3 9. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.
Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде , адамдардың қатынас құралы, пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы.
40. Қостілділік - ұлтаралық қарым-қатынастарда қолданылатын күшті құрал: әртүрлі ұлт өкілдерінің ортақ істе, бір аумақта бірге тұруының көпқырлы өзара байланысын жүзеге асырады. Қостілділік - көпэтннкалы тұрғындардың қарым-қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттіліктен туындайды. Ол әртүрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасының күшеюі барысында ерекше мәнге ие болып, қазіргі этнотілдік процестердің қүрамдас бөлігі ретінде, яғни этникалық процестердің дамуының маңызды шарты әрі факторы және этностардың өзара тарихи қарым-қатынастарының нәтижесінде қалыптасады. Екінші тілді білу біріншіден, еңбек ету аясында өте қажет, өйткені бүгінгі таңда өндірістік байланыстар ұлттық шеңберден шығып, республикада көпұлтты еңбек ұжымдары басым. Тілдердің дамуы мен қызметінде қостілділік үлкен рөл атқарады.
Жасанды тілдер — қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым- қатынасын жеңілдету мақсатынан туды. Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:
И.М. Шлейер жасаған волапюк (1879),
Луи де Бофрон жасаған идо (1907),
Э. де Вааль жасаған оксиденталь (1922),
О. Йесперсен жасаған новиаль (1928),
Марк Окранд жасаған клингон тілі (1984)[1]
Нью-Йоркте А. Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) интерлингва, т.б.
Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Л. Заменгоф жасаған эсперанто тілі.
Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто).
Тілдік одақ орыс языковой союз — біртұтас географиялық кеңістікте ұзақ уақыт бойы жиі қарым-қатынаста даму нәтижесінде пайда болған, құрылымдық және материалдық белгілері ұқсас тілдердің аймақтық-тарихи бірлігінің ерекше түрі. Тілдік одақ идеясы Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде кездеседі. "Тілдік одақ" терминін "Вавилонская башня и смешение языков" (1923) деген мақаласында алғаш қалыптастырған Н. С. Трубецкий. Ол тіл отбасын Тілдік одақтан бөліп қарауды ұсынды.
Креол тілдері құл саудалаудың қызған кезінде XVII-XVIII ғасырда пайда болды. Ұзақ уақытқа ХІХ ғасырдың соңына дейін креол тілінде сөйлемейтіндердің бэрі оны ағылшын (немесе француз, португал жəне басқа тілдер) тілдерінде таза сөйлей алмау деп түсінді. Мұны жүйелі түрде зерттеу, арнайы жеке тіл ретінде қарастыру тек 1960 жылдардан бастау алды [3; 158]. Бұл мәселені арнайы зерттеген лингвистер елу-алпыс шақты креол тілі бар деп есептейді. Бұл тілдердің әрқайсысының бір еуропалық (көбіне ағылшын, француз, португал) тілге негізделген сөздік қоры, біршама грамматикасы бар.
Креол тілдерінің ішіндегі ең танымалы — гаити тілі. Гаити аралының 9 миллион адамы оны өз ана тілі есебінде қабылдап, сол тілде сөйлейді. Тағы бір үлкен топ — папьяменто тілі. Бұл тілде Кюрасао аралының бірнеше мың тұрғыны мен Венесуэла төңірегіндегі аралдардың тұрғындары сөйлейді. Тарихи жағдайларға байланысты папьяменто тілі испан, португал жəне голланд тілдерінен құралған [3; 159].
Достарыңызбен бөлісу: |