Базальды қабат



бет62/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Клиникалық көрінісі. Экземаның шынайы және идиопатиялық түрлері жедел қабынбалы ісінулі эритемамен, әрі қарай бірден пайда болып, жарылып үлгермейтін ұсақ серопапулалар немесе көпіршіктерден (микровезикулалар) тұрады. Тез бұзылған серопапулалар және везикулалар орнында нүктелі, яғни серозды құдықтар деп аталатын, эрозия жалаңаштанады, олардың терең түбінен серозды экссудат бөлініп, мол мөлшерде ылғылдандырып тұрады. Серозды сұйықтық біртіндеп құрғап, астында эпителизация жүретін сұр-сарғыш қабықтартүзеді.
Сонымен, экземаның ағымында эритематозды, папуловезикулезді ылғалдану және қабыршақтану сатылары айқындалады. Процесстің толқын тәрізді дамуына байланысты барлық біріншілік элементтер – эритема, серопапулалар,
везикулдар бір уақытта шығып, экземаның ең тән белгісі эволюциялық полиморфизмді құрайды.
Жедел түрі созылмалы түрге біртіндеп өтеді, және ол инфильтраттың ұлғаюымен және зақымдалған терінің тығыздалуымен, тері суретінің күшеюімен көрінеді, оны лихилизация деп атайды. Тері түсі қоюланып, беткі қабатында қабыршақпен қатар айтарлықтай түлеу пайда болады. Осы орташа білінетін белгілермен бірге, одан әрі қарай қабыну жалғасып, жаңа серопапулалар мен везикулалар пайда болып, одан кейін ылғалды «серозды құдықтар» мен серозды қабықтар пайда болады. Бұлай жедел қабынумен инфильтрациялық көріністердің кезектесуі шынайы экземаға тән, ол процесстің өршуінде айқын қышумен көрінеді. Экзема ошағының нақты шекаралары жоқ. Процесс сирек бір аймақпен шектеледі. Экзематоздық зақымдану бастапқыда бетте, саусақтарда пайда болып, барлық тері жамылғысына жайылып кетуі мүмкін. Бөртпелер симметриялы орналасады, тереңге аяқ қолдарға денеге таралуға бейім болады (105-сурет). Науқасты әртүрлі қарқындағы қышу мазалап, ұйқысының тіптен болмауына дейін өзгеретін неврологиялық бұзылыстар пайда болады. Терідегі сулану азайған соң қабыршақтар пайда болып, кейін қабыршақтар, түлеу байқалып (eczema crustosum, eczema squamosum), екіншілік пигментті- тамырлық немесе депигментацияланған дақтар біртіндеп жойылады. Сонымен қатар тері құрғап түлейді, мүйізді қабаттарда жарықтар дамиды (eczema craquele). Экземаның ұзақ созылмалы ағымында алақан мен табанда гиперкеротикалық түзілістермен тіліктер пайда болады. (eczema tyloticum). Жиі экземалар пиогенді инфекциялардың қосарлануымен асқынады: пустулалар және іріңді қабыршақтар пайда болады (eczema impetiginosum). Жедел басталған процесс біртіндеп, созылмалы ағымға ауысып, бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет