Базальды қабат


Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана клиникалық белгісі болуы мүмкін



бет67/97
Дата09.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#180586
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97
Байланысты:
Дерма экзамен 413

Емшек жасындағы балаларда тұмау мерездің жалғыз ғана клиникалық белгісі болуы мүмкін. Мұрынның кілегей қабығы ісінген, кейде эрозияланған, мұрнынан кілегей, қан және ірің аралас бөлінді байқалуы мүмкін. Бөлінді қабыршақтанып, көп мөлшерде құрғап, кейде толығымен мұрын жолдарын жауып тастайды. Емшек емген кезде бала кезеңді түрде терең дем алу
үшін емшектен бас тартады. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған, тынысы шулы, ысқырықты болып, баланың арықтауына алып келеді. Ұзақ уақытқа созылған тұмаурату мұрынның сүйекті-шеміршекті бөлігінің деструктивті өзгерістеріне және оның деформациясына алып келеді.
Көмейдің кілегей қабығының арнамалы зақымдалуы диффузды инфильтрация және даусының қарлығуымен, сирек жаралы ларингитпен сипатталады. Процесс шеміршекке өтсе, кейін стеноздың дамуымен шеміршектің бұзылуы, перихондрит дамиды. Маңдай аймағында диффузды инфильтрация болып, тері осы аймақта керілген, құрғақ, жылтыр, мыс реңді тұнба- эритематозды түсті болып келеді. Процесстің қабақ үсті доғаларына таралуы қабақтың сиректенуімен сипатталады. Бастың шашы сиректеніп,түседі.
Бөксенің, санның артқы бетінің, балтырдың, ұманың, жыныс еріндерінің зақымдалуы сиректеу кездеседі. Қол және аяқ саусақтарының диффузды зақымдалуы тырнақ деформацияларымен сипатталады. Дененің терісіндегі розеолезді бөртпе сиректеу болып, кейде қабыршақтанып, қосылып, балалар мен ересектердегі жүре пайда болған мерезге ұқсамайтын розеолезді бөртпеге тән емес болыпкеледі.
Сүйек жүйесінің зақымдалуы балалардағы ерте туа пайда болған мерездің ең активті көрінісі. Бұл 5-6 айда сүйек тінінің қарқынды өсуіне байланысты. Остеохондриттер – емшек жасындағы баларда туа пайда болған мерездің ең тән формасы. Олар құрсақішілік дамудың 5 айында түзіліп, туғаннан кейін 12 айға дейін сақталады. Оларды жиі алғашқы 3 айда, кейде сирек 4 айлығында анықтайды. Жастан асқан балаларда остеохондриттің активті көрінісі болмайды. Рентгенологиялық тексерістерді туа пайда болған және ауырған әйелдерден туған балаларды алғашқы 2-4 айлығында жүргізеді. Туа пайда болған мерездің негізгі белгісі остеохондрит екенін ұмытпаған жөн. Жиі қолдардың, ұзын түтікті сүйектер зақымдалады. Патологиялық процесс метафизде шеміршекпен шекараласорналасады.
І дәрежелі мерездік остеохондрит шеміршек жасушаларының шамадан тыс әктенуінен ақ түсті жолақ болжамалы сүйектенудің
шекарасының біртексіз кеңеюімен сипатталады. Жолақ шекарасы 2 мм дейін кеңейіп, тісшелі болып көрінеді. Егер сызық тісшелі емес болса, ол сау балаларда немесе мерезбен ауыратын балаларда кездеседі, сондықтан бұл патогномикалық белгі болып саналады.
ІІ дәрежелі остеохондрит рентгенограммада болжамалы сүйектенудің шекарасында ақ жолақ 4 мм дейін кеңейген, шеттері тісшелі болады. Осы шекарадан диафизге қарай екінші жолақ өтеді, түсі қаралау, жіңішке сүйек салмалары аз мөлшерде, қайтадан түзіліп жатқан сүйек тіні болып табылады. Бөлек жағдайда ақ жолақ жоқ болып кетуі да мүмкін, сонда тек бір ғана қаралау жолақ көрінеді.
ІІІ дәрежелі остеохондритте эпифиз бен метафиз арасындағы қаралау жолақ рентгенограммада 4 мм-ге дейін, сау сүйекті тіннен шектелген. Бұл жолақ бүтін немесе бөлек ошақты деструкциядан тұруы мүмкін. Кейін грануляциялық тіннің өліеттену нәтижесінің әсерінен эпифиз диафизден патологиялық сыну арқылы ажырап, Парро ауруы (1869 жылы бұл белгіні жалған салдану деп атап алғаш рет суреттеген қаламгердың атына сәйкес) (150-сурет) деп аталады. Бала зақымдалған қол-аяғымен қозғалуды қояды, ал пассивті қозғалыста немесе абайсыз тиіп кеткенде қатты айқайлап кетеді. Қолы қамшы тәрізді салбырап тұрады, ал аяқтары жамбас-сан буынында бүгілген күйінде болады. Тізе жәнебалтыр-аяқ
буындарында ісіну байқалады.
Ерте туа пайда болған мерезде 70- 80% балаларда ең жиі сүйектер зақымдалып, остеопериостит, периостит байқалады.
Олар жалғыз немесе остеохондриттермен бірге көрініс береді. Жиі ұзын түтікті сүйектерзақымдалып,

оның бетінде сүйек қабының диффузды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет