Инерция тензорының бас осьтері
Тензордың диагональ элементтері нольден өзгеше, ал диагональ емес элементтері нольге тең деп ұйғарайық. Сонда тензордың түрі төмендегідей болады
. (7.65)
Бұл жағдайда координаталар осімен сәйкес келетін денелердің осі бас инерция осі, ал Ix=Ixx, Iy=Iyy, Iz=Izz шама-ларын бас инерция моменттері дейді.Тензор бұл жағдайда диагональдық түріне келтірілген делінеді.
Егер координаталар жүйесі, дененің бас инерция осімен бағытталған болса, онда центрден тепкіш инерция моменті болмайды. Қатты дененің кез келген нүктесі арқылы өзара перпендикуляр 3 бас осьтерді жүргізуге болады. Инерцияның бас моменттері Ix, Iy, Iz дененің әртүрлі нүктелерінде әртүрлі. Егер бас осьтер дененің массалар центрі арқылы жүргізілсе, олар центрлік бас осьтер деп аталынады.
Осьтік инерция моментінің мәні мынаған тең
, (7.66)
мұндағы mi нүктесінің осьтен қашықтығы- Ri.
Достарыңызбен бөлісу: |