Бекітілген қазақстан Республикасының мәдени саясатының


Мемлекеттік мәдени саясат қоғамдық сананы жаңғыртуға, рухани жаңартуға, қоғамды мәдени және жалпыұлттық топтастыруға, адамгершілікті қалыптастыруға



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі97,3 Kb.
#122039
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
7. 8.09.2017 =F5 F8O kaz

Мемлекеттік мәдени саясат қоғамдық сананы жаңғыртуға, рухани жаңартуға, қоғамды мәдени және жалпыұлттық топтастыруға, адамгершілікті қалыптастыруға, өзіндік ойы бар шығармашыл, жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мәдени мұраны тарату және ықпалдастыру технологиясы ғылыми ізденістерден бастап мәдени туризмге дейін қазіргі заманғы мәдени кластерлерді қалыптастыруға негіз болады. Мәдени мұраны күнделікті тыныс-тіршіліктің, жанды және үнемі дамып отыратын дәстүрдің жаңа ұрпақ үшін өзекті ажырамас бөлігі етуге мүмкіндік беретін креативті индустрия кластерлерді дамытудың катализаторы болып табылады.
Қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде жаңа қазақстандық патриотизмді ілгерілетуге және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ерекше назар аударылуға тиіс. Осыған байланысты мәдениет саласының қазіргі жобалары шеңберінде жұмыстар жалғасатын болады, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» - «Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Туған жер» және т.б. бағдарлама жобаларын іске асыру бойынша жұмыстар басталды.
Тіл мәдениеттің негізгі элементі және ұлт пен оның бірлігін қалыптастырудың мүлтіксіз шарты болып табылады. Қазақ тілін сақтау және дамыту, оны мәтіндік символдар арқылы кезең-кезеңмен латын әліпбиіне көшу жаңа моделі біздің мемлекетіміздің мәдени саясатының аса маңызды міндетін құрайды. Қазақстан мәдениетінің әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің үш тұғырлығын көздейтін мемлекеттік тіл саясаты арқылы қамтамасыз етіледі.
Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер тыныс-тіршіліктің барлық салаларындағы адам әрекетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін орнықты жүйесі ретінде халықтың қайталанбас даралығын сақтайды және жан-дүниесін көрсетеді. Олардың өзгешелігі табиғи орта мен шаруашылық құрылыстың ерекшелігіне байланысты. Қазақ халқының заттық және заттық емес мәдениетінің элементтерін сақтау және ілгерілету қажет.
Отбасы институтының арқасында ұрпақтар сабақтастығы қамтамасыз етіледі. Мәдени саясаттың аса маңызды міндеті қоғамдық санада адам өмірі мен қоғам амандығының кепілі ретінде отбасы құндылықтары ұғымын қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мерекелерде бай әрі алуан түрлі дәстүрлер, салт-жоралар, әдет-ғұрыптар, ойын-сауықтар, рәсімдер, ойындар, салтанаттар және т.б. топтастырылады. Жалпыхалықтық, мемлекеттік мерекелерді мерекелеу қоғамдық сана-сезімді оң арнаға бұрып, мақтаныш пен отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыра отырып, шоғырландырушы фактор болып табылады. Ұлттық бейнелер және ұлттық символдар қалыптастыру, халықты біріктіруге қабілетті мерекелік іс-шаралар дәстүрін өсіру, мәдени-демалыс оң нысандарын өсіру үлкен рөл атқарады.
Дәстүрлі құндылықтарды қолдау, адамгершілік бағдарларын қалыптастыру және дамыту қоғамдық сананы жаңғыртуға, рухани жаңаруға және ұлттың мәдени кодын нығайтуға ықпал ететін тілді дамыту, мәдени-тарихи құндылықтарды және дәстүрлерді сақтау, Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени – географиялық белдеуін қалыптастыру, жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениетті ілгерілету, өзінің «Туған жер» кіші отанына сүйіспеншілігі мен әлеуметтік сыйластығы арқылы жүзеге асырылады.

4.2. Мәдениет саласындағы басқару жүйесін жетілдіру


Мәдениет саласындағы басқару жүйесін қалыптастырудың жаңа тәсілдері жеке инвестицияларды тарту практикасын, меценаттықты және басқаларды пайдалануды болжайды. Мәдениеттің институционалдық өрісін өзгерту, ұйымдар менеджментінің тиімділігін арттыру саланы терең жаңғыртуға ықпал ететін болады.
Мәдени қоғамдастықты тарту және мәдениет саласындағы басқарушылық мәселелерді үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті органының жанынан салалар бойынша көркемдік кеңестер институттары енгізілді. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы уәкілетті органы жанынан театр, музыка және концерт қызметі, цирк өнері, кино индустриясы, музей ісі мен археология, бейнелеу өнері, сәулет пен дизайн, әдебиет және кітап шығару бойынша көркемдік кеңестер құрылды. Көркемдік кеңестер шығармашылық одақтармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, жоғары көркемдік туындылардың бәсекеге қабілетті отандық өнімін және мәдениет пен өнер туындыларын жасау мақсатында салалық кластерлер нысанында институционалдық бірлестіктердің қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Өңірлердегі мәдениетті дамыту мәселелері салалар бойынша көркемдік кеңестердің ұсынымдарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде шешілуге тиіс.
Басқарудың жаңа үйлестіруші құрылымының негізгі мақсаты - бұл репертуарды, гастрольдік қызметті қалыптастыруға, кадр саясаты мәселелерін шешуге бағытталған шоғырландырылған тұғырнамасы бар мәдени саясатты тиімді іске асыру.
Мәдениет және өнер саласында жұмыс істеп тұрған қоғамдық одақтарды, қауымдастықтарды, қорларды, үкіметтік емес ұйымдарды және т.с. жандандыру және жаңаларын құру қажет.
Мемлекеттік құрылымдармен қатар, белгілі бір өкілеттіктер, нақты уәждемелер берілген және заңнамалық кепілдіктермен қорғалған әлеуметтік және бизнес-институттар, шығармашылық қауымдастықтар мәдени саясатты іске асыру субъектілері болуы тиіс.
Мемлекеттік - жекеше әріптестікті дамыту мемлекеттік қаржыландыруды инвестициялардың мемлекеттік емес нысандарымен үндестіре үйлестіруді пайымдайды. Мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың ықтимал тетіктері ретінде концессиялық модельдер мен схемалар қарастырылуы мүмкін, мұнда мемлекет объектінің негізгі қызмет бейінін сақтау шартымен, оны пайдалану құқығын жекеше бизнеске береді. Бұлар мемлекеттік меншіктегі галерея, тарихи ғимарат немесе тарихи-мәдени ескерткіш болуы мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени саланы қолдау және дамыту мақсатында ұлттық компаниялар мәдениет ұйымдарымен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуы қажет.
«Қайырымдылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді, халық бірлігін, рухани мәдениетті, азаматтар мен қоғамның мәдени - білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру және этномәдени бірлестіктерге, мәдениет пен өнер ұйымдарына және Қазақстан халқы үшін мәдени-тарихи маңызы бар объектілерге қайырымдылық көмек көрсету қарастырылған.

4.3. Өнер саласының бірыңғай білім беру кеңістігі


Қазіргі заманғы білім беру парадигмасы, ең алдымен, жоғары рухани-адамгершілік және эстетикалық құндылықтардың негізін қалаушы - жасампаз тұлғаны дамытуға бағдарлануға тиіс.
Мәдениет саласында білім берудің үздіксіздік, сабақтастық, шығармашылық және кәсіптік құзыреттілік, дуалды оқыту қағидаттарына негізделген бірыңғай жаңа моделі қалыптасады.
Францияда, Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Ресейде және басқа елдерде сәтті іске асырылып келе жатқан әлемдік практиканы ескере отырып, мәдениет пен өнер саласындағы мамандандырылған жетекші оқу орындары 2015 жылдан бейінді ведомствоның қарамағында, бұл шығармашыл қызметкерлерді үздіксіз даярлауды және кәсібилендіруді қамтамасыз етеді, сондай – ақ мемлекеттік мәдени - білім беру саясатын еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлайды.
Мәдениет пен өнердің әртүрлі салаларында жаңа генерацияның ең жақсы әлемдік жетістіктерге ашық және бейім әртүрлі мәдениет пен өнер салаларындағы өзгерістерге дайын қызметкерлері мен менеджерлерін даярлау мәдени саясаттың басымдықтарының біріне айналуы тиіс және мынадай бірқатар кешенді іс-шаралар қатарын қабылдауды талап етеді:
мемлекеттік мәдени - білім беру саясатын мәдениет және өнер саласындағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлау;
бейінді жоғары оқу орындары базасында мәдениет саласында мамандар мен қазіргі заманғы менеджерлерді даярлауды ұйымдастыру;
мәдениет және өнер қызметкерлерінің, көркемдік білім беру педагогтарының біліктілігін арттырудың жүйесін жаңғырту.
Гуманитарлық және өнердің әртүрлі салаларына арналған ғылымдардың кешені ойдағыдай дамымай, Қазақстан мәдениетінің дамуы мүмкін емес. Тарих, философия, саясаттану, әлеуметтану, өнертану ғылымдары - бұлардың барлығы қоғам мен оның мәдениетін зерделеуге арналған және оның жұмыс істеуінің негізгі заңдылықтары туралы түсінік береді. Мәдени құбылыстарды зерделеудің қазіргі заманғы деңгейі, дәстүрлі зерттеулермен қатар, ғылымдар тоғысында ауқымды зерттеулер шеңберін, әртүрлі әдістемелерді, тәсілдер мен деректерді қолдануды болжайды.
Қазақстанның мәдениетін зерделеу үшін елімізде жұмыс істейтін гуманитарлық институттардың қызметін үйлестіру, тарих, мәдениет пен өнер саласындағы теориялар мен қазіргі заманғы практика деңгейінде жалпы мемлекеттік кешенді зерттеу бағдарламаларын құру қажет.
Ғылыми ізденістердің жетістіктерімен кеңінен алмасу ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, көрмелер мен фестивальдарды және т.б. ұйымдастыру аясында жүргізілуі тиіс. Қазақстанның мәдениеті мен өнерінің әртүрлі салаларына арналған ғылыми, мамандандырылған және танымал журналдар шығару арқылы қол жеткізілуі мүмкін отандық ғалымдардың ғылыми қызметі нәтижелерінің қол жетімділігі мен әрі қарай дәріптелуіне ерекше мән берілуі тиіс.
Музей құрылымы мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының жетекші секторларының біріне айналады, ал ғылыми ізденістердің басым бөлігі «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тілінде жаңа 100 оқулық» - «Рухани жаңғыру» жобалары, «Мәңгілік ел» ұлттық жобасының және т.б. аясында іске асатын болады.

4.4. Халықаралық мәдени кеңістікке ықпалдасу


Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени диалогтың белсенді қатысушысына айналуға және Қазақстан Республикасының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне жәрдемдесуге тиіс. Жаһандық әлемде қазақстандық мәдениетті ілгерілету бойынша жүйелі және мақсатты бағытталған жұмыс Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асырудың бүкіл кезеңдерінде жүргізілуге тиіс. Бұл ретте Қазақстанның қазіргі заманғы мәдениетінің үздік жетістіктерін ілгерілетуге және танымал етуге үздік авторларының шығармаларының шорт және лонг парақтарын әзірлеу және өзектендіру ықпал етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының екінші кезеңін іске асыру барысында әлемдік ғылыми қоғамдастықтың кеңінен қатысуымен халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына бастама жасау мүмкіндігі қаралатын болады. Халықаралық мәдениет ұйымдарымен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, бірлескен шығармашылық, зерттеу және ғылыми бағдарламаларды, жетекші шетелдік мәдени, зерттеу, сараптамалық және білім беру институттарымен бірге мәдениет пен өнер салаларын дамыту жөніндегі жобалар диалогтың негізгі шарты болады.
Осы мақсатқа табысты қол жеткізу үшін қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімінің өзіндік моделін нығайту және дамыту жөнінде әрі қарай жұмыстар жүргізу қажет.
«Халық тарих толқынында» және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына ұқсас тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету бойынша музей кластері және жалпыұлттық сипаттағы рухани салт-дәстүрлері мен елдің киелі объектілерін нығайту бойынша жобаларды іске асыру ғылыми-зерттеу жұмысының әлеуетті базасына айналуы мүмкін. Осы жобаны іске асыру ұрпақтардың рухани сабақтастығы мен өзіндік сәйкестенуін қамтамасыз етеді.
Бұл бағытта басты назар беделді шетелдік сарапшыларды, ғылыми-зерттеу институттары мен консалтингтік ұйымдарды тарта отырып, материалдық және материалдық емес мұраны одан әрі қорғауға және танымал етуге аударылады. Тарихи-мәдени мұраны қорғаудың, консервациялаудың, реставрациялау мен реконструкциялаудың әлемдік үздік практикаларын кеңінен қолдану өнертану мен музейтануды, тарихи, археологиялық, этнографиялық ғылымдарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Халықтық білім мен шеберлікті, бейнелер мен тілді, жанұялық және рәсімдік - мерекелік өмірдің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын беретін қоғамдастықтарды қолдау Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді.
Материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізілімін қалыптастыру, макрокиелі және микрокиелі объектілер тізімін жүйелендіру және үнемі жаңартып тұру, Қазақстанның бүкіл өңірлерінде оның элементтеріне түгендеу жүргізу және материалдық емес мәдени мұра элементтерін ЮНЕСКО-ның тізіміне кеңінен ілгерілету қажет. ЮНЕСКО, ИКОМОС (Ескерткіштер мен көрнекі орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес), ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы), ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы) және тағы басқалар сияқты шетелдік жетекші ұйымдармен ынтымақтастық еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау және қалпына келтіру бойынша кешенді міндеттерді іске асыруға, отандық өнердің барлық бағыттарын дамытуға және оны мемлекетімізден тыс жерлерде белсенді түрде танымал етуге мүмкіндік береді.
Көпжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ел мүдделеріне сай неғұрлым маңызды шарттарға, конвенциялар мен келісімдерге қосылу саласында халықаралық құқықтық базаны кеңейтудің стратегиялық маңызы бар.
Қазақстанның ЮНЕСКО-ның «Мәдени өзін-өзі таныту нысандарын қорғау және көтермелеу туралы» конвенциясына қосылуы мәдениеттердің өзара еркін іс-қимыл жасасуы, жақындасуы үшін, мәдениетаралық диалог саясатын ұлттық, сол сияқты халықаралық деңгейде де ілгерілетуге жағдай жасауға ықпал ететін болады.
Нәтижесінде, Қазақстан әлемдік мәдениет пен өнерді, тарихи ғылымды, археология мен өнертануды дамыту орталықтарының біріне, кәсіптік шеберлікті арттыру мен шығармашылық өсудің жетекші халықаралық мектебіне айналуы мүмкін.
Атап айтқанда, Астанада мәдениет саласындағы жаңа халықаралық ұйым – «Silk Road» мәдени даму жөніндегі Еуразиялық кеңесінің штаб-пәтерін ашу мүмкіндігі пысықталатын болады.
Қоғамдық және мәдени өмірде Қазақстан жүргізіп отырған бейбітшілік және келісім саясатын, БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған дінаралық және мәдениетаралық диалогты көтермелеу туралы қарарларды, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013-2022 жылдарға арналған Халықаралық мәдениеттер жақындастығының онжылдығын жариялау туралы Қазақстанның бастамасын бекіткенін ескере отырып, Қазақстан Республикасы мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезеңінде Алматы қаласында Мәдениеттердің жақындастығы орталығын құру мәселесі шешілді. Кейіннен аталған мекемеге ЮНЕСКО орталығының қолдауымен ІІ санаттағы мемлекеттік мекемесі мәртебесі берілді.

4.5. Ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдану


Мәдениет саласындағы қазіргі заманғы технологияларды енгізу мәдени коммуникациялардың жаңа нысандарын дамытудың және бүкіл елдің мәдени кеңістігін біріктірудің маңызды факторы болып табылады. Қазіргі заманғы әлемнің феномені мәдениет өніміне кеңінен қолжетімділікті қамтамасыз ететін е-мәдениет болып табылады. «Ақпаратты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының аясында мұндай қолжетімділік елдің мәдени өмірін бір әйгілі ресурста жинақтауға мүмкіндік беретін жаңа «E-culture.kz» виртуалды порталын құру арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2025 жылға дейін виртуалды музейлердің желісін құру және барлық музей қорларын, концерттердің жазбаларын, материалды және материалды емес тарихи-мәдени мұраның маңызды элементтерін электрондық форматқа көшіру жоспарлануда. Келесі қадам «E-culture.kz» арқылы әлемнің барлық жетекші музейлерінде сақталып тұрған ұлттық артефактілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Интеллектуалдық ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық формаларын белсенді дамытудың аясында Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қорын айтарлықтай кеңейту процесі іске қосылды. 2020 жылға дейін цифрлық форматқа көшуі тиіс елдің кітапханалық қорлары 100% цифрлануы тиіс.

4.6. Қазіргі заманғы мәдени кластерлерді дамыту


Мәдени ортаның бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте кластерлік құрылымдар арқылы қамтамасыз етіледі. Мәдени кластер - шығармашылық, білім мен ғылым, экономика және бизнес арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін, бәсекеге қабілетті өнім жасайтын экономиканың шығармашылық секторы. Кластерлік тәсіл - бұл ең алдымен жекелеген өңірдің немесе саланың, сол сияқты тұтас мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа басқарушылық технология.
Мәдениет саласын жаңғырту және мәдени кластерлерді басқару саласына қазіргі заманғы теңдестірілген қағидаттарды енгізу елдің туристік әлеуетінің дамуына, өңірлердің экономикалық тартымдылығының артуына, ЖІӨ-нің өсуіне және Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруіне жәрдемдесетін болады. Саланы дамытудың міндеттері мәдени кластерлерді қалыптастырудың шығармашылық және мәдени-туристік екі бағытын айқындайды.
Шығармашылық кластерлер
Шығармашылық кластерлер мәдениет пен өнердің жекелеген салаларын дамытуға, мәдени өнімдердің интерактивті деңгейін арттыруға, қолайлы креативті орта қалыптастыруға, шығармашылық бірлестіктердің және жалпы мәдениет ұйымдарының бәсекелік артықшылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Шығармашылық кластерлердің түрі осы бірлестіктердің тұжырымдамасына, пайда болу табиғаты мен басым құрамдас бөліктеріне байланысты. Кластерлік құрылымдарды қалыптастырудың негізгі екі тәсілі бар: біртекті, бұл тәсіл формальды әкімшілік-аумақтық шекарадан тыс саланың бір секторын біріктіру қағидатына негізделген, сондай-ақ көпбейінді, бұл тәсіл белгілі бір аумақтың (қаланың, ауданның, облыстың) шегінде оқшауланған. Елдің біртұтас мәдени кеңістігін қалыптастыру бойынша алға қойылған міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, заманауи Қазақстанда екі тәсілді де пайдаланған жөн.
Саланың біртектес секторлары ұсынған шығармашылық кластерлер мыналарды қамтиды: музей ісі, әдебиет, кітап шығару және кітапхана ісі, бейнелеу өнері, дизайн мен сәулет, театр, хореография, музыка, орындаушылық және цирк өнері, кино индустриясы, анимация және ұлттық телевизия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет