46. Бастың шашты бөлігінің саңырауқұлақ ауруларын емдеуі.
Емі. Микроскопиямен ауыратын науқастардың ең тиімді емі болып фунгистатикалық антибиотик гризеофульвин қала береді. Оны ішуге 22 мг/(кг*тәул) күніне 3 рет шай қасық өсімдік майымен саңырауқұлақ анализінің 1-ші теріс мәніне дейін, содан кейін сол дозада 2 апта бойына күнара және 2 апта бойна аптасына 2 рет есебінентағайындалады.
2–3 жасқа дейінгі балалар емінде гризеофульвин таблеткаларын 1 мл құрамында препараттың 0,015 г бар суспензияға алмастырады.
Ішке антибиотик қабылдаумен бірге сыртқы ем жүргізіледі: бастағы шашты аптасына 1 рет қырып тастайды. Кремдер мен жақпамайлар (кетоконазол, бифоназол, клотримазол, оксиконазол, немесе ошақтарға 10% күкіртті – 3% салицил жақпамай немесе 2% йодты-спиртті тұнбасын алмастырып жағады) қолданылады. Ем әдетте 4–6 аптағасозылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы формасында 10 күндік аралықпен 2–3 рет эпидермистің мүйізгекті қабатынажыратады.
Инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы заттарды ылғалдандыру түрінде бастайды (калий перманганаты ерітіндісін 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000 тәулігіне 2–
3 рет, 1–2 күн аралағында), содан кейін емін антимикотикті кремдер мен жақпамайлармен жалғастырады.
Емі. Трихофитиямен ауыратын науқастардың емін аурухана- ларда немесе амбулаторлық жағдайларда жүргізуге болады.
Жүкті әйелдерді мерзімінде тексеріп, арнамалы ем жүргізудің маңызы зор. Осы мақсатпен міндетті түрде жүктіліктің бірінші және екінші жартысында үш реттік серологиялық тексеру жүргізеді.
Әйелдер кеңестік емханасында барлық мерезбен ауыратын әйелдер және сауыққан әйелдер туралы мәліметтер болу керек. Мерезбен ауыратын жүкті әйелге арнамалы ем жүргізгеннен соң және аурудың жұқпалы көріністерін жойғаннан кейін, түсік жасауға рұқсат беріледі. Егер мерезбен ауыратын әйел босанамын деп шешсе, оны перзентхананың белгілі бір бөлімшесіне жолдап, бұрын жасалмаған клиникалық және серологиялық тексерістерді жүргізеді. Егер күмәнданған серологиялық реакциялар болған жағдайда ретроплацентарлы қанды қайта тексереді. Бұл жағдайда олар арнамалы оң болады. Алайда, босануға дейін және босанғаннан соң 10–20 күнде серологиялық реакциялар жалған оң болуы мүкін, сондықтан әйелдер консультациясында осы мерзім аяқталғанша әйелді тексеру керектігін есте сақтау қажет. Сифилиске серологиялық зерттеулер екі рет жасалады – жүктіліктің бірінші және екінші жартысында. Жүкті әйелдерде сифилистің активті немесе жасырын түрлерін анықтағанда тек қана антибиотикпен емдейді.
Қарсы көрсеткіштер болмаса, гризеофульвин ересектерге 12,5 мг/(кг*тәул) есебінен (ішуге), 1 г артық емес және 18 мг/(кг*тәул) балаларға тағайындайды. Антибиотикті күніне 3 рет шай қасық өсімдік майымен, саңырауқұлаққа анализ теріс болғанға дейін қабылдайды, кейін сол дозамен 2 апта бойына күнара, және 2 апта бойна аптасына 2 реттен қабылдайды.
Гризеофульвинді тербинафинге (тамақтан кейін 250 мг/кг ересектерге (ішуге) 5-6 апта бойына) немесе итраконазол (100 мг/тәул 4-6 апта) ауыстыруға болады.
Тегіс тері немесе бастың шашты бөлігіне (аптасына 1 рет қырады), жағуға крем немесе жақпамай (кетоконазол, бифоназол, клотримазол, оксиконазол немесе күкірт-салицил жақпамайның 2% йодтың спирттік тұндырмасында – ертеңгісін йодпен, кешке – жақпамаймен) қолданылады. Ем әдетте 4-6 апта созылады.
Бастың шашты бөлігінің беткей трихофитиясының созылмалы формасында 10 күндік үзіліспен 2-3 рет эпидермистің мүйізді қабатын ажыратып алады.
Трихофитияның инфильтративті-іріңді формасының емінде қабынуға қарсы дәрілерден (калий перманганатының ерітіндісі 1:6000, риванол 1:1000, фурацилин 1:5000, тәулігіне 2-3 рет 1-2 күн бойына) бастайды. Содан кейін 10% күкіртті-қарамай жақпамайы инфильтрация жойылғанға дейін қолданады, сонысын антимикотикалық жақпамайлар мен кремдермен емдеуді жалғастырады.