Базальды қабат


Тері бөртпелерінің біріншілік элементтері



бет18/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

17.Тері бөртпелерінің біріншілік элементтері. Бөртпенің біріншілік элементтеріне дақ, күлдіреуік, көпіршік, іріңдік, түйінше, төбешік пен түйін. Дақ-Терінің шектелген аймағында терінің түсінің өзгеруі. Тері деңгейінен жоғары шығып тұрмайды, қуысы жоқ, із қалдырмай жазылып кетеді немесе тұрақты сақталады. Күлдіреуік-Терінің деңгейінен жоғары шығып тұратын, тез пайда болып, тез жойылып кететін, терінің емізікше қабатының ісінуінен пайда болатын, қуыссыз элемент.
Көпіршік-біріншілік қуысты құрамында сұйытығы бар тері бетінен көтеріңкі экссудативті элемент. Іріңдік-тері деңгейінен көтеріңкі құрамында іріңі бар экссудативті қуыстық элемент. Түйінше-қуыссыз, тері беткейінен көтеріңкі, тыртық не тыртықты атрофиясыз жазылатын қатты элемент. Төбешік- қуыссыз, жедел қабынбаған, тері деңгейінен көтеріңкі, жиі жара түзіп, соңында тыртық не тыртықты атрофиямен бітетін инфильтративті элемент. Түйін-тері асты шел майында орналасатын ірі көлемдегі – 2-3см-ден көп, біріншілік қуыссыз инфильтративті жедел қабынулық емес морфологиялық элемент
18.Бастың шашты бөлігінің инфильтративті іріңді трихофитиясы-T.gypseum және T.verrucosum зоофильді трихофитондармен шақырылады. Жасырын кезеңі 1-2 айға созылады.Типті ағымында бірең-сараң, гиперемияланған, айтарлықтай шектелген, инфильтрацияланған және көп мөлшерде іріңді қабыршақтармен жабылған ірі зақымдалу ошақтары пайда болады. Осы қабыршақтарды алып тастағанда ірің әрбір фолликулалардан бөлінеді, бірақ алғашқысында қарағанда науқаста бір үлкен және терең абсцесс болады. Осыған байланысты аурудың «фолликулярлы абсцесс» деген басқа атауы бар. Әрбір фолликуладан бөлінетін ірің, балға ұқсайды. Инфильтративті-іріңді трихофитияда мұрт және сақал аймағында (sycosis parasitaria) көптеген, бірақ бастағыдай ірі емес, клиникалық белгілері бастың зақымдануларына ұқсас, зақымдалу ошақтары пайда болады.Тегіс терінің инфильтративті-іріңді трихофитиясында сау теріден айқын шектелген, инфильтрацияланған, пластинкалы қабыршақтармен жабылған, гиперемияланған қабыршақ (қатпар) түзіледі, оның бетінде көптеген фолликулярлы пустулалар және іріңді қабыршақтар бар. Шетіне қарай үлкейіп, ірі мөлшерлерге жетеді (диаметрі 5 см және жоғары), бірнеше аптадан кейін өздігінен жазылады, гиперпигментация, ал кейде атрофиялық тыртық қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет