43.Мерездің екіншілік кезеңінің жалпы сипаттамасы.Мерездің екіншілік кезеңі ауру жұққаннан соң орташа 10 аптадан кейін дамиды және екіншілік сифилидтердің пайда болуынан 7-10 күн бұрын продромальді көріністерден басталады.Жиі ол әйелдерде немесе әлсіреген науқастарда болады.Әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, адинамия, бас ауыруы, бұлшықеттегі, сүйектегі,
буындардағы ауырсыну (ауырсынудың түнде күшеюі мерезге тән), дене қызуының жоғарылауы болады (37,5-38оС,сирек 39- 40оС дейін).Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі және т.б. өзгерістер болады. Ем жасалмаса ауру бірнеше жылдын ішінді қайталанады.Бұл сатыда науқастардың 1/3 бөлігінде қатты шанкр сақталады немесе оның қалдықтары пигментация, атрофия немесе тыртық ретінде сақталады; жергілікті лимфаденит және полиаденит. Стандартты серологиялық реакциялар 100% науқастарда оң мәнді. Кейін біртіндеп емдеусіз бөртпелер ізсіз жойылады, яғни мерездің жасырын кезеңі дамидыейінгі клиникалық рецидивтер 25% науқастарда байқалады: 2/3-де рецидивтер сырқаттың 6-айының соңында, сирек 1-2-жылдың соңында және 5-жылдан кейін ешкімде көрініс бермейді.Мерездің екіншілік рецидивтеуші түрінде бөртпелер шектеулі, ассиметриялы, топтасқан, пішіндері жүзік, доға, гирлянд тәрізді орналасады. Бөртпелердің саны әр рецидив кезінде азаяды.
Терінің және кілегей қабаттың қабынбалы өзгерістері дақты, папулезді, пустулезді, везикулезді болады(екіншілік сифилидтер).Екіншілік сифилидтер жалпы клиникалық көріністермен көрінеді:
1) біртіндеп, бәсең, білінбейтін ағыммен жүреді,яғни науқас субъективті белгілерді сезбейді;
2) терінің және кілегей қабаттың кез келген жерінде орналасады;
3) жедел қабыну белгілері болмайды;
4)бөртпелер анық дөңгелек немесе сопақша пішінді;4) морфологиялық элементтердің шынайы және жалған полиморфизмі;
5) екіншілік сифилидтер негізінен қызғылт түсті болады. Тек бастапқыда ашық қызғылт түстіболады; кейін бұлыңғыр түске ауысады.6) сифилидтер шектеліп орналасады.
7) сифилидтер пайда болу кезеңінде дене қызуының жоғарылауы байқалмайды.
8) жоғары залалдылық байқалады, әсіресе эрозивті түрлерінде;
9) специфиялық терапиядан екіншілік сифилидтердің тез жазылуы байқалады.
Дақты сифилид
Дақты сифилид (syphilis maculosa, roseola syphilitica) —мерездің екіншілік кезеңінің жиі кездесетін морфологиялық элементі. Ол барлық екіншілік балғын, сирек-екіншілік рецидивтеуші және өте сирек үшіншілік мерезде кездеседі.
Розеола гиперемиялық дақпен сипатталады,оның түсі күлгіндеу және ашық қызыл түске дейін ауысып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |