Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет27/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
әдіснамалық 
рефлексия жасай білуінің мәні зор. Бұл – мақсаткерлікті 
талдай алудан басталады. өзінің нақты жағдайы мен болашағынының бағытын 
саралай, аралық мақсаттарды анықтай алумен сипатталады. Мұғалімнің 
мақсаткерлікті еркін жүзеге асыра алудағы тиімділігі төмендегі шарттарға 
байланысты: а) педагогикалық шығармашылықта мақсатқа жету үшін 
шығармашылық әрекеттің өнімді алгоритмдерін құра алудан; ә) мақсатқа 
жетудің нәтижелерін талдау мен бағалаудағы сенімділік, икемділік, істің 
сәйкестілігінен.


52 
Әдіснамалық рефлексия интеллектуалдық әрекетпен тығыз байланыса 
отырып, мұғалім үшін белгілі білім мен мәселені шешуде оның жеткіліксіздігі 
арасындағы қарама-қайшылықты, қақтығысты тудырады.
Әдістік-бағдарлы оқыту жүйелерінен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін 
дамытатын жобалау-тудырушылық жүйеге өту - шығармашылық ортаны, 
кәсіби білімді тұлғаның жаратушылық болмысына негіздей отырып, оның өзін-
өзі жасампаздықпен өзгерте алуы алдыңғы қатарға шығатын, өз 
шығармашылығының дамуына өзінің жеке жауапкершілігін сезінетін 
рефлексивті амал негізінде мүмкін болады.
Рефлексия әртүрлi жағдайда орын алатындығы белгілі. Солардың ең кең 
тараған түрi – өзiн-өзi рефлексиялау немесе өзiнiң психикалық жағдайлары мен 
әрекеттерiн сыртқы бақылаушының позициясынан талдау. Соның нәтижесiнде 
танымдық әрекетiң жаңа бағытқа бет бұруы орын алады. Бiз де кез келген 
маманның өз ісіне сын көзбен қарап, баға бере алатын дәрежеге жетуі оның 
бойындағы басты құндылықтарының бірі деп есептейміз. Өз тәжірибесіндегі 
жетістіктер мен «әлсіз» тұстарын анықтай білетін мұғалім ғана өзінің 
дамуының көкжиегін бағдарлай алады, өз білімі мен тәжірибесіндегі 
олқылықтарды болдырмаудың жолын таңдайды, осы жолда өзінің ішкі 
күштерін шоғырландыруға талаптанады.
Жоғары білім берудің жаңа парадигмасы нәтижеде білім алушылардың 
құндылықтар жүйесін қайта қарауға әкелетін білімге бағытталып отыр. Өйткені 
білімнің өзінің құндылықтар жүйесі – субъектілердің өзін-өзі өзгертіп, өзін-өзі 
дамытуында мақсаттарға жетіп, нарықтың бәселестік заңдарына шыдай 
отырып, табысты өмір сүруге дайындау болып табылады. Бұл қазіргі білімнің 
көп білетін, тіпті оны қолдана да білетін адам ғана емес, рефлексия жасай 
білетін мүмкіндіктері мол тұлға қалыптастыру мақсатынан туындайды. 
Болашақ мұғалiм өз педагогикалық әрекетiне баға берудi меңгермейiнше 
оның шығармашылығының дамуы жайлы сөз ету артық деп есептеймiз. 
Сондықтан педагогикалық рефлексия жасай алу - мұғалiмнiң өзiнiң болашақ
қызметiн нәтижелi атқару үшiн қажеттi сапа болып табылады. 
Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды 
меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексияны адам табиғатына тән 
болғандықтан ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістерден бөліп қарауға 
болмайды. 
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексиялық қызметінің мақсаты: 
педагогикалық әрекеттің негізгі компоненттерін есіне түсіріп, олардың мәнін, 
алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған 
әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік 
көзқарасын білдіру. Орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда 
ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға шығармашылыққа қарай 
жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Рефлексияның жүйеқұраушы идеясы ретінде оның күшпен әсер ету, 
адамның санасына билік етуге қарсылық көрсететін дербестікке негізделгенін 
атап өту қажет. Ол адамның барлық істерінің бағытын анықтайтын, 


53 
белсенділігін оятатын ішкі күштерінің іске қосылуына жағдай жасайды. 
Сырттан бағыт алатын, оянатын рефлексия балаға немесе ересекке күш көрсету 
емес, тек сырттан ынталанатын, өзіңнің кім екеніңді білу, айна-ланы тануға 
қатысты ішкі қажеттіліктерді ақыл парасатпен қа-нағаттандыруға байланысты 
адал, адами еңбек. 
Болашақ 
дене 
шынықтыру 
мұғалімінің 
кәсібилігі 
мен 
шығармашылығының дамуы тұлғаның рефлексиялық мәдениетінің қалыптасу 
деңгейіне тікелей байланысты. Рефлексиялық мәдениетті біз өмірлік және 
кәсіби әрекеттегі түйткілді мәселелерді ой елегінен өткізуге, оларды жеңе 
білуге; ішкі және сыртқы қақтығыстар жағдайынан тиімді шыға алуға; жаңа 
күш-тер мен құндылықтарды таба білуге; қалыптан тыс міндеттерді қоя, шеше 
білуге дайындық деп қабылдаймыз. Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам 
өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. 
Бұл сапа өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, 
өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. 
Осы ретте ұстаздың рефлексиялық мәдениеті туралы мәселенің пайда 
болуы заңдылық деп ойлаймыз. Бұл мәселе сондай-ақ қазiргi бiлiмнiң басты 
идеяларының бiрi болып табылады. Ғылыми зерттеу жұмыстарындағы 
мұғалімнің рефлексиялық мәдениеті жөніндегі пайымдауларға сүйене отырып, 
бұл сапаның сипаттамалары қатарына мыналарды жатқыздық: 

кәсіби шығармашылық әрекеттерге дайын болу;

кәсіби-шығармашылықтың және өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін 
құндылық ретінде мойындау;

қалыптан тыс практикалық мәселелердi дер уақытында көтере және 
шеше бiлу;

әртүрлi тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесiне бейiм-деле алу. 
Жоғары білім жүйесінде болашақ мұғалімдердің рефлексиялық мәдениетін 
дамытудың педагогикалық жағдайларының бірі ретінде рефлексивті орта және 
ондағы бірлескен шығармашылық әрекеттердің алатын орны ерекше. 
Рефлексивті орта тұлғаның шығармашылық еркіндігі, ол - дамытушылық 
қарым-қатынас жүйесі. Мұндай ортаның барлық қатысушылары ашық 
бірлескен әрекетті бірлесе талдау арқылы өздерінің ішкі «қорларын» ашуға 
мүмкіндік алады.
Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты 
қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне өзі сұрақ беруден 
бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл - мұғалiмнiң шығармашылық әрекетке 
қосылуының құралдарының бiрi – одан өзiне қатысты белсендi позицияны 
таңдауды талап ететiн рефлексиялық 
өзiндiк диагностика
жасауға мүмкіндік 
береді.
Рефлексиялық диагностика: шығармашылық мәдениеттiң, адамның өзiнiң 
құндылық бағдарларымен жұмыс жасауға, педагогикалық әлемнiң бiртұтас 
және құндылық образын жасауға, шығармашыл мұғалiм ретiндегi өзiнiң 
образын жасауға, өзiнiң дамуының мүмкiн варианттарын белгiлеуге; өзiнiң 
құндылық бағдарларының және шығармашылық әрекетке дайындығының 


54 
психологиялық қауiпсiз диагностикасын жасап, ол нәтижелердi өзiн-өзi 
жетiлдiру мен өзiн-өзi дамытуда қолдануға жағдай жасайды. 
Рефлексия – тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, оның объект туралы білімін 
нақты әрекетпен байланыстыра алуы. Бұл сапаның барлық адамда болуы 
айналаны өзгертуге, өмірді мәнді етуге ықпал етеді. Демек ол ең алдымен 
мұғалімде болуы шарт. Педагогтың кәсібилігі мен шығармашылығының дамуы 
стереотиптерді, мінез-құлықты, қарым-қатынас стилін және ойлауды өзгертудің 
тетігі ретіндегі рефлексиялық мәдениетті жетілдірумен тікелей байланысты. 
Осы айтылғандарды суреттүрінде төмендегідей бейнеледік (сурет 5). 
Сурет 5 - Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлксиялық мәдениетінің 
кәсібилік пен шығармашылыққа қатысы 
Рефлексиялық мәдениетті дамытудың жолдарының бірі білім алу 
барысында тұрақты - 
кері байланыстың
жолға қойылуы. Кері байланыс 
дегенді біз кең мағынада түсінеміз. Мектеп жағдайында ол – жаңа білімді қалай 
меңгергенін анықтаудың жолдарының бірі болса, студенттердің білім алу 
үрдісінде білімдік әрекет барысының өрбуі, ол жолдағы ойлар мен 
толғаныстарды, эмоционалдық жағдайда білдіре алу, өзінің білім мен тәжірибе 
жинақтау үрдісінің нәтижелері «алғаны» және соған байланысты «болашағына 
жасаған бағдары» турасында толғануы.
Сонымен рефлексиялық мәдениет – көпқырлы, кіріккен әрекет. Ол фи-
лософияда – адам санасының өз әрекетіне, өзіне бағытталуы; психологияда – 
субъектінің өзінің ішкі психикалық жағдайларын өзінің тануы, әлеуметтік 
психологияда – өзін ғана танып қоймай, өзін басқалар қалай бағалайды, өз 
позициясымен ол қа-лай үйлеседі турасында ойлануын білдіреді. Бұл әрекет 
психологиялық тұрғыда адамның психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етсе, 
педагогикада мұғалімнің педагогикалық әрекетін жоғарғы кәсібилік және 
шығармашылық деңгейде жүргізуге негіз болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет