Базальды қабат



бет80/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

86.Кебек тәрізді теміреткі.
Кебекті, немесе түрлі-түсті, теміреткі. Қоздырғышы – Pityrosporum orbiculare немесе Malasseria furfur – эпидермистің мүйізді қабатында және фолликулалардың сағаларында орналасады.
Аурудың патогенезінде шамадан тыс тершеңдік, тердің химиялық құрамы, мүйізді қабатының физиологиялық бұзылысы, жеке бейімділігі маңызды. Жиі жас ер адамдар мен әйел адамдар ауырады. Балаларда, әсіресе 7 жасқа дейінгі, кебекті теміреткі сирек кездеседі. Ол препубертатты және пубертатты кезеңдерде шамадан тыс тершеңдікпен бірге вегетоневрозбен, туберкулезбен, қант диабетімен ауыратын әлсіз балаларда болуы мумкін.
Аурудың қатынастылығы шамалы.
Клиникасы және ағымы. Терінің зақымдалған аймақтарында шаш фолликулаларының сағаларынан басталатын және біртіндеп мөлшерінің ұлғаюымен қабынбаған сарғыш-қоңыр-қызғылт бөртпелер түзіледі. Олар бір бірімен қосылып, терінің белгілі бір аймағын алады. Бөртпелердің микрофестальды жиектері бар. Біртіндеп бөртпелердің түсі күңгірт, кей жағдайда “сүтті кофе” түстес болады. Осы түстердің ауысуы аурудың атының негізіне (“түрлі түсті теміреткі”) алынған.
Бөртпе тері деігейінен шықпайды, әдетте мазаламайды (кей жағдайда азғана қышу болуы мүмкін), ұн тәрізді қабыршақтанумен бірге жүреді (осыдан кебекті теміреткі деп аталады), қырғанда жеңіл алынады.
Түрлі-түсті теміреткі бөртпелері әдетте симметриясыз орналасады. Жиі – арқа мен кеуде терісінде, сирек элементтері – мойын, іште, дененің бүйір беткейінде, иықтың сыртқы беткейінде орналасады. Соңғы кезде ауру диагностикасында ртутты кварцты лампаны (Вуд лампасын) қолданғанда, түрлі- түсті теміреткі бөртпелерін және шашты зақымдамай бастың шашты бөлігіндегі теріде жиі анықтала бастады. Терапияның нәтижелігіне қарамастан, бұл ауру рецидивінің жиі себептерінің бірі болуы мүмкін.
Мектепке дейінгі және жасөспірім балаларда жыныстық жетілу кезеңінде түрлі-түсті теміреткі мойнында, кеудесінде, қолтық астында, іште, арқасында, аяқтарында және қолдарында, бастың шашты бөлігінің терісінде орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет