Ббк 84 Қаз 7-44 б 78 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет8/31
Дата10.10.2019
өлшемі1,85 Mb.
#49622
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
Oralkhan B 1257 key 2 tom
Қазақ Т2 Үлестірме материал, Қазақ Т2 Үлестірме материал, Oralkhan B 1257 key 2 tom, Oralkhan B 1257 key 2 tom
білдірді Ерік.
− Қандай күн?− деп сұрады бопсаға түсінбеген айна.
− арақ сатылмайтын күнді айтамын. Ең соңғы маскүнемді 
мен ертіп келдім.
−  Үйбай-ау,  ұят  болды-ау,  жолдасыңды  өткізіп  алайық, 
−  деген  айна  орнынан  тұра  беріп  еді,  оның  білегінен  басып 
қайта отырғызған Ерік:
− Өзі-ақ өтеді. Омыраудан келмейтін суға ағып өлер деймісің. 
Қайта таза су кір-қоңын шайып, иіс-қоңысын кетіреді.
− Ол кім еді тағы?..
−  Ол  менің  бірге  оқыған  досым,  тәте.  Сіз  білесіз.  Біздің 
елдікі. Көкеннің ұлы − Таған мақажанов.
Нүрке басын оқыс көтеріп алды:
−  Тәңірім-ау,  не  айтып  отырсың...  Өзіміздің  мақаңның 
–  алты  алашты  аузына  қаратқан  мақажан  ақынның  немересі 

71
ме?  Көкен  жарықтықтың  ұлы  ма?  апыр-ай,  шешесі  марқұм 
болғаннан бері бетін көрген жоқ едім. Ол қайдан жүр, бұл ит 
өлген жерде! Жеткізіңдер! − Кемпірдің даусы шаңқ етіп қатты 
шыққаны соншалық, айна селк ете түсті...
− От оттап, су ішіп отырған жеріңізді «ит өлген» деп тіл 
тигізбеңіз,  тәте,  −  деді  Ерік  шешесінің,  ашуына  арзымайтын 
нәрсеге дірілдеп-қалшылдап кеткенін жақтырмай. − Бар жазы- 
ғым  астына  жіберіп,  өлейін  деп  жатқан  жерінен  жетелеп 
келгенім болса, онда кері қайтарайын.
− Бет-жүзін көрейінші өзінің. Текті тұқымның тұяғы ғой...
− Ендеше, көрімдігіңізді дайындаңыз, − деп, Ерік қамдана 
бергенінде,  ашық  тұрған  есіктен  пұшпақ-пұшпағынан  су 
сорғалаған  Тағанның  сұлбасы  көрінді.  аяғы  тайып  сүрініп 
жығылды ма, әлде өзенге әдейі өзі шомылып алды ма, әйтеуір, 
сутышқандай  үсті-басы  сүңгілескен,  киімін  де  сықпаған 
қалпында ербиіп тұр.
−  Ей,  Қарабура,  кел  мұнда,  тәтем  шақырады.  асылдың 
сынығы  едің  ғой...  нұр  дидарыңды  жарқыратшы,−  деді  Ерік 
саңқылдай.
−  Кел,  шырағым,  кел,−  деп  бәйек  болды  кемпір.  аяғын 
тұсап  қойғандай  бір  басып,  екі  басып  жыбырлай  жылжыған 
азаматтың ажары айнаға ұнаған жоқ. «Қайдан ғана қазып тауып 
алды екен» дегендей еріне ренжи қарады. Табалдырықтың ар 
жағынан:
−амансыз ба, апа?− деді Таған тұрған орнынан қозғалмай. 
Бұдан соң Нюра Фадеевнаның ақ сары жүзін, көк көзін жаңа 
ғана байқады ма,− Здравствуйте!− дегенді қосып қойды. Нүрке 
кемпір күлді. айна да жұмсақ жымиған.
−Еркек адам есіктен еңселі кірер болар... Ұры иттей жан-
жағыңа  жалтақтап  жанарыңды  түсірме,  ұлым.  Ерді  кебенек 
ішінен  таны  деген,  ханның  сарайына  кірсең  де  қадіріңді 
қашырмай, кеудеңді жоғары ұста!
Төсек үстінде отырған орыс кемпірден мұндай торғындай 
судыраған  қазақшаны  күтпеді  білем,  жанарының  жапсары 
жыпылықтаған Таған әлі де болса үйге кіруге жүрексінгендей.
− Төрге шығатын түр жоқ, шеше.
− Әкең жарықтық жұрттың бермесін тартып алар аусар еді, 
тартпаған екенсің.
− Кірсеңші кергімей! − деп, Ерік гүр ете түсті. Таған адымын 
санаған қалпын бұзбай тақалды да, жарасы жарылып кетердей 

72
сақтықпен табалдырықтан аттады. Босаға тұстағы ағаш орын- 
дықты  соқыр  адамдай  сипалап  жүріп  тауып  алды  да,  отыра 
кетті.  Еріне  еріп  келген  қонақтың  осыншалық  ынжықтығы 
айнаның  жүйкесін  тоздырды  ма,  самаурынды  көтеріп  шыға 
жөнелді. айқара ашық есіктен басын қылтыңдатып сығалаған 
аламойнақ қазан-ошақ жаққа шай қамымен беттеген айнаның 
соңынан еркелей еріп кетті.
  −  Қарағым,  үстіңдегі  киіміңді  сығып  кептіріп  қой,  − 
деді  Тағанның  ұнжырғасы  түскен  ұсқынына  жаны  аши 
қараған Нүрке кемпір: − Жол соғып шаршаған шығарсың, ес-
ақылыңды жиып, деміңді ал. ыстық шай іш. Ерікжан, осында 
ит жемей жатқан көдедей көп киіміңнің бірін бер мына жігітке, 
ауыстырып кие тұрсын.
 − айнаға айтайын, тауып берсін.
− рақмет, шеше, күн көзіне әрі-бері қыздырынсам, дегдіп 
қалар. − Сүйретіле орнынан тұрды. Тұрғанымен бір нәрсесін 
ұмытқандай  қипақтап  Ерікке  жаутандап  қарай  берді.  Ол 
байқамағансыды. Тіпті болмаған соң:
− Әй, Қарабауыр, жүр далаға, әңгіме бар, − деді.
− «Тамағың жыбырлап тұр-ау», − деп Тағанды қолтықтай 
сыртқа  шыққан  Ерік  көкбестінің  арқасындағы  жүк  әлі  де 
алынбағаны есіне түсіп, солай қарай беттеген.
Кіші  бесіннен  құлдаған  күн  қатын  бесінге  ойысқан  екен. 
айналаны қаумалаған қалың самырсынның қыл ұшында ілініп 
қалғандай: қазандыққа от жағып, шай қамымен жүрген айна 
қанжығаны  шешіп,  тері  қоржынды  түсіріп  тұрған  күйеуіне 
әйелдік әуестікпен «не әкелдің» деп жақындаған жоқ. Кәперсіз, 
өз  ісімен  болды.  Кенезесі  кепкен  Таған  ғана  жарамсақтана 
көмектескен еді, Ерік: «ары тұршы-ей, аяққа оралмай» − деп 
зекіп  тастады.  «Қойдым,  батыреке,  қойдым»,  −  деген  Таған 
шегіншектеп барды да, томарға шалынып шалқасынан түсті.
Ойда-жоқта пайда болған «қонақтың» мынау сықпыты, осын- 
шалық  қорлықты  тірлігі  ойлантып  еді  келіншекті.  Өзін  бір 
жерде,  бір  кезде  көрген  секілді.  Таныс-бейтаныс  жүзі  әбден 
титықтап,  тозаңы  шыға  тозғанынан  ба  екен,  анық  ажарын 
ажырату қиын.
«Ерік те еріккен шығар, несіне ертіп келді екен?..»
Еріктің ертіп келген жолдасы сүрініп құлаған жерінде жүре- 
леп  әлі  отыр.  Оның  осы  жүрелеген  қалпында  үш-төрт  сағат  

73
отыра  беруге  шыдамы  жетер  еді.  Шыдамы  жетер  себебі: 
сауықтырғыш  лагерінде  жүргенде,  осылай  жүрелеген  қалпы 
күні  бойы  темекі  тартып,  кақырынып-түкірініп  отыра  беруге 
үйренген-ді.  Бұл  әдет  маскүнемдерді  қойып,  мұқым  түрме- 
шілердің таңба басты ерекшелігіне саятын. Олар бір-бірін жал- 
ғыз ауыз сөзден ғана емес, осы отырыс-тұрыстарынан-ақ жазбай 
танитын.  Өңешін  ашқылтым  сумен  шаймаса  булықтырып, 
қыса  жөнелер  көк  жөтел,  тамам  әріптестері  секілді,  Тағанда 
да бар-тын. аттың ерін алып, алақанымен шапаттап, ішпегін 
қаспақтанған  арқасына  қайта  жауып,  ыбылжыған  Еріктің 
масқара саспастығы жынын келтіріп, шыдамы таусылған Таған 
қылғынып  өлердей  күркілдеген  жөтелін  бастады-ай.  Бөтен 
дыбыстан  құлаққашты  болып  қалған  айна  шошына  қарады, 
ал  аламойнақ  болса  жатқан  жерінен  секіріп  тұрып,  шәу  ете 
қалды.
−  Өлтірмесең  өңешімді  жібіт,  −  деді  жөтелдің  арасынан 
саңылау  тауып,  тілге  келген  Таған.  −  Әйеліңнің  әдемілігін 
көрсетуге  әкелмеген  шығарсың...  Береріңді  бер  де,  жек 
арбаңа!
«апыр-ай, тілінің ащысын-ай мына кісінің, − деп ойлады 
айна, − менде несі бар екен».
− Жаның шығып кетсе де, тұра тұр, − деді тері қоржынды 
арқалап  үйге  аяңдаған  Ерік.  −  айтқаным  –  айтқан.  Салқын 
сыраға  шомылдырамын.  Әй,  айнаш,  әлгі  Прохорға  арнап 
ашытқан  бал  сырадан  бір  саптыаяқ  әкеліп  берші  анаған, 
жыланының басы қайтсын.
Самауырға  шоқ  салып  тұрған  шымшуырын  тастай  салып 
тұра жүгірді. Көп айналған жоқ, сыйымдылығы бір литрге жуық 
қайыңның безінен ойып жасаған саптыаяқпен меймілдете сыра 
әкелді.  Қолы  дірілдеп,  өзін  жұтып  қоярдай  ұмтылған  жігітке 
жақындауға сескеніп тұрып қалып еді, анау еңбектеп өзі жетті. 
Сілекейі  шұбырған  жүзіне  қарауға  дәті  жетпеген  келіншек 
тез теріс қарап кетті. «Уһ» деген дауыс естілді, саптыаяқ бос 
төңкеріліп  жатыр.  Таң  қалды.  Төгіп  алған  секілді.  «Қой,  бұл 
кісі емес шығар» деп ойлады. 
− Шайың қайнады ма, менің де шөлімді бас, − деді ендігі 
сәтте сонау қаз-қатар тізілген шөмелелерге көз салып тұрған 
Ерік. Әйелінің екі-ақ күнде апта бойы шапқан шөпті жалғыз- 
дан-жалғыз жүріп, қалай ғана жинап, үйіп тастағанына іштей 

74
қайран, бірақ бұл танданысын сыртқа тіс жарып шығармады. 
Әрине, өз еңбегін бұлдамаса да, өзекті жан болып жаратылған 
соң,  «мықты  екенсің,  айнаш»  деген  сықылды  жылы  сөзді 
ерінің аузынан әйелі күткен еді.
Өзі  үйген  шөмелелерді  жаңа  көргендей  бұл  да  жанар 
жарыстыра  қараған.  амал  не,  Ерік  ләм  демеді.  ләм  демеген 
қалпы,  бұрылып  үйге  кіріп  кетті.  Әйелдің  жүрегі  сыздады-
ақ,  бірақ  өкпесін  ол  да  білдірген  жоқ,  екі  иінінен  дем  алған 
самаурынды көтеріп ерінің артынан ерді.
Құрыстырған  теріге  ій  жаққандай,  Тағанның  жаны 
жадырап, көбеңсіген көңілі көлдей шалқып сала берді. ашуы 
әбден жеткен бал сыра атты кісіні аударып түсірер күшті еді. 
Бір  саптыаяғының  өзі-ақ  мықтымсынған  немені  алып  ұрды. 
Тау асып бекер келмегеніне көзі енді ғана жеткендей, тырайып 
жатқан Таған самсаған ағаштың басына қарап: «Неге біз осы?» − 
деп оң қолын көтерді. Үйден: «Басталды Қазақстан фестивалі», 
− деген Еріктің даусы қоса естілді. «Фестивальдің» басталғаны 
рас еді... Қашан аяқталады, кім біліпті...
Дастарқан  басында  үшеуі  ғана.  Былтырғы,  одан  арғы 
жылдардағы  үшеуі,  тек  қана  үшеуі...  Төтеден  пайда  болған 
«төртінші»  далада  қалды.  Шешесі  сан  рет  «шақырыңдар, 
обал болады, қарны ашқан шығар» деп еді, Ерік: «Текке әуре 
болмаңыз, барқырап тынышымызды алады»,− деп міз бақпады. 
айна үндеген жоқ, көзінің астымен күйеуіне білдірмей қарап, 
шай  құйып  отыр.  Сораптап  шай  ұрттаған  дыбыстан  өзге 
бөтен  сыбыр-күбір  жоқ  ежелгі  ерке  тыныштық  жайлаған. 
ауылдан жаңа ғана келген Еріктен әңгіме дәметкендей еді, ол 
күн  ұзақ  жүрістен  шаршады  ма,  біреу  қуып  келе  жатқандай 
шайды  ыстығына  қарамай  жеделдете  ұрттап,  шөлін  басудың 
әлегінен  шыға  алмады.  Нюра  Фадеевна  бір  кеседен  кейін 
ішкен  жоқ,  баласынан  ойдағы  елдің  хал-ахуалын  тақуалап 
сұрады да. Көңілінде бір көлденеңінен пайда болған алаң бар-
ау,  өкпелеген  адамдай;  ашық  есіктен  өзеннің  арғы  бетіндегі 
алып тауларға,осы әзірде ғана көргендей көз тайдырмай қадала 
қарады.  мүмкін,ұлының  анау  ауылдан  алып  келген  жігітті 
шақыр деген сөзін аяқсыз қалдырған тілазарлығына ренжіді ме, 
әлде сонау жылдарда өз басынан кешкен оқиға ойына оралды 
ма екен, әйтеуір, әншейіндегі сөз құмарлығы жоқ, айналдырған 
үшеуі отырып, тоңторыс күй кешуі онсыз да сыздауы жеткен 


жеке-дара тірліктің тілін матап-ақ тастады. Әркім өз ойының 
оты оңаша маздауын қанша тілесе де, пенде болып жаратылған 
соң,  күбір-күбір  сөйлесіп,  сыбыр-сыбыр  сұхбат  құрып,  күле 
жарқылдасқанға не жетсін: адамның ішкі сыры да арақ секілді, 
анда-санда  сыртқа  шығарып  тұрмаса,  запыранға  айналып, 
көңіліңді  лоблытып,  жүрегіңді  сыздатып  азаптайтыны  рас. 
ауыр мұң қабыздап, жаныңның жасаң жайлауын жаңбырдың 
бұлты  басқандай  құсаланасың,  дүниедегі  ең  керекті  затыңды 
жоғалтып алғандай алағызисың. Самаурынның ызыңдаған үні 
осынау  тымпи  ойнаған  тыныштықтың  жаназасын  шығарған 
заржақ  молдадай  онсыз  да  омырылайын  деп,  сынайын  деп 
сызаттанған  ләм-мим  отырыстың  қуыс-қуысын  кеулеп  алды. 
Тіпті  тым-тырыстыққа  осы  Фадей  жарықтықтан  қалған  жез 
самаурын  шақырып  тұрғандай...  Десек  те,  оттығынан  шоқ 
жылтырап, буы будақтаған әнсалар самауырын Нүрке кемпірдің 
жарты  ғасырлық  ермегі,  ескіден  қалған  жалғыз  абысыны, 
жақсы  сырласындай  еді.  Төркін  жұртынан  қалған  мұра  осы 
ғана. Басқасы жоқ та, бар болғанның өзінде жылдар жылымы 
жұтып қойған. Нюра Фадеевнада жалғыз-ақ арман бар еді, өзі 
құрбылас  кемпірлермен  өткен-кеткенді  айыз  қандыра  айтып, 
құмарынан  шыға  әңгімелесіп  барып  жан  тапсыру,  туған 
жерден бір күрек топырақ бұйырса... Ол арманды орындайтын 
маңдайға  басқан  ұлы  –  Ерік  болса  ыңғай  білдірмей  жүр. 
Бұлардың қаймақшыған тыныштығын қаусатқан – тәлтіректеп 
басып, босағаны тырмалаған Тағанның үні болды.
− Неге біз осы... − деп, ежелгі әдетінше сұқ саусағын шо- 
шайтты. − Неге біз осы?.. Бұл шақта екінді туып, Нүрке кемпір 
намазға қамдана бастаған.
− Жүр-ей, − деді Тағанның қолтығынан нығарлай ұстаған 
Ерік. − Тәтем намаз оқиды. мазасын алма.
− Орыс намаз оқиды... хи-хи-хи...− Таған шиқылдай күлді. 
Кластасының  бейпіл  ауыздығы  жанына  тиді  білем;  онсыз  да 
бастерісі келіспей жүрген Ерік желкесінен бүріп теріс қаратты 
да, құйрығынан бір теуіп етпетінен түсірді. Күйеуінің тым артық 
кеткендігі  шыдамын  шарт  сындырды  білем,  самаурынның 
күлін қағып тұрған айна:
 − Қойсаңшы, обал емес пе? − деп, Ерік келгелі алғаш рет 
дауыс шығарды.


− Е-е, тілің бар екен ғой, − деп кекетті ері. – Тобық жұтқандай 
томпиып қалып ең...
− Сол тілді өзің де жұтып қойды ма деп едім...
Ерік  әйеліне  бажырая  қарады.  Шынымен-ақ  айнаның 
аузынан шықты ма дегендей, аң-таң. Он жыл отасқаннан бері 
тұңғыш рет тік сөйлеген жарының қас-қабағы баяғыдай емес 
екенін енді ғана аңлап, абдырап қалған. айна бұған бұрылып 
та қарамай қарекетін жалғастыра берді. «Ой, саған не көрінді?» 
− деп жанына барды. Татулыққа шақырғандай білегінен ұстап 
өзіне  тақап  алды  да.  Жақсы  көргенде  жасайтын  әдетімен 
шашынан  сипап,  құлағының  түбінен  иіскеді.  «Шынында 
да,  маған  не  болды  өзі»  деп,  өксіген  айна  басын  күйеуінің 
кеудесіне қойып, тағы да жылап жіберді. Тәлтіректеп орнынан 
қайта  көтерілген  Таған,  фашистің  жауын  ала  алмай  азаптан- 
ған  партизанындай-ақ  өзін  өр  ұстап:  «Ей,  Қарабауыр,  бір 
тепкенің – бір саптыаяқ сыра», − деді. Жолдасы оның тілегін 
екі  саптыаяқ  бал  сырамен  қанағаттандырды  да,  оны-мұны 
саймандар тұратын қораға сүйрелеп апарып тастады. «Таудың 
түні  салқын,  тоңады  ғой».  айна  мазасын  ала  берген  соң, 
әкесінің  ескі  ішігін  үстіне  жапты.  маскүнем  бірден  ұйықтап 
кетпейтін әдетімен малдасын құрып отырып алды да: «Неге біз 
осы...» деген тақырыптағы лекциясын бастаған.

Тамыздың  тамылжыған  шағында  апта  бойы  ашық  тұрған 
күн Қатын суы жағасында отырған жалғыз үйге ырыс болып 
кірді. Биыл бұрынды-соңды болып көрмеген пішен үйіп алды. 
айнаның бір өзі-ақ шөмелеп тастаған шөпті көкбестіге сүйретіп 
мал қораға тасыды. алтай қазақтарының пішен дайындаудағы 
айла-тәсілі  жалпақ  елдің  ешқайсысына  ұқсамайды.  айталық, 
қол  тартпамен,  яғни  шалғымен  шабылған  шалғын  дестесін 
ат  тарта  алатындай  мөлшерде  шөмелейтін.  Сол  шөмеледегі 
шөпті ұшында ұзынша етіп жонып қатырған қайың құрықша 
байлаған  арқанды  қамытқа  жалғайтын.  Құрықшаны  шөмеле- 
нің  арт  жақ  түбінен  сүңгіте  сұғып,  арқанды  екінші  жағынан 
түптей  орап  әкеліп  қамытқа  байлап  тарта  жөнелсе,  шашау 
шығып шашылмаған күйі сүйрей жөнелесің. Бұл жұмыс Таған 
үшін  таңсық  емес.  Ертелеп  салқын  сырамен  басын  жазып 
алған соң еңбек етпей ішіп-жемейтінін білген соң, жанын сала 
кірісетін. 


алғашқы күні мұндай қабағат жұмысқа көндікпеген көңілі 
бұзылып,  қиқаңдап  көріп  еді,  Ерік  сырадан  татырмайтынын 
білді ме, амал жоқ, айтқанына көніп, айдағанына жүретін болды. 
Ішімдікке  салынып,  сандалып  кеткені  болмаса,  Тағанның 
денсаулығы сыр бере қоймаған, қара жұмысқа мықты, көмпіс 
қаражігіт  екен.  асқазан  ашқылтым  су  қыздырып  жатпаса, 
табанынан  сауып,  қия  баспайтын  қиямпұрыстығын  көр  ғана 
түзетер. ара-тұра үйге бас сұға қалғанында, Нүрке кемпір ақыл 
айтып басын ауыртқан соң, табанынан сауып олай қарай аттап 
баспайтын болды. Осы «ішпей-ақ қойсаң қайтеді» деген Таған 
үшін әлемдегі ең ауыр да азапты сөзді тек айна ғана айтқан жоқ. 
ауылдан келгеннен бергі аптадан астам уақьптың ішінде: «Неге 
тамақ ішпейсіз?» деген жалғыз-жарым тілдесуден басқа әңгіме 
болған емес. Туасы көп сөзділікті суқаны сүймейтін келіншек, 
жігіт ағасы жасқа келген шағында ақылынан адасып, алжасып 
жүрген келімсекті жақтырмағаны рас-ты. Жақтырмаған себебі: 
тепсе  темір  үзетін  азаматтың  әбден  настанып  кеткен  намыс- 
сыздығы, ішімдік үшін сонау... түу-у-у өзі үшін арманға айнал- 
ған  етектен  итше  еріп  келгені,  басында  үй,  бауырында  бала 
жоқ, қаңғырып кешер бекер ғұмыры, қу өңешті қышқылдату 
үшін құл болып жүрген өксік өмірі еді. Сан рет бетіне басып, 
жер-жебіріне жетіп ұрысқысы келді-ақ, айтып-айтпай не керек, 
сөз төркінін ұғар кісіліктен айырылғанын сезген-ді. Сезген соң, 
сен тимесең, мен тименге көшкен. Қазір де көкбестінің үстінде 
мыжырайып отырған мүскініне қараған сайын, қарны ашады. 
айна  арқандап  берген  шөмелені  астындағы  атын  шу-шулей 
тепеңдеп қораға жеткізеді. Ерік шөпті сыпырып алып қалған 
соң, кері айнаға қарай тырағайлайды. Ертеден қас қарайғанша 
созылған осына әбігерлі жұмыс әбден титықтатты білем, үшеуі 
бірдей тамақ ішуге шамалары жетпей тырапай асты. Әсіресе, ақ 
саусақ болып, арамтамақтыққа үйреніп алған Таған бүгіндікке 
соңғы саптыаяқ сыраны салып алған соң, тұяқ серпуге, «лекция 
оқуға» дәрмені таусылып, мұрттай ұшқан.
Нүрке  кемпірге  балаларының  арпалысып,  күш  күрескен 
мазасыз тірлігі тіпті де ұнаған жоқ... Ұнамағанын ашық айтуға 
жасқанды.  Өзі  де  шаршап  жүргенде,  жүйкесін  жұқартпайын 
дегені  шығар.  Әйтпесе  теріс  қарап  жатып:  «Осыншалық  бал 
мен мал жинап, қай бала-шағасын асырай алмай жанталасады 
екен»,− деп күбірлеген. Әсіресе, келінін аяйды. Оның үстіне, 

78
анау  Көкеннің  сүмірейген  ұлы  қосылды.  Екі  жастың  біріне 
келмей  қор  болған  Таған  тағдырын  да  уайымдап,  жүрегі 
сыздайды.  «Обал  ғой.  Текті  тұқымның  азып-тозып,  шілдің 
боғындай пышырап біткені ғой. Қайра-ан Көкен, әйелі аналық 
қандай еді... мақажан шал ше? алтайды аузына қаратқан ақын, 
жан баласына басын имеген кісінің сұлтаны еді. Үһ, тәңірім-
ай, не болып барамыз осы»,− деп, күрсіне күбірлеп жіберді.
Жым-жырт  түннің  ортасына  дейін  кірпігі  айқаспай,  әрі 
аунап,  бері  аунап  ұйықтай  алмайтын  әдет  тапты.  Нүрке  кем- 
пірдің  ұйқысын  бұзған  Таған  екенін  өзінен  басқа  ешкім 
білмейді.  Жанарын  жапса  болды,  аналықпен  бірге  өткізген 
баяғы  –  тұрлаусыз  өткен  тұтам-тұтам  өмірі  көз  алдында 
көлеңдеп тұрып алады-ай. «Құдай-ау, сол аналық жазғанның 
жақсылығын  өтеді  ме?  Жоқ,  өтей  алмапты.  мойнына  қарыз, 
ұрпағыма парыз күйінде қара жер қойнына кірем бе, жасаған 
ием. Не істеу керек? Қадір-қасиетінен жұрдай тоналған ұлын 
қалай ғана құтқарам бұл қорлықтан, қайтып қана арашалаймын 
арағы  түскірден...  Әл-қуатым  жетер  ме?  Тым  болмағанда 
Еріктің мазағынан...».
Бұл түні айна да көз ілген жоқ. Күні бойғы салпылдақ жүріс, 
толассыз жұмыс бойын алып, әлдекім алып ұрып сабап-сабап 
талғақ  қылып  тастағандай  дел-сал  күй  кешсе  де,  әз  жанына 
әмір таба алмады. Екі табаны мен алақаны күйіп, салқын жер, 
саумал ауа іздегендей аунақшыған. Қаншама қашса да, Қатын 
суының  жазға  салымғы  мұзындай  іркес-тіркес  ой  қамалып, 
көз алдында иін тіресіп бірін-бірі мүйіздеп тұрып алады. Қыз 
күніндегі  әдетімен  жүзге,  тіпті  мыңға  дейін  санап  та  көрді. 
Өзін-өзі  шаршатқаны  болмаса,  бәрібір  жанары  талып,  ұйқы 
шақырмаған. Кең төсектің екінші шетінде көсіле түсіп, кәперсіз 
қорылдап жатқан күйеуінің өзінен де, өзгелерден де көш ілгері 
қасиеті  бар  еді:  тәуліктің  қалаған  уақытында  басы  жастыққа 
тисе болғаны, кеңірдегінен пышақ тақасаң да, пыс етіп ұйықтап 
кететін және діттеген кез келген сәтінде оянып, солдаттардай 
қарғып тұрып, шапшаң киініп кете берер еді. Бүкіл адамзатқа 
бітер денсаулықты бір басына жиып бергендей, осы қырықтан 
асқан  жасына  жеткенше,  басы  ауырып,  балтыры  сыздағанды 
білмей келген тоқжарау әрі кәперсіз, жаны қасаң жігіт. Қазір 
де жау түсіріп келгендей алшая түсіп, табиғат тек өзіне ғана 
мол етіп сыйға тартқан ұйқының рақатына бөленуде. Терезенің 


жартылай жабылмай қалған саңылауынан сығалаған ай сәулесі 
бірте-бірте өрлеп, айнаның бетіне жақындады. Жер бетіндегі 
миллиардтаған  адамның  ешқайсысын  бөле-жара  жатырқамай 
нұрымен аймалайтын айналайын айды айна кішкентай кезінен 
өзіне серік жасап, жақсы көретін. Өліара шақ туғанда немесе 
бұлттың арасында жасырынып қалғанда, алабөтен сағынышпен 
зарыға  тосар  еді;  дүниедегі  ең  асылын  жоғалтқандай  мазасы 
кетіп,  не  жайраңдап  күле  алмай,  не  жарқылдап  жүре  алмай, 
іштей жүдер еді. Әсіресе, осы алтайдың құзар басына көшіп 
келгені бері, жаһандағы ең жақыны − ет жақынындай болып 
кеткен ай жарықтықты ауылдағыдай емес, тым сирек көретіні 
көңіліне қаяу түсіретін. алты ай бойына көбесі сөгілмей, көн 
терісі  жібімей  жатып  алатын  қар,  көктем  шыға  сылбырап, 
берекеңді қашырар жаңбыр аспанды айлап бүркеп тастайтын 
қорғасындай  ауыр  бұлт  –  осының  бәрі-бәрі  айнаның  ай 
жарықтыққа  деген  махаббатын  мазақ  еткісі  келгендей,  бұл 
жалғандағы  жалғыз  қуаныш,  жалқы  жұбанышын  жұлмалап, 
қызықты  күндерін  қызғана  қытымырланатын.  алтайдың 
биылғы  мінезі  жайдары.  Жаныңды  жақұтқа  бөлер  күні  мен 
айы,  шүкір,  қанша  сімірсең  де  сарандық  жасамай,  жайсаң 
нұрын  мұқым  жайлауға  шашып  тастады.  Әне,  перденің  екі 
арасынан,  ерлі-зайыптылардың  түнгі  ләззатын  бұзбайын 
дегендей, жұқалаң сәулесін ұяла төгеді. Ерлі-зайыптылардың 
түнгі ләззаты адыра қалғаны қаш-а-ан...
айна  ғұмыры  жеткенше  жылқы  баққан  жылқышының 
қызы еді. Бүкіл балалығы, қырмызыдай боп бой жеткен шағы 
жаз  жайлауда  өтті.  Сондықтан  ба,  қылтың-сылтыңы  жоқ, 
біртоға, тіпті үйкүшіктеу болып өсті. Қыста әкесі мұртына мұз 
қатып,  тым  алысқа,  тау-таудың  бауырына  жылқы  тебіндетіп 
кетер  еді  де,  ауылдағы  үйінде  шешесі  екеуі  ғана  қалатын. 
Баладан жалғыз, ермек етер, ербең етер ешкім жоқ болған соң, 
ертеңді-кеш  айналсоқтап  анасының  жанынан  шықпайтын. 
ауылдың  клубында  анда-санда  өтер  ойын-сауыққа  да 
шешесіне  еріп  баратын.  Оныншы  класты тауысқанша,  бірде-
бір бозбаланың бетіне қарамай, ұяң мінезінің аппақ парағына 
сызат түсірмей, кәмелетке толды. Жоғарғы оқу орнында оқып 
жүрген шалқымалы шағында да ниет білдірген талай жігіттің 
меселін қайтарған. Әрине, құрбы қыздарының жерлесі немесе 
жігіттің  жолдасы  болып  келетін  азаматтардың  қолқалауымен 

80
театр, киноларға барғаны рас, бірақ айлы түннің астында абақ 
бақтарды  қыдырып,  қызуы  мол  қызық  жорықтарға  шыққан 
емес-ті.  Студенттік  өмірінің  ішінде,  әсіресе,  есінде  қалғаны 
– үнемі бір ой үстінде жүретін, қара бұйра шашты, кірпіктері 
қолмен  қондырғандай  үлкен  қара  көзін  қоршап  тұратын 
аспирант еді. Онымен жалғыз-ақ рет жолықты, өмір бойы есінде 
қалды – есінде елес қана болып қалды, әйтпесе түр-түсін, аты-
жөнін баяғыда ұмытқан. Қай кезде, ғажап, түсіне кіреді: аппақ 
тұманның арасында адасып жүргендей, бұл жақындаған сайын 
алыстап,  қаздай  қалқып,  үйректей  жүзіп,  мәңгі  шексіздікке 
жылыстап баратын-ды... Сол қиялында ғана қалған аспирантты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет