6-дәріс. Сақталу заңдары
Сақталу заңдары оқшауланған жүйе үшін орындалады және механикада қозғалыс теңдеуінен интеграл алынады. Оқшауланған жүйенің сақталу заңдары кеңістік пен уақыттың іргелі қасиеттеріне - кеңістіктің біртектілігіне, изотропты-лығына және уақыттың біртектілігіне байланысты.
Қозғалыс теңдеулері және сақталу заңдары
Қозғалыс теңдеуі дегеніміз – физикалық шамалардың уақыт және кеңістік бойынша өзгерісінің теңдеуі. Сақталатын физикалық шамалар – іргелі шамалар, ал олардың сақталу заңдары – физиканың іргелі заңдары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |