Базальды қабат



бет82/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

89. Есек жем.
Мономорфты уртикарлы қышитын бөртпелермен көрінетін дерматозды есекжем деп атайды. Жедел (сонымен қатар жедел шектелген Квинке ісігін жатқызады), созылмалы рецидивтеуші, тұрақты папулезді созылмалы және күн тәрізді (күн сияқты) есекжем деп ажыратады. Патогенезі. Есекжемнің барлық клиникалық түрлеріне ортақ патологиялық тізбек болып ұсақ тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауы мен осы тамырлардың айналасында ісіктің пайда болуы есептеледі. Есекжемде күлдіреуіктік реакцияның негізінде гистамин әсерін әлеуеттендіретін (потенциялаушы) биологиялық активті заттардың жоғары концентрациясына байланысты (серотонин, ацетилхолин, брадикинин, интерлейкиндер, простогландиндер), дереу-баяу әсерлі типті гиперсезімталдық жатыр. Демек, есекжем көпэтиологиялы уытты-аллергиялық дерматоз болып табылады. Сонымен қоса, жасушаішілік протеиназаның шамадан көп жиналуымен жүретін диспротеинемиядан болатын созылмалы есекжемнің аллериялық емес формалары белгілі. Бұл жағдайда гистаминге әсерге ұқсас, тамырлық реакцияны шақыратын, патологиялық антиген-антидене реакциясынан кейін агрессивті иммунды комплекстер пайда болатын, иммунды жүйенің патологиялық жағдайында болатын аутоагрессивті процесстер орын алады. Есекжемде сарысулық иммуноглобулиндердің құрамының IgE гиперпродукциясы мен IgA жетіспеушілігі өзгеруімен жүретіндіктен, есекжемнің дамуы әрқашан гистаминнің көп мөлшерде бөлінуімен байланысты болмайды. Брадикинин, серотонин, және басқа да пептидтердің әсерінен болатын аурудың түрлерін гистаминге қарсы препараттармен емдеу еш нәтиже бермейді. Осы топқа тоңу кезінде бөлінетін криобулиндердің шамадан тыс бөлінуінен болатын суықтық есекжем жатады. Холинергиялық есекжем вегетативті дистонияның уртикарлы эффлоресценциялардың қалыптасуына әсерінің мысалы болып табылады. Бұл жағдайларда ацетилхолиннің бөлінуі күшейеді де гистаминге реакцияға ұқсас тамырлық реакцияны тудырады. Патогенетикалық жағынан қосымша аурулар да (созылмалы ошақты инфекциялар, ішекқұрт инвазиясы, отбасылық атопия, өт шығару жолдарының дискинезиясы, асқазан-ішек бұзылыстары, дәрілік аллергия) маңызға ие. Клиникалық көрінісі. Жедел есекжем үдемелі, кенеттен басталады, денесінде, аяқ-қолдарында көптеген бөртпелер пайда болады. Күлдіреуіктер тері бетінен жоғары орналасатын терінің емізікшелі қабатының жедел ісіңуімен өтетін, седепті (перламутрлі) реңмен қанық қызғылт түсті, қышыйтын тығыз түзіліс болып келеді (115-сурет). Егер күлдіреуіктер көп болса, олар шеттері тегіс емес полициклді шеттері бар кеңейген ошақтарға айналады. Бұл кезде қалтыраумен бірге субфебрилитет (есекжемдік қызба), асқазанішектік бұзылыстар, өт шығару жолдарының дискинезиясы, невротикалық бұзылыстар болуы мүмкін. Бөртпе элементтері ауыз кілегейінде пайда болып, тыныс алу мен жұтынуды қиындататын ісіңумен жүреді. Жедел есекжем бірнеше күн сақталады. Шектелген жедел Квинке ісігі (син.: алып (өте үлкен) есекжем, ангио-невротикалық ісік) – кенеттен пайда болатын тері (кілегей қабаты) мен беттің (ерін, ұрт, қабақ және т.б) және жыныс мүшелерінің шектелген ісігі. Терісі ұстап қарағанда тығызэластикалық, түсі ақ, сирек қызғылт түсті болады. Көбіне субъективтік сезімдер болмайды, сирек күйдіру сезімі мен қышыну болады Бірнеше сағаттан кейін немесе 1-2 күннен соң ісік қайтады, бірақ рецидивтер болуы мүмкін. Квинке ісігі кейде жай есекжеммен қосарласып жүреді. Көзшарасы ісінген жағдайда көз алмасының медиальды бағытта ығысып, көрудің нашарлауы мүмкін. Әсіресе көмей немесе жұтқыншақтың ісігі қауіпті, себебі стеноз бен асфиксияға әкелуі мүмкін. Есекжемді жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел есекжемге (116-сурет) үлкен күлдіреуіктермен, жиірек қасарланып, бетте, мойында, денеде байқалатын Квинке ісігімен, сипатталады. Ажырату диагностикасын лимфостазбен, қайталамалы тілмемен, Мелькерсон-Розенталь синдромымен жүргізеді, олардан Квинке ісігі жедел басталуымен, қысқа уақытқа пайда болатынымен және еш ізсіз жойылып кетумен ерекшеленеді. Балалар есекжемі клиникалық көрінісі, патогенезі, ағымы бойынша балалар қышымасына (строфулюске) ұқсас. Созылмалы қайталамалы есекжемде бөрпелер көп болмайды, күлдіреуіктер аздау ісінген бірнеше жылдар бойына толқын тәрізді пайда болып отырады. Рецидивтер ұзақтығы әртүрлі ремиссиялармен кезектесіп отырады. Уртикарлы бөртпелерде бас ауруы, әлсіздік, субфебрильді қызу, асқазанда ынғайсыз сезім,артралгиялар, невротикалық көріністер болады. Қанында эозинофилия мен тромбоцитопения анықталады. Тұрақты папулезді созылмалы есекжем созылмалы қайталамалы негізінен лимфоциттерден тұратын дермадағы полиморфты жасушалық инфильтрациясының тін аралық ісінуіне қосылудан кейін пайда болады. Түйінді элементтер іркілістіэритематозды түсті, тығыз немесе тығызэластикалы консистенциялы, негізінен аяқ-қолдың жазғыш беттерінде орналасады. Ауру жиі әйелдерде кездеседі. Көптеген қаламгерлердің ойынша тұрақты папулезді есекжемді қышыманың (пруриго) бір түрі ретінде қарастыру қажет. Диагностикасы. Есекжемнің диагностикасы біріншілік морфологиялық элемент – күлдіреуікке негізделген. Диагнозды ашық уртикарлы қызыл дермографизм дәлелдейді. Ажырату диагностикасын дәрілік токсидермиямен, строфулюспен, Квинке ісігімен жүргізеді. Есекжемді жәндіктердің шағуынан ажырату қиын (маса, бүрге және т.б.), себебі шаққан жерде уртикарлы бөртпелер пайда болады. Бөртпенің пайда болу кезеңін, оның орналасуын, тұрғылықты жерінің немесе балалар үйінің санитарлық жағдайын ескеру қажет. Дюрингтың герпестік дерматозында күлдіреуікпен қоса көпіршіктер мен көпіршікшелер болады, олардың құрамында көп мөлшерде эозинофильдер анықталады, сонымен қатар йод препараттарына жоғары сезімталдық байқалады. Емі. Есекжемнің барлық клиникалық варианттарында ем тамақтану режимін реттеуден, мүмкін болатын аллергендік факторларды алып тастаудан басталады. Жедел есекжемде тамыр өткізгіштігін азайту және капиллярлар тонусын жоғарылату үшін кальциц хлориді, кальций глюконатын, антигистаминді препараттар (супрастин, тавегил, задитен, циметидин, бикарфен, фенкарол) және аскорутин тағайындайды. 10-15% магний сульфаты ерітіндісін 10-15 мл-ден тәулігіне 3-4 реттен тұрақты әсер алғанға дейін ішкізеді. Гистаминге қарсы препараттардың жаңа ұрпағы жақсы әсер береді: кестин, зиртек 10 мг-нан күніне 1-2 реттен 10 күн бойы. Жергілікті ментол, анестезин, гидрокортизонмен шайқалатын жүзінділерді тағайындайды, кейін фторланған глюкокортикоидты жақпамайлар мен кремдерді, фенистил гелін қолданады. Жалпы жағдайының бұзылуы байқалатын Квинке ісігінде тері астына 0,5-1 мл 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін енгізеді. Процесске ауыз, мұрын, көмей кілегейі тұншығу көріністерімен қосылған жағдайда 10 мл 10% кальций хлоридін тамырішіне, кортикостероидты гормондар мен гистаминге қарсы препараттарды қолданады. Зәр жүргізіетін дәрілерді – 1% фуросемид ерітіндісі 2 мл тамырішілік немесе лазикс – тағайындау қажет болады. Созылмалы есекжемде басты назарды диетаға, режимге, жүйке жүйесінің, асқазан-ішек жолының жағдайына, созылмалы инфекциялар ошақтарын анықтап, тазартуға аудару қажет. Детоксикация мақсатында гемосорбция немесе энтеросорбцияны қолданады. Гистаминге қарсы препараттармен қоса 10 мл 30% натрий тиосульфат ерітіндісін тамырішіне күн сайын немесе күн ара (10-15 құю) енгізу ұсынылады. Ауыр формаларында экстракорпоральды детоксикациямен қоса глюкокортикоидты гормондар (преднизолон 10-15 мг/тәулігіне 3- 7 күн бойына), 1 мл-ден диспроспан қолданылады. Холинергиялық есекжемде красавка сығындысын (экстрактісін), беллоид, беллатаминал, атропин сульфаттын қолданған дұрыс. Есекжемнің барлық формаларында витаминдер тағайындалады: аскорбин және никотин қышқылдары, рибофлавин, кальций пантотенат және пангамат, пиридоксальфосфат, цианокобаламин, дипромоний, токоферол ацетат. Іш қату мен дисбактериозда іш жүргізетін заттар, биологиялық препараттар (колибактерин, бифидумбактерин, лактобактерин, бификол, бактисубтил және т.б) тағайындалады. Жергілікті ем аса маңызды емес. Ерітінділер, спирт пен сумен аралас шайқалатын қоспалар, сирек майлы шайқалатын қоспалар, жақпамайлар, линименттер, пармидинді, индометацинді, бутадионды мазьдар, линин, кортикостероидты гормондармен қосылған жақпамайлар мен кремдер, фенистил гелі тәрізді қышынуға, қабынуға қарсы заттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет