы 6 топтық типті балабақша. Жоба бойынша 140 балаға арналған.
Қазіргі кезде 5 жалпы топ, 1 арнаулы топ, (тіл кемістігіне байланысты) жұмыс істейді.
Балабақшада ата-аналардың сұрауы бойынша ақылы үйірмелер-ағылшын тілі, би, спорт үйірмелері бар. Балабақшада ән-күй залы, ойын бөлмесі, ұйықтайтын бөлме, медициналық пункт, асхана, кір жуатын орын жұмыс істейді.
Барлық ерекшеліктеріне байланысты бағдарлама бойынша оқу жылында тәрбие-білім жұмысы жүргізіледі.
Қалалық мәдени шараларға белсене қатысып, бағдарлама бойынша білім-тәрбие жұмыстары жүргізіліп отырады. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуда, олардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда ауқымды шаралар өткізіліп келеді. Балалармен жүргізілетін сауат ашу, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру секілді оқу іс-әрекеттері құзіреттілік бағытында жүргізіледі. Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын меңгерте отырып, эстетикалық талғамын кеңейту, сурет салу дағдысын, елестету қабілеттерін және шығармашылығын дамыту жұмыстары алға қойылған.
ӘДЕБИЕТТЕР
Балабақша құжаты //№10 «Балапан» балабақшасы, Дмитриев көшесі, 106 үй.
Берекетова, А. Бөбектер бақыты - басты мақсатымыз /А. Берекетова //Жайық үні.- 2003.-30 мамыр (№24).
Ғабділдақызы, А. Балалардың сөздік қорларын дамыту жолы /А.Ғабділдақызы //Отбасы және балабақша.- 2002.-№5.-Б.5-8.
Иманбаева У., "Қош келдің әз - Наурыз" /У. Иманбаева //Бала мен балабақша.- 2014.- №8.- 31 б.
Мұратқызы В. Балалықтың бал шағы /В. Мұратқызы //Жайық үні.- 2009.- 4 маусым. (№23).
№21 «РОСИНКА» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМЫ
Достарыңызбен бөлісу: |