Базальды қабат


Қатты шанкр клиникалық ерекшелігі



бет16/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

12.Қатты шанкр клиникалық ерекшелігі
Аурудың көзге көрінетін алғашқы белгісі қатты шанкр. Қатты шанкр көлемі 1 см-ге дейін, кейде одан да үлкендеу болатын, тостағанша тәрізді және айқын шекаралы, дұрыс дөңгелек немесе сопақша пішінді жекелеген эрозия түрінде болады. Ауру белгісі пайда болғаннан кейінгі бір апта ішінде жара маңайындағы бездер үлкейіп ісе бастайды. Бірақ, ол жанға батып ауырмайтындықтан, сырқаттың оған көңіл аудармауы да мүмкін. Ауру жұққаннан кейін бір жарым-екі айдың ішінде де сырқаттың жалпы көңіл-күйі пәлендей өзгере қоймайды, бірақ, аздаған әлсіздік, буындардың сырқырауы, дене қызуының ептеп көтерілуі байқалады. Шанкр-панариций бұл кезде шеткі фаланг ісінуі , ауырсыеу сезімі болады. Индуративті ісіну науқастарда көбіне ісінулер болады. Шанкр-амигдалит бір бадамша безінің ұлғаюы және тығыздалуымен білінеді
Баспатәрізді шанкрде эрозия мен жаралар болмайды, мұнда тек бадамша безінің бір жақты ұлғаюы байқалады. Ол мыс тәріздес – қызыл түсті, ауырсынусыз, тығыз болады. Процесс баспаның біржақтылығымен, ауырсынудың болмауы мен жедел қабынулы гиперемиямен ерекшеленеді.
13.Эпидермистің негізгі патогистологиялық өзгерістері(гиперкератоз, паракератоз, спонгиоз,акантиоз)
Паракератоз— эпидермис клеткаларының мүйізгектену процесінің бұзылуы. Бұл жағдайда клеткалардың ядросы сақталып, түйіршекті қабаты жойылады.
Гиперкератоз - бұл мүйіз қабаты жасушаларының бөліну жылдамдығының жоғарылауымен және олардың десвамация процесінің бұзылуымен байланысты тері ауруы. Көп жағдайда бұл ихтиоз, эритродерма, қынап және басқа патологиялармен қатар жүретін мүйіз қабатын өзгерістеріне алып келетін ауру.
Спонгиоз- эпидермисте қабыну дамуынан тінаралық немесе жасуша аралық кеңістіктерге сұйық жиналып ісінуі. Бұл кезде эпидермистің бүртікті қабаты жасушаларының арасына көптеп сірнелі сұйық жиналады. Содан жасуша аралық кеңістіктер кеңейіп, олардың өзара байланыстары үзіліп кетуінен қуыстар пайда болуы мүмкін. Осы жағдайды везикуляция дейді. Ісінген эпидермис сорғыш зат сияқты болып өзгереді. Спонгиоз дамуы осмостық қысымның терінің өзіне қарағанда эпидермисте артып кетуінен болады. 
Акантоз- клеткалардыңқалыңдап, жуандауы. Бұл кілегей қабықта кездесетін көптеген созылмалы ауруларға тән. Мысалы, қызыл теміретке ауруларында кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет