Белегова әлия ақанбайқызы болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивтік мәдениетін



Pdf көрінісі
бет29/85
Дата26.10.2023
өлшемі3,25 Mb.
#188374
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Байланысты:
дш
антикорупция, неврология, Перечень экз.вопросов Основы АСУ ТП (1), СИЛЛАБУС каз ЖМ Основы ДБ 4курс2020-2021 (3)
біріншісі
, модель оқып-үйрену объектісі (объектіге ұқсас екіншісімен 
танысу); 

екіншісі
, эксперименталды құрал (осы объектті тану құралы болып 
табылады). 
Ол түпнұсқаның тәуелсіз зерттеуі арқылы алу қиынға түсетін және мүмкін 
емес берілгендерді қолданады. Бұл үлгілеу арқылы жүзеге асады. 
Үлгілеу – таным нысандарын үлгінің көмегі арқылы зерттейтін әдіс 
болғандықтан, белгілер, символдар немесе нысандар алынады және 
төмендегідей жағдайда қолданылады: 


57 
– 
біріншіден
, сыртқы ортадағы заттар мен құбылыстардың өзара әсер ету 
ережесін және оның негізгі сипатын жүйелі зерттеу үшін; 
– 
екіншіден
, құрылымның әртүрлі түрін жалпылау және талдауды жобалау 
кезеңінде; 
– 
үшіншіден
, жүйелі пайдалану кезеңінде.
Сонымен, үлгілеу басқа әдістермен тануға мүмкін болмаған жағдайда 
нысан туралы ақпарат береді, олардың арасындағы байланыстарды зерттеп, 
анықтайды. Үлгі зерттеу нысанына қорытынды сипаттама береді және оны 
жүзеге асырудың эталоны бола алады.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексиялық мәдениетін 
қалыптастыру моделін жасауда біз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (Білім берудің барлық 
деңгейінің мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту 
туралы). Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 
қарашада бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты» [141]. 
ҚР МЖМБС 6.08.012-2009 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» 
мамандығы мемлекеттік стандарттары;сонымен қатар білім бағдарламалары 
мен педагогикалық мамандықтардың модульдерін әзірлеу, педагогтарды 
сертификаттау үшін бағалау материалдарын дайындау және біліктілік 
деңгейлерінің критерийлерін әзірлеуде басшылыққа алынатын 2017 жылғы 8 
маусымдағы №133 бұйрығымен шыққанҚазақстан Республикасы Ұлттық 
кәсіпкерлер палатасы басқармасының «Атамекен» Басқарма төрағасының 
«Кәсіби стандартты бекіту туралы»сияқты нормативті құжаттардың талаптарын 
басшылыққа алдық.
Модельдің зерттеу мақсат-міндеттеріне қарай жасалатын түрлерін талдай 
отырып, біз құрылымдық-мазмұндық модель зерттеу жұмысымыздың 
мақсатына жауап бередідеген қорытындыға келдік. Біздің моделіміздің бір 
тұтастығы компоненттердің құрылымдық (мақсаты, процестер мазмұны
нәтиже) және мазмұндық (факторлар, ұстанымдар, мазмұн, кезеңдер, әдістер, 
өлшемдер, деңгейлер) бірлігін қамтамасыз етеді.
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің рефлексивті мәдениетін 
қалыптастырудың моделін құрастыруда:нобайды теориялық негіздеу; 
қасиеттер 
мен 
байланыстарды 
түсіндіру; 
сипаттаманы 
түпнұсқа 
сипаттамасымен салыстыру; олардың арасындағы ауытқуларды табу; модельге 
түзетулер енгізу; алынған мәліметтерді тұжырымдау; нобайды практика 
жүзінде тексеру сияқты қадамдар жүзеге асты. 
Ұсынылып отырған модель болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің 
рефлексивті мәдениетін қалыптастырудың жоғары деңгейде даярлау үдерісіне 
бағытталған педагогикалық жүйенің үлгісі болып табылады. Модель болашақ 
спорт педагогтарының рефлексивті мәдениетін қалыптастыру үдерісін 
сипаттайды, олардың көмегімен нысандар мен құбылыстардың өзара 
байланыстары мен қарым-қатынастарын көрсетеді, оның басты қызметі - 


58 
зерттелетін мәселенің мәнін ашуға, құрылым ретінде түсінуге мүмкіндік беру 
болып табылады.
Модельді жүзеге асыру негізінде дене шынықтыру мұғалімдерінің 
педагогикалық рефлексия туралы білім меңгеріп қана қоймай, олардың алған 
білімдерін тәжірибеде жоғары деңгейде қолдана алулары, кәсіби әрекеттерінде 
педагогикалық шығармашылықтың жоғары деңгейін көрсете білулері, 
оқушылардың жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, олардың 
толыққанды дамуы және өзін өзі дамытуын қамтамасыз етілетіндігі күтіледі. 
Болашақ 
дене 
тәрбиесі 
мұғалімдерінің 
рефлексивті 
мәдениетін 
қалыптастыруға қатысты біздің құрастырған құрылымдық-мазмұндық 
моделіміз педагогикалық зерттеулерде басшылыққа алынатын: тұлғалық - 
бағдарлы, жүйелілік, аксиологиялық, акмеологиялық, мәдениеттанымдық 
тұғырларға, теория мен практиканың байланысы, субъектілік сияқты 
ұстанымдарға негізделіп, бір-бірімен өзара байланысқан: 
мотивациялық - 
құндылықты; 
мазмұндық-әрекеттік; 
бағалаушылық-нәтижелік 
компоненттерден, көрсеткіштерден тұрады

Зерттеу міндетіне сай құрылған модельдің мақсаты – болашақ спорт 
педагогтарының рефлексиялық мәдениетін дамытудың теориялық – 
әдіснамалық негіздерін, компоненттерін, құралдары мен әдістерін, «даяр» 
болудың нәтижелері мен оларды тексеру әдістерін саралау болып табылады.


59 
Сурет 6 – Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің рефлексивтік мәдениетін 
қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі 
жоғары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет