Потенциал күштер
Барлық күштерді олардың қасиеттеріне байланысты екі класқа бөлуге болады. 1) Екі нүктенің арасында орын ауыстырғанда істелген жұмыстың күші жолға тәуелсіз консервативті (потенциал) күштер. 2) Жолға тәуелді – консервативті емес күштер:
Мысалы: 1) Жылдамдыққа қарсы бағытталған құрғақ үйкеліс күшінің жұмысы траекторияның ұзындығына пропорционал, сондықтан екі нүктенің арасындағы орын ауыстыру кезіндегі траекторияға тәуелді.
2) Жердің тартылыс өрісінде бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырғандағы белгілі бір жүктің жұмысы нүктелер орналасқан биіктіктің айырымына тәуелді, ал траекторияға және оның ұзындығына тәуелсіз. Траекторияның түріне тәуелсіз, тек оның бастапқы және соңғы нүктелеріне тәуелді жұмыстың күші потенциалдық күштер делінеді. Бұл күштерге тартылыс күші де жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |