Сензитивтік кезеңдер
Сензитивтік кезең
(немесе сенситивтік кезең) – адамның өміріндегі белгілі бір
психологиялық қасиеттер мен мінез-құлық түрлерін қалыптастыру үшін барынша
жағымды жағдайды қалыптастыратын кезең; психиканың белгілі бір қырын барынша
тиімді даму үшін ең тиімді мүмкіндіктер кезеңі.
«Адам белгілі бір білім-дағдыны осы үшін оңтайлы сензитивті кезеңдегі сияқты
басқа кезеңде оңай игере алмайды.
Сензитивтік кезеңдер белгілі бір уақытқа созылады және баланың белгілі бір
қабілеттерін дамыту үшін осы кезеңді толық пайдаланғанына не пайдалана алмағанына
қарамастан, бұл кезең енді қайталанбайды.
Ересектер сензитивтік кезеңдерінің пайда болуы мен ұзақтығына сырттай әсер ете
алмайды, бірақ оның бірқатар мүмкіндіктері болады (әсіресе, егер ол өзін педагогикада
саласының кәсіби шеберімін деп санаса және өз мамандығының мән-мағынасын түсінуге
мүдделі болса):
- Ересектер бала дамуында осындай кезеңнің болатынын, оның ерекшеліктерін біле
алады (нақтырақ айтқанда, білуге міндетті!), олай болмаған жағдайда ол өз өмірін
баланың болмысымен күресуге арнап, мұны шынайы педагогика деп санауы мүмкін.
-Ересектер белгілі бір сензитивтік кезеңнің анағұрлым қарқынды өту кезеңдеріне
тән көріністерді бақылай алады, бұл баланың өзекті даму деңгейін нақты бағалау үшін
керек.
-Ересектер келесі сензитивтік кезеңнің басталғанын алдын ала сезе алады және
балаға осы кезеңде қажет болатын нәрселердің болуы үшін, соған сәйкес тәрбиелеу және
оқу ортасын (дидактикалық материалдар) дайындауы керек.
Бұл тұрғыдан алғанда М. Монтессори мектебінің «дайындалған ортасы» мәселенің
оңтайлы шешімі болып табылады – ол баланың кез келген танымдық қызығушылығын
жүзеге асыру үшін қажеттінің барлығымен қамтамасыз етілген.
Сензитивтік кезеңге тән тағы бірнеше жалпы сипаттамалар бар.
Сензитивтік кезеңге
әмбебаптық
сипат тән
,
яғни балалардың нәсіліне, ұлтына,
даму қарқынына, геосаяси, мәдени ерекшеліктеріне және т.б. қарамастан, барлық
балалардың даму барысында пайда болады.
Сензитивтік кезеңге
дербестік
сипат тән, оның әр балада пайда болу уақыты мен
ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: