31. Мерездің екінші кезеңі. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі.
Мерездің екіншілік кезеңі ауру жұққаннан соң орташа 10 аптадан кейін дамиды және екіншілік сифилидтердің пайда болуынан 7-10 күн бұрын продромальді көріністерден басталады. Жиі ол әйелдерде немесе әлсіреген науқастарда болады және уақыт бойынша бозғылт трепонемалардың қанмен таралу кезеңімен сәйкес келеді. Әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, адинамия, бас ауыруы, бұлшықеттегі, сүйектегі, буындардағы ауырсыну (ауырсынудың түнде күшеюі мерезге тән), дене қызуының жоғарылауы болады (37,5-38оС,сирек 39- 40оС дейін). Жиі мұндай жағдайды тұмаумен шатастырады, бұл өз кезегінде мерез диагностикасын қиындатады. Бұл кезеңде қанда лейкоцитоз, анемия болады. Негізінен, мерездің екінші кезеңінің клиникалық белгілері пайда болғаннан соң, науқастардың бәрінде бірдей бола бермейтін продромальді көріністер жоғалады. Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі және т.б. өзгерістер болады. Ем жасалмаса ауру бірнеше жылдын ішінді қайталанады. Бөртпелердің аралығында оң серологиялық реакциялар негізінде екіншілік жасырын мерез диагнозы қойылады.
Дақты сифилид
Папулезді сифилид
Пастулезді сифилид
Безеу тәрізді (акнеформды) пастулезді сифилид
Шешек тәрізді пастулезді сифилид
Импетигинозды пастулезді сифилид
Эктиматозды пастулезді сифилид
Рупиоидты пустулезді сифилид
Пигментті сифилид (мерездік лейкодерма)
Мерезлік алопеция
Дақты сифилид (розеолезды)
Кілегей қабаттарының папулезді сифилиді
32. Еркек созы. Қоздырғышы, жұғу жолдары.
Гонорея – жыныс жолымен берілетін және нейссерия тұқымдастығының гонококктарымен шақырылатын инфекциялық ару. Ер адамдарда зәр шығару жолдарының, әйел адамдарда уретра мен жатыр мойнының жедел қабынуымен көрінеді. Дәл осы белгілер ІІ ғасырда Галенге гонорея терминің ұсынуға түрткі болған. Дегенмен бұл атау ауруды толық сипаттай алмайды, оның аудармасы – ұрық ағу, бұл атау бленнорея, триппер атауларын толығымен ығыстырды. Бірақ, зәр шығару жолынан ірің ағумен көрініс беретін ауру Галенге дейін белгілі болған. Тек 1879 ж неміс ғалымы Нейссер уретритпен ауыратын науқастың іріңінен микроорганизмді анықтағаннан кейін ғана, бұл ауру жеке жыныс жолының ауруы ретінде сипаттала бастады. Этиологиясы. Қоздырғышы – гонококк – грамтеріс бұршақ тәрізді диплококк, ұзындығы 1,25-1,6 мкм және еңі 0,7-0,9 мкм. Гонококктар барлық анилинді бояғыштармен боялады. Жедел процесс кезінде боялған жұғындыларда лейкоциттердің ішінде көптеген гонококктарды анықтайды. Кеш (созылмалы) кезеңдерінде іріңді бөліністер аз болады және гонококктарды анықтау үшін культуральді диагностикаға жүгінуге тура келеді. Сканирлеуші электронды микроскопта қарағанда гонококктардың беткейінен жіңішке түтікшелі жіпшелерді анық көруге болады, оларды пили деп атайды, гонококктардың генетикалық жағынан кейбір қасиеттерді бере алу қасиетін сонымен әсіресе, антибиотиктерге тізімділік қасиетін байланыстырады. Гонококктардың кейбір штаммдары пенициллиназаны бөледі, ол олардың пенициллин мен оның дериваттарына төзімді болуына мүмкіндік береді. Көптеген елдерде дұрыс емес емдеген кезде пенициллиназаны немесе ß-лактамазаны бөлетін гонококктар көбейген. Еркектерге гонококктардың жұғуы көбіне медициналық көмекке жүгінуге мәжбүр ететін субъективті симптомдармен көрінеді. Әйел адамдарда гонококкты инфекция жиі аз немесе мүлдем белгісіз өтеді, сондықтан бұл кезде инфекция олардың жыныстық партнерлерін тексергенде немесе асқынулар дамыған кезде ғана анықталады. Мұнымен әйел адамдардың бұл ауру кезінде медициналық көмекке аз жүгінетіндігін түсіндіруге болатын шығар. Бұл инфицирленудің жоғары қауіптілігі бар әйел адамдарды гонореяға скринингтік тексеруден өткізу керектігін көрсетеді. Негізгі жұғу жолы – жыныстық жол. Инкубациялық кезең 5-7 күн құрайды, 2 аптаға және одан да көпке созылуы мүмкін. Жыныстық емес жұғу жолы (науқастпен бір төсек орынның, зәрге отыратын түбектің, жеке бас гигиенасы заттардың болуы) балаларда жиі кездеседі. Нәрестеге осы дертпен ауру анасының туылу жолдарынан өткенде жұғуы мүмкін. Гонококк зәр шығару түтіктерінің, тік ішектің, қынаптың, ауыз қуысының, мұрынның, көмейдің, коньюнктивалардың кілігей қабаттарын зақымдайды. Процесс парауретральды бездерге, куперов бездеріне, ұрықтық көпіршіктерге, аналық бездерге және оның қосымшаларына, ұрық шығару өзектеріне, зәр қабы асты безіне, жатырға және оның қосымшаларына таралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |