Бауырдың биологиялық қызметі


Натрий алмасуының жалпы сипаттамасы



бет12/22
Дата23.04.2020
өлшемі61,63 Kb.
#64499
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
Биохимия Бауыр, буйрек Салта
Range нысаны және оның туындылары
Натрий алмасуының жалпы сипаттамасы. Натрийдің биологиялық ролі. Натрий ағза үшін аса маңызды электролиттік элемент және келесі аса қажетті биологиялық қызметтерді атқарады: -1. Натрий жасушасыртылық сұйықтықтың негізгі катион (натрий жасушасыртылық ион) және ол жердегі осмостық қысымды қалыптастырып ұстайды. Натрийдің шығарылуы мен ағзаға түсу мөлшеріне тәуелді: - жасуша сыртылық сұйықтық көлемінің реттелуі; - қан плазмасы көлемінің реттелуі (себебі, натрийдің 1 ионы судың 400 молекуласын осмостық байланыстырады, өйткені су қашанда жоғары қысым жағына қарай ығысады); - 2. Натрий жасуша мембранасында электрохимиялық потенциалдың пайда болуы мен ұсталуына, сонымен бірге жүйке импульсі берілуіне де қатысады. – 3. Қышқылдық-сілтілік гомеостаз реттелуіне қатысады. Бірінші реттік несептен натрий ионының реабсорбциялануы және каналшалар қуысына протондарды секрециялауы үдерісі – бұл ағзадан метаболизмнің қышқылдық өнімдерін шығарудың соңғы негізгі механизмі болып табылады. Na+-ның ағзада жетіспеушілігі кезінде қышқылдық өнімдер шығарылуы бұзылады және ацидоз даму мүмкіндігі пайда болады.

Натрийдің тәуліктік қажеттілігі, ағзада таралуы және деполануы. Натрийдің тәуліктік қажеттілігі - 215 ммоль/тәу. немесе 5 г. Натрий ағзаға негізінен NaCl (ас тұзы) түрінде көп мөлшерде (ағзаға қажеттіліктен артық мөлшерде) түседі. Бұл негізінен ұлттық менталитке, дәм сезінудің индивидуалдық ерекшелігіне тәуелді өтеді.

Адам ағзасындағы натрийдің жалпы үлесі - 1,5 г/кг. Натрийдің ағзада таралуы: - сүйек ұлпасында - 43%, жасуша ішілік сұйықта - 7%, жасуша сыртылық сұйықта – 50%.

Натрийдің 85%-і ионданған (Na+ ) формасында бос күйінде болады, ал қалған бөлігі протеиндермен комплекстер формасында кездеседі.

Денісау адамның, қалыпты жағдайдағы, қансарысуындағы натрий мөлшері – 130 – 150 ммоль/л құрайды.

Гипонатриемия – кезінде: - қантамырлары тонусы төмендейді, соның нәтижесінде АҚс (артериялық қысым) төмендейді. Олигурия дамиды. Гипонатриемияның ауыр түрлерінде (натрий концентрациясының 100 ммоль/л –ден төмен болған кезінде) сананың шатасуы, тырысу, мидың ісінуі дамуы мүмкін және олар ары қарай қауіпті асқынуларға әкеледі.

Гипернатриемия – кезінде: - тахикардия, АҚс жоғарылайды. Гипернатриемияның ауыр түрлерінде бүйрек қызметінің жетіспеушілігі мен кома жағдайы дамиды. Гипернатриемия бүйрек ауруларының, жүрек жұмысы жетіспеушілігі, бауыр циррозы патогенезінің жетекші факторы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет