Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Жақын арадағы даму аймағы



Pdf көрінісі
бет18/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Жақын арадағы даму аймағы
Әлеуметтік­мәдени теориядағы маңызды ұғым – 
жақын арадағы даму аймағы.
Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы – оқушының өз бетінше 
шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен ересек адамдардың 
басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер 
арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл 
түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге 
болатын барлық білім мен дағдыларды қамтиды. Л.С. Выготскийдің пікірі бойынша, 
оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік 
қарым­қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Бұл баланың 
психикалық дамуындағы ересек адамның рөлін айқындайды. Л.С. Выготскийдің айтуы 
бойынша, даму процесі оқып-үйрену процесінің ізімен іске асады. Дұрыс ұйымдастырылған 
оқыту баланың ересектермен бірлескен іс-әрекеті арқылы қалыптасқан жақын арадағы даму 
аймағына, психикалық процестеріне сүйенеді, содан кейін оның өз бетінше іс-әрекеттеріне, 
қалыптасқан ғылыми ұғым-түсініктері арқылы көрініс табады.
«Баланың өз бетінше істей алатын деңгейден басқалармен бірлесе жүзеге асыра 
алатын деңгейге көшу мүмкіндігінің мол не аз болуы баланың даму динамикасы мен 
табысты ақыл-ой қызметін сипаттайтын ең басты белгі болып табылады»

 
Жақын арадағы даму аймағы түсінігі баланың мүмкіндіктері мен даму перспективасын 
айқындауға мүмкіндік береді, бұл баланың психикалық дамуына диагностика жасауда аса 
маңызды болып табылады. 
 
Келешектегі қадамдарды айқындау 
Л.С. Выготскийдің тұжырымдауы бойынша (1978), 
баланың жақын арадағы даму 
аймағында
оқыту анағұрлым тиімді болады. Бұл баланың өз бетінше және ересектердің 
көмегімен іске асыратын әрекеттері арасындағы терезе сияқты. Демек, жоспарланған 
білім беру мүмкіндіктері мен сабақтары баланың нақты даму деңгейінен сәл жоғары 
деңгейде ұйымдастырылуы тиіс, ал педагогтер немесе басқа да ересектер бала дамуының 
жақын арадағы даму аймағына қол жеткізуіне қолдау көрсетуі тиіс. Брунер
scaffolding
(«қолдау») терминін енгізді. Оның пікірінше, бала белгіленген білім, білік және түсінікті 
өз бетінше меңгеру қабілеті қалыптасқанда, оған көрсетілетін қолдау азайтылады (Вуд, 
1998). Балаларды бақылау барысында олардың жетістіктерін белгілеу маңызды,
дегенмен 
сыртқы жетістіктері мұқият ойластырылған «қолдау» техникаларына негізделетін 
тәсілдерді қолдану маңыздырақ болып табылады. Олар балалармен бірлексен ойын 
түрінде болуы мүмкін: модельдеу, сұрақ қою және түсіндіру. Ересектердің оқытуы мен 
баланың өз бетінше оқып-үйренуі ересектер мен құрдастары тарапынан «қолдау» 
көрсетілуіне мүмкіндік береді. 
Балаларды дамытудағы келесі маңызды қадамдарды белгілеу білім беру салалары мен 
дамытудың барлық бағыты бойынша әрбір баланың нақты даму деңгейі және қолдау 
көрсетуді қажет ететін әлеуетті даму деңгейі туралы терең білімді қажет етеді. 
Балалар 
білім алу мәселесіне әртүрлі көзқараста болады және әртүрлі қарқынмен дамиды.
Әрбір 
баланың деңгейін терең білу және түсіну дамытудың келесі қадамдарын жоспарлаудағы 
өзекті мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет