Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет52/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

13.2 Экологияның тұрақты даму тұжырымдамасы
Қоршаған орта мен дамудың әрекеттесу стратегиясын зерттей отырып, Брунтланд Комиссиясы «тұрақты даму» ұғымын енгізді. Брунтланд Комиссиясы – Қоршаған орта мен дамудың ха- лықаралық комиссиясы (WCED). Комиссия өз төрағасы Гру Харлем Брундтландтың есімімен аталады. Ол 1983 жылы БҰҰ-ң шешімімен шақырылған болатын.
Тұрақты даму (ағыл. sustainable development) – экономикалық және әлеуметтік өзгеріс үдерісі. Өзгеріс барысында бір-бірімен келісе отырып табиғатты қорғау заңдылықтарын және жеке тұлғаны дамыту, табиғи ресурстарды пайдалану және инвести- циялау. Сонымен бірге адамзаттың қазіргі және болашақтағы сұранысын қоршаған ортаны қорғай отырып қанағаттандыру.
Тұрақты дамудың негізін экономика, табиғат және адам (қоғам) құрайды. Бұл тұрақты даму тұжырымдамасының үштігі. Экологиялық тұрақты даму үшін бізден не талап етіледі? БҰҰ- ның қоршаған орта және даму конференциясында (Бразилия, Рио- де-Жанейро, 1992 ж.) экологиялық тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін, бүкіл дүниежүзі елдеріне болашақтағы ұрпақтарымыз ғаламдық экологиялық апатқа ұшырамау үшін, табиғи ресурс- тарды тиімді және жөнімен пайдалануымыз қажет деген талап қойылды.
Кез келген дамудың негізіне біздің рухани адамгершілігіміз жатады. Рухани және экологиялық сана-сезім–қоршаған ортаны қорғаудың қажет екендігін түсіну. Бұл дегеніміз өсімдіктер мен жануарларды немесе жалпы планетамызды қорғауға міндеттіміз деген жауапкершілікті түсіну. Бұл жерде экологиялық мәдениеттің рөлі жоғарылау.
Экологиялық білім дегеніміз адамның қоршаған ортаға қалай әсер ететіндігін түсіну және экологиялық апатты болдырмау жол- дарын табу.
Экологиялық тұрақты дамудың стратегиясын орындау – Жер бетіндегі адамдардың маңызды міндеттерінің бірі. Табиғи ресурс- тарды сақтау және қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдала- ну және табиғи теп-теңдікті бұзбау, яғни қоғам көзқарасының оңтайлы өзгеруіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет