Клиникалық көрінісі. Бастың шашты бөлігінде инфильтративті-іріңді микроспорияда ірі бірең-сараң ісікті- инфильтративті ошақтар дөңгелек немесе овальды формамен, аутоинокуляцияның әсерінен бірнеше ұсақ ошақтармен шектелген (50-сурет). Зақымдалған ошақтарда барлықшаштар Сынған шаштарда саңырауқұлақ спораларынан тұратын және сынған шаштардың қалдықтарын тығыз жабатын кішкене муфталар немесе қапшалар (тысшалар) көрінеді. Сынықтардың айналасындағы тері гиперемияланған, жиі көптеген тығызсұр
асбестті қабыршақтармен немесе қабыршақты-қабықпен жабылған. Kerion типті терең іріңді микроспория қызбамен, дімкәстікпен және лимфаденитпен жүреді.
Тегіс терінің зақымдалуы дөңгелек немесе овалды формалы айқын шекарамен шектелген эритематозды-сквамозды бөртпелелер пайда болады. Білік (валик) тәрізді көтерілген жиектерінде айқын ісіктермен папуловезикулездар, пустулалар, серозды-іріңді қабыршақтар көруге болады. Ошақтардың орталары әдетте, жиі жазылу кезеңінде аздап гиперемияланған. Осы жағдайда ошақтар дөңгелек тәрізді форма түзеді. Процесстің өршу кезеңінде ошақтардың орталығында қабыну активизацияланады, сол кезде иристәрізді (нұрлы қабық) форма пайда болады. Көптеп жайылған жағдайларда ошақтар қосылады (51-сурет). Түк тәрізді шаштарының және тегіс терінің фолликуларының зақымдалуы фолликулдардың сағағының лихеноидты гиперкератоздалған папулалармен білінеді. Тегіс теріде ошақтар жақсы көрінеді, жиі қызықты кескінді фигуралар түзеді. Тотталған микроспорум емі қиын болатын жиі түк шаштарының зақымдалуымен бірге тегіс теріні зақымдайды.
Беткей микроспория антропонозды саңырауқұлақ M.ferrugineum-пен шақырылады. Бастың шашты бөлігінде үрдіс айқын емес жиектерімен, дұрыс емес кескінді эритематозды- қабыршақты ошақтармен білінеді. Шаштар биік, әртүрлі деңгейде сынады, бірақ ошақтардың беткейінде көптеген сау шаштар сақталады. Сынған шаштар саңырауқұлақтар спораларынан тұратын тығыз жанасқан футлярмен қоршалған. Ошақтардың айналасында ажыраудың әсерінен, әдетте, қызғылт ұсақ фолликулярлы лихеноидты папулалар немесе эритематозды- сквамозды дақты ұсақ элементтер көрінеді.
Микоздың біріншілік ошақтарын тітіркендіргенде тиімсіз ем немесе саңырауқұлақты енгізгенде организмнің реактивтілігінің жоғарлауында екіншілік аллергиялық бөртпелену – микидтер пайда болуы мүмкін.
Микидтер жиі зооантропофильді саңырауқұлақтармен шақырылатын аурулар трихофития және микроспорияда байқалады. Микидтер беткей (лихеноидты, эритематозды,
эритематозды-сквамозды, везикулезді) және терең (түйінді) болуы мүмкін. Олар микоз ошақтарына жақын, сонымен қатар алшақ орналасуы мүмкін. Екіншілік бөртпеленуде саңырауқұлақ элементтерін анықтау мүмкін емес. Дерматомикидтер клиникалық-морфологиялық жәншау–қызылша тәрізді бөртпелерге, парапсориаз, қызыл теміреткі және т.б. ұқсас келеді. Дерматомикидтердің пайда болуы бас ауру, дімкәстік, әлсіздік, дене қызуының көтерілуімен және т.б. жүруімүмкін.