33.Ит емшек.Гидраденит (итемшек – Hydroadenitis) – орталық некротикалық серіппесі жоқ апокринді бездердің (қолтықасты, шап қыртыстары, кеуде емізіктері аймағы, анальді тесік) іріңді
қабынуы. Трихофитиялық гранулема жиі бастың шашты бөлігі мен сақал шығатын иекте орналасады.
Шамалы қышу байқалады, содан соң тері асты шел майында, инфильтрат аймағында аурсыну байқалады. Инфильтраттың үстінде (үлкен түйін немесе бірнеше түйін түрінде) терінің қызаруы байқалады да, іріңдік (абсцесс) қалыптасады. Олрадың ортасында флюктуация
белгіленіп, жақында олар жарылып, қою, жасыл-сары ірің бөліне бастайды. Содан соң қабыну көрінісі азайып, инфильтрат біртіндеп сорылып кетеді. Гидрадениттың даму шыңында дене қызуы көтеріліп, дәмкәстік байқалады. Эволюциясы 10-15 күн жүреді, кейде созылып кетеді.
34.Табан микозы(клиникалық түрі,емдеу,алдын алу)Аяқ басы микозы – әлемнің барлық мемлекеттерінде кездесетін өте кең тараған ауру. Халық арасында кейбір топтар (жүзушілер, монша жұмысшылары, спортшылар, цех жұмысшылары, шахтерлер және т.б.) ауру пайызы жоғары.Аяқ басы микозының негізгі қоздырғыштары T.rubrum және T. interdigitale. Біріншісі – табан терісі мен тырнақтарды, башпайларды және тері жамылғысының басқа да аймақтарын, екіншісі – тек қана тері мен тырнақ пластинкаларын зақымдайды. T. Rubrum-мен шақырылатын микоз башпайлардың қыртысының терісінен бастап, табан терісін де зақымдайды. Аяқ басы микозының клиникалық көріністерінің әртүрлілігіне байланысты сквамозды, интертригинозды, дисгидротикалық түрлерін ажыратадыСквамозды түрі. Аяқ ойығының терісі аздап гиперемияланған аймағында айқын емес қабыршақтану байқалады. Қабыршақтану аз ғана немесе үлкен аймақты алып жатуы мүмкін. Кей жағдайда науқастарда тұрақты емес және аздаған қышу болады. Аурудың бұл түрі науқастарға білінбейді, сондықтан эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Процесстің өршу кезінде сквамозды түрі дисгидротикалыққа және, керісінше, дисгидротикалық түрі сквамозды болып аяқталуы мүмкін.Интертригинозды түрі. Аяқ басы микозының жиі кездесетін клиникалық түрі болып табылады. Өздігінен дамуы мүмкін, бірақ жиі айқын емес сквамозды түрінен дамиды. Процесс жиі 4–5-ші, сиректеу 3–4-ші башпайлардың қыртыстарының арасынан бастап дамиды.Сулану, әртүрлі қарқынды қышу, кейде ауырсыну пайда болады. Процесс өте жиі ұзақ өтеді, қыс мезгілінде азайып және жылдың жылы мезгілінде өршиді. Интертригинозды түрінде мүйізгекті қабатының болбырлануы стрептококкты инфекцияның енуіне және тромбофлебиттің, созылмалы рецидивті балтыр тілмесінің дамуына алып келеді.Дисгидротикалық түрі жедел ағымды және табан күмбезі аймығында диаметрі 2 мм-ден 6-8 мм-ге дейінгі көпіршіктердің болуымен сипатталады. Көпіршіктер қосылып,
көп камералы көпіршіктер түзеді. Процесстің интертригинозды түрі патологиялық ошақ түзе отырып, аяқ басының сыртқы және ішкі бүйір беткейіне жайылады. Субъективті қышу және ауырсыну байқалады. Инфекция қосылған кезде көпіршіктердің құрамы лайлы болады, оларды ашқанда ірің бөлінеді, лимфангит және лимфаденит дамуы мүмкін. Қабыну реакциясының азаюына қарай, эпителизацияланған және зақымдалған ошақ сквамоздыға айналады. Әдетте, процесс бір жақты болады. Бұл форма ұзақ, торпидті ағымды болып келеді, рецидивке және асқынуға бейім, әсіресе көктем және жаз айларында кездеседіT. interdigitale-мен шақырылатын табан микозында руброфитиямен клиникалық көрінісі ұқсас, бірақ саңырауқұлақтың аллергизациялау қабілетіне байланысты ауру қабыну көріністерімен бірге жүреді, экземаға ұқсас келеді.Гиперкератикалық формасы – аяқ басының күмбезінде құрғақ тегіс папулалар, шамалы лихенифицирленген нуммулярлы қызылдау, қызыл-сары қатпарлар байқалады. Бөртпенің беті, әсіресе ортасында, әртүлі қалыңдықтағы сұр-ақшыл, шекарасы айқын қабыршақтың қосарлануымен жабылған. Шетінде сылынған эпидермистің жиегі, бірең-сараң көпіршіктер байқалады.
Бөртпелер серпигинирлеуші диффузды, табанды түгел, табанның үстінгі бетін және қапталын қамтитын үлкен мөлшерлі ошақ құрайды. Түлейтін аймақтармен қатар бетінде жарық бар, сары түсті, шектелген немесе диффузды типтес гиперкератотикалық құрылымдар кездеседі.Субъективті терінің құрғауы, орташа қышу, кейде ауырсыну байқалады. Гиперкератотикалық формасы жиі сквамоздысымен қосарланады (сквамозды-гиперкератотикалық). Жедел аяқ басы микозы жалпы әлсіздікпен, бастың ауруымен, қызбамен, шап лимфаденитімен және микидтердің (фитидтер) пайда болуымен – екіншілік жайылған аллергиялық бөртпелермен білінеді. Ауру 1-2 айға созылады және салыстырмалы түрде емделеді, бірақ рецидивтер болуы мүмкін.
Емі.Шамалы білінетін түрі. Кез-келген дәрілер түрін қолдануға болады: құрамында экзодерил, ламизил, кетоконазол
(низорал), циклопирокс (батрафен), бифоназол, нафтифин, фунготербин, залаин бар ертінділер, спрейлер, кремдер, жақпамайлар.Сквамозды-гиперкератотикалық түрі. Мүйізделген қабаттарды жою үшін табанға 5, 10 немесе 15% салицил вазелинін тәуілігіне 1-2 рет (түнге май сормайтын қағаз астына) мүйізді масса толық жойылып кеткенше қолданады.Интертригинозды түрінде – спрей ламизил, травокорт, мырышты паста қолданылады. Баздану, мацерация жойлып, жарықтар эпителизацияланғаннан кейін, әдетте, сыртқы әсерлі саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (экзодерил, ламизил, циклопирокс- батрафен және басқалар) қолданады.Аяқ басы терісінде жедел қабыну көріністерінде (дисгидротикалық түрі, жедел түрі) экземадегідей жүргізеді.Сыртқа қолданылатын дәрілік заттардан бор қышқылы (2%), резорцинол (2%), күміс нитраты (0,25%), 0,01% мирамистин және басқалар қолданады;
Достарыңызбен бөлісу: |