Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет28/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
 
 
«Рефлексия» жайындағы білімдер 
«Рефлексиялық мәдениетті» жүзеге асыру біліктері 
Ұстаздық шығармашылық 
Педагогтың кәсібилігі 


55 

БОЛАШАҚ 
ДЕНЕ 
ШЫНЫҚТЫРУ 
МҰҒАЛІМІНІҢ 
РЕФЛЕКСИВТІК 
МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
ҮРДІСІН 
МОДЕЛЬДЕУ 
 
2.1 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивтік мәдениетін 
қалыптастырудың құрылымдық - мазмұндық моделі 
Жұмысымыздың алдыңғы параграфында келтірілген рефлексивті 
мәдениетті дамытуды тиімді ету үшін болашақ мамандардың осы сапасын 
дамытудың: мәнді элементтері, әдіснамалық негіздері, компоненттері мен 
жолдары, әдістері мен құралдары, деңгейлері мен нәтижесі айқындалған 
моделін жасау қажеттілігі пайда болады. Болашақ дене шынықтыру 
мамандарының рефлексивті мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-
мазмұндық моделі осы сапаныңерекшеліктерін зерттеу материалдары негізінде, 
қоғамның бүгінгі инновациялық біліктілігі қалыптасқан, ізденімпаз маманды 
дайындауға деген талабына байланысты, педагогикалық білім беру мазмұнына 
талдау жасай отырып, жаңалауды қажет етуіне байланысты құрастырылды. 
Біздің зерттеуімізде, модельдеу жетекші әдіснамалық тұғырлардың бірі, 
басқа жалпы ғылыми тәсілдердің жетістіктері мен ерекшеліктерін қамтитын 
танымның әмбебап әдісі ретінде қарастырылады. Сондықтан да педагогикалық
ақиқаттың моделін жасауға қатысты еңбектерді зерделедік. 
Жалпыға белгілі болғандай, модельдеу ғылыми зерттеуәдістерінің бірі 
ретінде педагогика ғылымында кеңінен қолданылып келеді. Модельдеу әдісі 
эксперименттің педагогикалық нысанын зерттеу барысында және логикалық 
құрылымдар мен ғылыми түйіндерді құрастыруда сәйкестікті болжайды.
«Модель»
термині латын тілінен аударғанда 
«modulus» - «өлшеу, аналог, 
үлгі» 
деген мағыналарды береді

Сөздіктерде мынандай анықтамалар беріледі: 
Модель 
–бұл басқа жүйе туралы ақпарат алу үшін құралы ретінде қызмет 
атқаратын зерттеу жүйесі, бұл нақты құрылғы мен/немесе оның ішінде пайда 
болатын үдерістердің, құбылыстардың оңайлатылған көрінісі. 
«Модельдеу» түсінігі ғылым саласында әртүрлі мағынада пайдаланылады. 
Нақты мағынада «модельдеу» объектінің арнайы жасалған пішінінің, нақты 
нысанның сипаттамасын өңдеп жасауы. Логикалық түсіндірме сөздікте 
«модельдеу» нысанның қолдан құрастырылған нұсқасы, қисындық-
матаметикалық таңбалау формуласы, физикалық конструкцияларқұрастырулар 
т.б. Модельдеу зерттеу нысанына сәйкес, құрылымы мен құрылысын түсінікті 
түрде қайта өңдеп бейнелейді. Зерттеу нысанының элементтері арасындағы 
қарым-қатынастары мен байланыстарын, қасиеттерін көрсетіп, түсінуге қиын, 
көп уақыт жұмсауды талап ететін қиын мәселелерді шешіп, өзінің қажетті 
мәлімет алу үдерісін тиімді етеді.
В.А.Штофф модельді зерттеу нысанын бейнелейтін және жүзеге 
асыратын, сондай-ақ оның зерттеуі жаңа ақпарат беретін жүйе ретінде 
сипаттаған [139]. 
Ш.Т.Таубаева модельдеуді үлгі деп аталатын бір нысандағы басқа бір 
нысанның сипатын жүзеге асыру ретінде қарастырады. Оның ойынша, модель 


56 
мен түпнұсқаның арасында айқын көрінетін ұқсастық қатынас бар: ғылыми 
таным үдерісінде модель түпнұсқаны алмастырады; модельді зерттеу түпнұсқа 
туралы ақпарат береді [140,б. 54]. 
Модельдеу норманы өзгертуге және кейіннен жаңасын енгізуге 
бағытталған рефлексивті талдауда тәжірибені дамыту қызметі ретінде пайда 
болады. Осыған байланысты рефлексивті ойға бағыну бірінші орынға шығады. 
Өз кезегінде, кез-келген болжам белгіленген мәселеге сүйенеді және 
расталғаннан кейін ол өздігінен жүреді немесе мазмұн мақсаттарын тапсырма 
фазаларына аударады. Сондықтан модель мәселе мен міндет арасында 
орналасқан деуге болады. 
Бірқатар ғалымдар модельді объектінің нақты өмір сүру формасынан 
өзгеше түрде ұсыну ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы ғылым жеке тәуелсіз 
элементтерді-объектілерді олардың өзара әрекеттесуі ретінде зерттеумен 
айналысатындықтан, біз «модель» анықтамасында жеке элементтерді де, 
олардың қарым-қатынасы мен байланысын да қарастыратын«жүйе» терминін 
қолдануды орынды деп санаймыз. 
Келтірілген анықтамаларды қорыта келе, модельдеу – жаңаны жасау, 
соның негізінде жаңа білімдер, зерттеу нысаны жайында біртұтас ақпарат 
жинақтауға 
мүмкіндік 
беретін,педагогикалық 
зерттеулерде 
кеңінен 
қолданылатын әдістердің бірі деген тұжырым жасаймыз. Модельдің мәнді 
белгілері: 
көрнекілік, 
абстракциялау, 
ғылыми 
қиялдау 
элементтері, 
аналогияларды пайдалану, болжамдық элементтер жатады. Басқаша айтсақ, 
модель – ғылыми болжамның көрнекі түрі болып табылады.
Моделді зерттеу бізге оқылатын білімді тұтас құбылыс ретінде қабылдау 
туралы көзқарасты сақтауға көмектеседі және мәнін түсіндіреді.
Моделді түсіну үшін қажетті мәселелер: 
- нақты объектінің қалай орналасқанын, негізгі құрылымы мен құрамын, 
қоршаған ортамен дамыту және өзара әсерінің заңдылықтарын; 
- объект немесе үрдіспен бақылауды үйренуін, берілген шарттар, мақсаты 
мен критерийлерін басқарудың неғұрлым жақсы тұстарын анықтау; 
- объектіге әсер ету тәсілдері мен формаларын жүзеге асырудын тура және 
қосалқы салдарын болжау. 
Модель құру – шынайы түрде жүзеге асырылатын жүйені арнайы 
үйлесімділіктер арқылы материалды немесе моралды имитациялау жүргізу. 
Экспериментте модель екі түрлі роль атқарады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет