Базальды қабат


Мерездің екінші кезеңінің жалпы сипаттамасы



бет72/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

75.Мерездің екінші кезеңінің жалпы сипаттамасы.
Мерездің екіншілік кезеңі ауру жұққаннан соң орташа 10 аптадан кейін дамиды және екіншілік сифилидтердің пайда болуынан 7-10 күн бұрын продромальді көріністерден басталады. Жиі ол әйелдерде немесе әлсіреген науқастарда болады және уақыт бойынша бозғылт трепонемалардың қанмен таралу кезеңімен сәйкес келеді. Әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, адинамия, бас ауыруы, бұлшықеттегі, сүйектегі, буындардағы ауырсыну (ауырсынудың түнде күшеюі мерезге тән), дене қызуының жоғарылауы болады (37,5-38оС,сирек 3940оС дейін). Жиі мұндай жағдайды тұмаумен шатастырады, бұл өз кезегінде мерез диагностикасын қиындатады. Бұл кезеңде қанда лейкоцитоз, анемия болады. Негізінен, мерездің екінші кезеңінің клиникалық белгілері пайда болғаннан соң, науқастардың бәрінде бірдей бола бермейтін продромальді көріністер жоғалады.
Екіншілік мерезде көптүрлі морфологиялық элементтер тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттарда орналасады; аз мөлшерде ішкі мүшелердегі, нерв жүйесіндегі, тірек-қимыл жүйесіндегі және т.б. өзгерістер болады. Ем жасалмаса ауру бірнеше жылдын ішінді қайталанады. Бөртпелердің аралығында оң серологиялық реакциялар негізінде екіншілік жасырын мерез диагнозы қойылады.
Екінішілік мерездегі сифилидтердің ортақ белгілері болады:
• Сирек кездесетін жаралар бар, қатерлі мерезді санамағанда, барлық элементтер көбіне тіндерді бұзбайды, тыртық қалдырмайды; көбіне жалпы жағдайының бұзылуынсыз өздігінен 2-3 айдан соң кетеді.
• Бөрпелер көбіне еш субъективті сезімдерсіз өтеді. Тек бастың шашты бөлігі мен ірі қатпарлардағы бөртпелер қышыну сезімін шақырады.
• Элементтерде жедел қабынудың белгілері болмайды, олар мыс тәріздес қызыл, қою қызыл түсті болады, артынша оның түсі қошқылданып, «іш пыстырарлық» түске ауысады, бұл екіншілік мерездің ағымын суреттейді.
• Бөртпелер дөңгелек пішінді, сау теріден ажыратылады, перифериялық өсуге және қосылуға бейім, осыған байланысты фокусты орналасады, бір-бірінен шекара арқылы бөлінеді.
• Бөртпелерге полиморфизм тән. Екіншілік мерезде жиі бірнеше сифилид бірден шығады, бұл нағыз полиморфизмді тудырады, ал сифилидтердің ұстама тәрізді пайда болуы эволюциялық немесе жалған полиморфизмді тудырады.
• Сифилидтер мерезге қарсы емнің нәтижесінде тез жазылады.
• Элементтер құрамында көптеген бозғылт трепонемалар бар, сол себепті олар ауру жұқтыруы мүмкін.
• Серологиялық реакциялар екіншілік жаңа мерезбен ауыратындардың барлығында дерлік және екіншілік қайталамалы мерездің 96-98% оң болады, көбіне науқастардың қаның РИФ көмегімен зерттегенде оң нәтиже береді. Бозғылт трепонемалардың иммобилизациясының реакциясы (БТИР) екіншілік жаңа мерезбен ауыратындардың жартысында (60-80% иммобилизация) және 80-100% екіншілік қайталамалы мерезбен аурытындарда (90-100% иммобилизация) оң нәтиже береді. Екіншілік қайталамалы мерездің 50% көрінісі менингиттің клиникалық көріністерінсіз (жасырын, латентті деп аталатын мерездік менингит) жұлын сұйықтығындағы патологиялық өзгерістермен жүреді. (Сифилидтер тамыр дақтарынан (розеола), түйіндерден (папула) және сирек жағдайда көпіршік (везикула) пен іріңдіктер (пустула) тұрады. Сонымен қоса екіншілік мерезге пигментті сифилид (мерездік лейкодерма) пен шаштың мерездік түсуін (алопеция) жатқызады.
Екіншілік жаңа мерезде сифилидтер анағұрлым кішірек, көп мөлшерде, анағұрлым ашық түсті, симметриялы түрде негізінен дене терісінде орналасады, қосылуға және топтасуға бейімділігі жоқ және қабыршақтанбайды. Науқастардың 22-30%-нан қатты шанкрдың қалдығы мен регионарлы лимфаденитті табуға болады. Онымен қоса, полисклераденит (ұлғайған, тығызэластикалық консистенциялы қозғалмалы ауырсынусыз қолтықасты, жақасты, мойын, кубитальді лимфа түйіндері және т.б.) айқын болады. Полиаденит екіншілік жаңа мерездің 88-90% кездеседі.
Екіншілік қайталамалы мерезде бөртпе элементтері ірілеу, аз мөлшерде, симметриялы емес, топтасуға бейім (фигура, гүлалқа, доға және т.б. түрінде), бозғылт түсті. Олар көбіне тітіркендірілетін аралықта, шап қатпарында, жыныс мүшелерінің кілегей қабатында, ауыз кілегей қабатында және т.б. орналасады. Егер екіншілік жаңа мерезде 55-60% науқаста мономорфты розеолезді бөртпе болса, екіншілік қайталамалы мерезде олар сирек кездеседі (шамамен 25% науқаста), жиі (22% жағдайда) мономорфты папулезді бөртпелер болады.
Дақты сифилид (мерездік розеола) – екіншілік жаңа мерездегі ең жиі болатын терінің зақымдалуы.
Розеолалар басында қызғылт түсті, артынша бозғылт-қызғылт түстіге айналатын, жиектері тегіс емес, дөңгелек пішінді, диаметрі 1 см дейінгі, өзара қосылмайтын беті тегіс, шетке қарай өсуге бейім емес және қоршаған тіндерден жоғары көтерілмейтін дақтар болып табылады. Розеолалар біртіндеп пайда болады, күніне 10-12 элементтен шығады, және 7-10 күннің ішінде толық дамиды, бұл олардың түстерінің әр түрлі қарқындылығын түсіндіреді. Розеоланың үстінен басқан кезде, ол немесе жоқ болып кетеді, немесе бозғылттанады, саусақты жібергеннен соң қайта шығады. Ұзақ уақыт шығып тұрған розеоланың үстінен басқан кезде қызғылттың орнында сарғыш бояу қалады, ол эритроциттердің ыдырауы мен гемосидериннің жинақталуымен түсіндіріледі. Ұзақ уақыт шығып тұрған розеолалар қою сары түске айналады. Розеолалар көбіне дене мен аяқ-қолда кездеседі. Бет, білек және өкше терісі сирек зақымдалады. Розеолалар субъективті сезіммен жүрмейді. Шамамен емдеусіз 3-4 апта өткен соң розеолалар өздігінен кетеді.
Екіншілік жаңа мерезде розеолалар ретсіз, бірақ симметриялы және фокусты орналасады. Екіншілік қайталамалы мерезде екіншілік жаңа мерезбен салыстырғанда, розеолалар аз мөлшерде шығады, терінің жекелеген бөліктерінде доға, сақина, жартылай доға түрінде топтасып орналасады. Қайталамалы розеолалардың көлемі жаңа розеолаларға қарағанда үлкендеу, ал олардың түсі көкшіл тартады. Екіншілік жаңа мерезбен ауыратын науқастарға пенициллиннің алғашқы инъекциясынан асқыну реакциясы болады (Герксгеймер-Яриш-Лукашевич реакциясы), ол мерездік элементтер аймағында ісінудің күшеюі мен дене қызуының көтерілуімен жүреді. Осыған байланысты розеолалар қызғылтқызыл түске енеді және анық көрінеді. Сонымен қоса асқыну реакциясында розеолалар емге дейін шықпаған дене бөлігіне шығуы мүмкін.
Типті розеолалармен бірге сирек қабыршақтанған розеолалар кездеседі-дақты элементтердің бетінде пластинкалы қабыршақ пайда болады, ол мыжылған папирос қағазына ұқсас, периваскулярлы ісінуде қалыпты тері қабатынан аздап көтеріліп тұратын розеолалардың (элевирлеуші розеола) ортасы аздап басылған болып көрінеді, олар күлдіреуікке ұқсас келеді, бірақ қышыну сезімі болмайды.
Ажырату диагностикасы. Мерездік розеолалардың диагностикасы, әсіресе жаңа екіншілік мерезде, еш қиындық келтірмейді. Дақты сифилидтің ажырату диагностикасын жасағанда, кейбір инфекциялық аурулардағы дақты бөртпелерді (қызылша, қызамық, іш сүзегі), токсикодермия, қызғылт теміреткі, кебек тәрізді теміреткі, қасаға биттері (Phirus pubis) тістегеннен кейінгі дақтарды есте сақтаған жөн. Бірақ жедел инфекциялық аурулардағы бөртпелер дене қызуының жоғарлауы және санасының бұзылысымен жүреді. Қызылшамен ауыратын науқастарда көп мөлшердегі, ірі, қосылуға бейім, айқын бөртпелер алғашында бетке, мойынға, денеге, аяқ-қолға шығады, онымен қоса білек пен өкшенің сыртқы бетіне шығады, бөртпелер кеткеннен соң қабыршақтану пайда болады. Ұрт, кейде ерін, қызыл иек кілегейіне нүктелі ақшыл Филатов-Коплик дақтары шығады. Қызамықпен ауыратын науқастарда бөртпе алғашында бетке, сосын мойынға шығып, денеге таралады. Бөртпелер бозғылт-қызғылт түсті, көлемі 2-3 мм, пішіні дөңгелек немесе сопақша, қосылуға бейім емес, жиі тері бетінен көтеріліп тұрады, 2-3 күн шығып тұрады да із қалдырмай жоқ болып кетеді; дәл осындай бөртпелер бір уақытта аранның кілегей қабатына шығуы мүмкін; кейде қышыну сезімі болады.
Іш және бөртпесүзегі әрқашан ауыр көріністермен қатар жүреді, сүзекте розеолалар аз мөлшерде болады, кейде петехиальді; бұл жағдайда біріншілік склероз, склераденит, полиаденит болмайды.
Мерездік розеолалардың пайда болуының алдындағы продромальді кезеңде қызба сүзектегімен салыстырғанда онша жоғары емес және розеолезді бөртпелер пайда болғаннан соң бірден кетеді.
Тағамдық немесе дәрілік заттарды қабылдағаннан болатын токсидермиядағы дақты бөртпелер жедел басталуымен, ағымымен, қанық бояуымен, қабыршақтанудың тез қосылуымен, шетке қарай өсу мен қосылуға бейімділігімен және күйдіру мен қышыну сезімімен қатар жүруімен ерекшеленеді.
Жибердің қызғылт теміреткісі шыққан науқастардың мерездікпен айырмашылығы алғашқысында бірінші көлемі 1,5-3 см болатын жіңішке пластинкалы сарғыш, мыжылған папирос қағазына ұқсас, қабыршағы бар қызғылт-қызыл дақ түріндегі сопақша пішінді аналық қатпарлар пайда болуы керек. 1-2 аптадан соң осыған ұқсас, бірақ көлемі кішірек көптеген элементтер пайда болады, олар метаметр бойынша ұзын диаметр түрінде орналасады.
Кебек тәрізді (түрлі түсті) теміреткіде мерездік розеоламен салыстырғанда қабынулық емес қабыршақтар дамиды, олар түсі сүт құйған кофе тәріздң болатын, қосылуға бейім, жиі дененің жоғарғы бөлігінде орналасатын дақтар. Мұндай дақтарға йодты тұнбаны жаққанда, олар қоршаған теріге қарағанда қаралау түске енеді.
Қасаға биттердің (Phirus pubis) шағуынан болатын дақтар мерездік розеоладан сұрғылт-күлгін бар; бұл дақтар үстінен басқан кезде жоғалмайды.
Мерездік розеоланы жоғарыдағы аурулардан ажыратуда екіншілік мерездің басқа клиникалық көріністерінің болмауы мен науқастарды серологиялық зерттеу маңызды орын алады.
Папулезді сифилид – екіншілік мерездің розеола тәрізді жиі байқалатын көріністерінің бірі. Розеола жиі екіншілік жаңа мерездің, ал папулезді сифилид – екіншілік қайталамалы мерездің көрінісі болып табылады. Ірі папулезді, лентикулярлы, ұсақ папулезді, милиарлы сифилидтерді ажыратады.
Лентикулярлы папулезді сифилид мерездік папулалардың ең жиі кездесетін түрі. Бұл сифилид тығызэластикалық
консистенциялы, дөңгеленген, шектелген, жартылай дөңгелек пішінді, диаметрі 0,3-0,5 см болатын элемент. Папулалар перифериялық өсу мен қосылуға бейім емес. Папулалар түсі алғашында қызғылт түсті, артынша мыс тәріздес – қызыл немесе көкшіл-қызылға (ветчина – шошқаның сүрлеген еті – тәрізді) айналады (143-сурет).
Папулалар беті алғашқы күндері тегіс, жылтыр, артынша қабыршақтана бастайды. Папулалардың қабыршақтануы ортасында басталып шеттеріне қарағанда ерте бітеді де, папулалардың Биеттің «жаға тәрізді» (144-сурет) қабыршақтануы түріндегі папулалардың шеткі қабыршақтануы болады. Түйіннің орталығына сүйір зондпен басқан кезде ауырсыну сезімі болады (Ядассон симптомы). Папулезді сифилидтер теріде бірден пайда болмайды, біртіндеп 10-14 күннің ішінде шығып болады, одан соң 6-8 апта бойы тұрады, сол себепті бір ғана науқаста әр даму сатысындағы папулаларды көруге болады. Папулалар жарылғаннан соң олардың орнында ұзақ уақытқа пигментация қалады.
Екіншілік жаңа мерезде папулалар дене мен аяқ-қолдарының терісінде, кейде бетте және бастың шашты бөлігінде болады (145сурет). Екіншілік қайталамалы мерезбен ауыратын науқастарда папулалар аз мөлшерде, сақина, гүл алқасы, доға, жартылй доға тәрізді топтасуға бейім және жыныс мүшелері айналасында, көтеншек аймағында, ауыз, алақан, табан терісінде орналасады.
Екіншілік папулезді сифилидтердің мынадай формаларын ажыратады: псориаз тәрізді, тиын тәрізді, себореялық, алақан мен табан, ылғалданған, жалпақ кондиломалар және т.б.
Себореялық папулезді сифилид терінің тер бездеріне бай жерлеріне шығады, бетінде, әсіресе бастың шашты бөлігімен шекаралас аймақта (Шолпан (Венера) тәжі), мұрын-ерін, мұрынұрт және иек асты қатпарларында, бастың шашты бөлігінде майлы себорея көріністері бар адамдарда жиі байқалады
Папулалар сарғыш немесе сұрғылт-сарғыш майлы қабыршақтармен жабылған.
Псориаз тәрізді папулезді сифилидте папулалардың беткейінде көп мөлшердегі ақшыл-күмісті түстес пластинкалы қабыршақтар болады, сол себепті бұл элементтер псориатикалық бөртпелерге ұқсас келеді.
Тиынтәрізді (нуммулярлы)
145-сурет. Екіншілік жаңа папулезді сифилид диаметрі 1-2 сифилистегі бөртпелену см дейін болатын дөңгелек папулалар, жартылай шар тәрізді
беткейімен, қоңырлау немесе қызыл түсті. Негізінен қайталамалы мерезде дамиды. Бұл кезде жекелеген бөртпелер байқалады, олар көбіне топталады.
Алақан мен табанның папулезді мерезінде папулалар алғашында терінің бетінен шығып тұрмайды және шектелген қызғылт-күлгін немесе сарғыш дақ түрінде болады, олардың негізінде тығыз инфильтрация болады. Артынша бұл элементтердің ортасында тығыз қиын алынатын қабыршақтар байқалады. Элементтің шетінде ғана қабыршақтар болмайды.
Кейбір уақыттан соң папуланың орталық бөлігіндегі мүйізді қабат жарықшақтанып, папула қабыршақтана бастайды да біртіндеп Биеттің «жағалығын» түзеді. Алақан мен табандағы мұндай папулалар жаңа да болуы мүмкін, бірақ жиі қайталамалы екіншілік мерез кезінде болады. Мерездің «жасы ұлғайған сайын» бөртпелердің ассиметриялылығы арыта түседі, алақан мен табанды қоса, олардың сақина, доға түрінде топнануы, ірі фестонды құрылымды бляшкаларға бірігуі, кейде айқын қабыршақтану, жарықшақтанудың болуы кеш қайталамалы мерезде болады.
Кейде папула беткейіндегі қабыршақтану айқын болғаны сондай, онда мүйізгекті қатпары қалындау түзіледі. Дегенмен олар әрқашан шектелген іркілісті-қызыл түсті ашық емес түсті қоршаумен қоршалып жатады.
Суланған папулезді сифилид лентикулярлы папулалар тер көп бөлінетін және қажалуға көп ұшырайтын жерлерде дамиды (жыныс мүшелері, анальді аймақ, шап-сан, бөксеаралығы, қолтықасты қатпары, аяқтың башпайаралық қатпары, әйелдердегі сүт бездерінің астындағы тері және т.б.). Сонымен қоса, папуланың беткейінен мүйізді қабықтың мацерациясы мен ажырауы болады, соның нәтижесінде дұрыс дөңгелек пішінді суланған эрозия түзіледі. Эрозивті папулалардың серозды бөлінісінде бозғылт трепонемалардың көп мөлшері болады. Ұзақ уақытты тітіркендіру нәтижесінде суланған папулалар ұлғайып, іріфестонды шекттері бар қатпарларға қосылады. Екіншілік инфекция қосылған жағдайда эрозивті папула ойық жараға айналады. Элементтердің қоршап жатқан сау теріден бөлек орналасуы, эрозияның қоршаған беткейден жоғары орналасуы мен әлсіз білінетін субъективті белгілер (қышыну, күйдіру) диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Жалпақ кондиломалар (вегетирлеуші папулалар) үлкен жыныс еріндері мен оған жақын жатқан теріде, көтен аймағында, бөксеаралық және шап-сан қатпарында, қолтық асты шұнқырында, башпайаралықта, кіндік аймағында, ұмада, шап-ұма қатпарында, еркек жыныс мүшесінің түбінде орналасқан эрозиялық папулалардан түзіледі. Бұл папулалар ұзақ уақытты тітркендіру әсерінен вегетирленеді, олардың беткейі төмпешікті, тегіс емес, серозды немесе серозды жабысқақ қақпен қапталады, оның құрамында бозғылт трепонемалар көп мөлшерде болады.
Вегетирлеуші папулалар немесе жалпақ кондиломалар ұлғаюға бейім және үлкен көлемдерге жетуі мүмкін. Жалпақ кондиломалар негізінен екіншілік қайталамалы мерезге тән және кей сатыларда аурудың кеш кезеңінің жалғыз көрінісі болуы мүмкін.
Милиарлы папулезді сифилид өте сирек кездеседі. Негізінен адам денесінің бетінде топталған қою қызыл немесе мыс тәріздес – қызыл түсті, конус тәрізді, көлемі бидай немесе арпа дәні тәрізді, тығыз папулалар түзіледі. Бөртпелер сақина, доға, бляшкалар түзеді, олардың шеттері тісті, ал беткейі ұсақ түйіршікті болады. Түйіндер май-шаш фолликулаларының саңылауларының маңында орналасады. Жекелеген папулалардың беткейінде қабыршақ немесе мүйізді тікенектер болады. Милиарлы папулалар кейде бозғылт және ұсақ болғаны сондай, милиарлы сифилид кейде қаз терісіне ұқсас келеді.
Көп мөлшердегі милиарлы сифилид мерездің ауыр ағымы туралы ақпарат береді.
Ажырату диагностикасы. Лентикулярлы сифилид жалпақ қызыл теміреткімен, парапсориазбен және қабыршақты теміреткімен ұқсас келеді. Дегенмен жалпақ қызыл теміреткіде папулезді сифилидпен салыстырғанда жалпақ, жылтыр, полигональді, ортасында кіндік тәрізді ойығы бар ливидті түсті папулалар түзіледі. Біркелкі емес гранулез себебінен папуланың беткейінде ақшыл-сұрғылт түсті торша (Уикхем торы) дамиды. Көбіне поцесс қатты қышынумен өтеді.
Клиникалық жағынан парапсориаздың тамшытәрізді түрін мерездік папулалардан ажырату қиын, бірақ парапсориазда тек өзіне ғана тән симптомдар үшітігі болады. Бөртпелерді қырғанда жасырын қабыршақтану анықталады, «қабықша» симптомы (Л.Н. Машкиллейсон), яғни түлеу коллоидты жұқалтыр тәріздес және папуланың айналасында геморрагиялар болады. Сонымен қатар, парапсориазда бөртпелер мерездік түйіндермен салыстырғанда аз инфильтратқа ие және ауыз кілегейіне сирек шығады.
Қабыршақты теміреткі псориазформды папулезді сифилидтен стеаринді дақ феноменымен, псориатикалық жұқалтырмен және нүктелі қансыраумен, шетке қарай өсумен және қатпарлар түзумен қосылуға бейімділігімен, жиі рецидивті созылмалы ағымымен ерекшеленеді. Сонымен қатар псориатикалық бөртпелерге қызғылт түс тән.
Жалпақ кондиломалар сүйірұшты кондиломалармен, ал көтеншек аймағында орналасса – геморроидальді түйіндерге ұқсас келеді.
Сүйірұшты кондиломалар жалпақ кондиломалардан жіңішке аяғы бар түрлі-түсті орамжапырақты еске түсіретін бөліктік құрылымымен ерекшеленеді. Сүйірұшты кондиломалар жұмсақ консистенциялы, сонымен қоса аяғының негізінде де, әр түрлі көлемді, диаметрі 1 см немесе одан да көп, түсі қалыпты тері түстес немесе қызғылт-қызыл түсті, кейде аздап қансырап тұрады.
Сүйірұшты кондиломалар жыныс мүшелері мен көтеншектің айналасында орналасатындықтан, олардың беті базданған және эрозияланған болады.
Бүкіл негізімен теріде орналасатын жалпақ кондиломалармен салыстырғанда, геморроидальді түйінде бір беткейі болсын тік ішек кілегей қабатымен жабылған болады. Бұған қоса, геморроидальді түйін жұмсақ консистенциялы болады, жиі қансырайды және онда тығыз эластикалық инфильтрат болмайды. Геморройдың ұзақ болуын және геморроидальді түйіндердің үстінен мерездік папулалардың даму мүмкін екенің ескерген жөн.
Милиарлы сифилид терінің лихеноидты туберкулезімен ұқсас келеді. Мерездік папулалармен салыстырғанда, туберкулез элементтері жұмсақ консистенциялы, сарғыш-қызыл түсті, топтасуға бейім, бөртпелердің бетінде қабыршақтар түзіледі, процесс негізінен балалық шақта басталады, туберкулин реакциялары оң, мерездің басқа да белгілері жоқ және мерезге жасалған серологиялық реакциялар теріс болады. Осы белгілердің барлығы дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Папулезді мерездің ажырату диагностикасында науқастарды мерезге серологиялық зерттеу маңызды орын алады.
Пустулезді сифилид – екіншілік мерездің сирек көрінісі және аурудың көбіне ауыр, қатерлі ағымын көрсетеді. Пустулезді сифилидтің пайда болуы қызба мен жағдайының бұзылысымен жүреді. Ол көбіне әлсіз адамдарда, ауырып-жүдеген науқастарда, алкоголизммен, туберкулезбен, нашақорлықпен, гиповитаминоздармен және т.б. аурулармен ауыратындарда дамиды.
Безеу тәрізді, шешек тәрізді, импетигиозды, эктиматозды (мерездік эктима), рупиоидты (мерездік рупия) сияқты пустулезді сифилидтерді ажыратады.
Безеу тәрізді, шешек тәрізді және импетигиозды сияқты беткейлік пустулезді сифилидтер екіншілік жаңа мерезбен ауыратын науқастарда, ал эктиматозды және рупиоидты сияқты терең пустулезді сифилидтер – негізінен аурудың рецидивтерінде дамиды. Пустулезді сифилидтер қарапайым мерездік папулалар болып табылады, олардың инфильтраты серозды-полинуклеарлы экссудаттың әсерінен ыдырайды да, оның орнында пиодермиялыққа ұқсас сарғыш-қоңыр түсті қабықша түзіледі. Пустулезді сифилидтердің түрлері олардың орналасуы, көлемі мен ыдырау дәрежесіне байланысты.
Безеу тәрізді (акнеиформды) пустулезді сифилид басында конус тәрізді пішінді диаметрі 0,2-0,3 см пустуласы болатын, сау теріден ажыратылатын фолликулярлы папулалар болып табылады. Іріңді экссудат өте тез кеуіп сарғыш-қызыл түсті қабық түзеді, ол түскеннен кейін теріге аздап басылған пигменттелген тыртық қалады. Акнеиформды сифилид көбіне мерездің екіншілік кезеңінің басқа да көріністерімен қосарланады.
Ажырату диагностикасы. Безеулік сифилидтерді қарапайым безеумен, папулонекротикалық туберкулезбен және йодтты немесе бромды безеулермен жүргізу қажет. Қарапайым безеулер безеулік сифилидтен жедел қабынумен, ауырсынумен, айқын себореямен және комедондармен, науқастардың жасымен, бөртпелердің қайталануымен және созылмалы ағымымен ажыратылады. Папулонекротикалық тері туберкулезі терінің жазғыш беттерінде орналасады, ұзақ уақыт жазылмайды, элементтер торпидті түрде дамиды, орталығында некроз болатын түйінді бөртпелер кеткеннен соң, оның орныңда «мөр басылған тәрізді» тыртық қалады, бұл көрініс мерезде ешуақытта болмайды.
Шешек тәрізді пустулезді сифилид жартылай шар тәрізді диаметрі 0,5-1 см болатын пустулалар, олар ортасында кіндік тәрізді басылуы бар мыс тәрізді – қызыл түсті инфильтратпен қоршалған. 5-7 күннен соң пустуланың құрамы құрғап қабыршаққа айналады, осылай инфильтрацияланған негізде ол ұзаққа дейін кетпейді. Қабықша түскеннен кейін қызыл түсті пигментация, кейде тыртық қалады. Шешек тәрізді сифилидтер элементтерінің саны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ жиі олар 15-20, олар аяқ-қолдың бүккіш бетінде, денесі мен бетінде орналасады.
Ажырату диагностикасы. Шешек тәрізді сифилидті нағыз шешек пен желшешектен айыра білу қажет. Аурудың дене қызуының жоғары, жалпы жағдайының нашар болуы, пустула негізінде тығыз инфильтраттың болмауы, бөртпелердің алғашында бетте пайда болуы, теріс серологиялық реакциялар шешек тәрізді сифилид диагнозынан бас тартуға мүмкіндік береді.
Импетигинозды пустулезді сифилид бет, қолдың бүккіш бетінде, кеудесінде, арқасында диаметрі 1 см дейін болатын (кейде одан да үлкен) тығыз консистенциялы қою қызыл түсті папулалармен сипатталады. Бірнеше күннен кейін папулалардың бетінде жұқа қабырғалы пустулалар қалыптасады, олар тез кеуіп, қою қызыл түсті инфильтрацияланған тәжбен қоршалған, сарғыш-қоңыр түсті, тері бетінен жоғары тұратын қабықтарды түзеді. Қабықты алып тастағаннан кейін қою қызыл түсті, жеңіл қансырайтын жара қалады.
Ажырату диагностикасы. Вульгарлы импетиго мерездіктен жедел басталуымен, жылдам таралуымен, алғашында негізінде тығыздалуы жоқ фликтеннің түзілуімен, жылтыр немесе лас-сұр қабықтармен ерекшеленеді, оларды алыптас тағаннан кейін тегіс, ылғалды ашық қызыл түсті эрозиялы беткей қалады. Шеттерінде дұрыс емес пішінді үлкен ошақтарға біріккен бөртпелер байқалады. Көбіне балалар ауырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет