69.Созылмалы дерматозы бар науқастарды клиникалық тексеру. 69. Созылмалы дерматозы бар науқастарды клиникалық тексеру
● Науқастарды клиникалық тексеру үшін сұрастыру және жалпы қарау жүргізе отыра, тиімді диагностикалық шараларды қарастыру керек. Себебі жедел ағымды, әсіресе созылмалы дерматоздардың тиімді емі тек қана науқасты жанжақты тексергенде ғана мүмкін болады. Ол үшін жалпы қарауда терідегі морфологиялық элементтерге, науқас жағдайына, лабороториялық мәліметтерге мән беріп, дифференциалды диагностика жүргізу қажет.Сонымен қатар созылмалы ауру болып табылғандықтан анамнезіндегі мәліметтерді де ескеру міндетті.
● Мысалы, созылмалы қайталамалы пиодермит болып табылатын Стафилакоккты сифозбен тек ер адамдар ауырады. Клиникасында Мұрт, сақал өсетін жерде пайда болатын остифолликулит, жай фолликулиттің болуы, олардың біресе өршіп,кейін басылуы белгіленеді. Кейде сифоздың экзаметизациясы анықталуы мүмкін, бұл кезде ауру іріңдеу процессімен асқынған экземаға ұқсас келеді. Бірақ остиофолликулитте экземаға тән шынайы полиморфизмнің болмауы диагнозды дәлелдейді.
● Созылмалы қайталамалы есекжемде бөрпелер көп болмайды, күлдіреуіктер аздау ісінген бірнеше жылдар бойына толқын тәрізді пайда болып отырады. Рецидивтер ұзақтығы әртүрлі ремиссиялармен кезектесіп отырады. Уртикарлы бөртпелерде бас ауруы, әлсіздік, субфебрильді қызу, асқазанда ынғайсыз сезім, артралгиялар, невротикалық көріністер болады. Қанында эозинофилия мен тромбоцитопения анықталады.
● Созылмалы трихофитиямен ересектерде, ерлермен салыстырғанда , әйел адамдарда көп байқалады. Ауру анамнезінде балалық шақтан басап беткей трихофития түрінде өткені жазылады. Созылмалы трихофитияның бастың шашты бөлігі трихофитиясын, тегіс тері трихофитиясын және тырнақтар трихофитиясы деген бірнеше түрін ажыратады. Соған сәйкес, шүйде және самай аймақтарында орналасатын, үлкен емес бозғылт-қызғылт күңгірт реңді ошақтар, диффузды немесе ұсақ ошақты қабыршақтану және атрофияланған шаштың түсуі байқалуы мүмкін. Тегіс терілік түрінде ошақтары балтыр терісінде, жамбас, тізе буындар аймағында, иықта және сирек бет пен денеде орналасады. Ошақтардың айқын шекарасы болмайды, біртіндеп сау теріге ауысады, іркілген-күңгірт түсті, әртүрлі аймақтары қабыршақтармен жабылғандығы көзге түседі