Білім беру бағдарламасы тыңдаушыға арналған нұСҚаулық


Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-



Pdf көрінісі
бет21/70
Дата19.07.2022
өлшемі1,05 Mb.
#147594
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70
Байланысты:
3 Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 30.07.19 2

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу
«Ерекше білім беру қажеттіліктері» (Special Educational Needs) термині алғаш рет 
1978 жылы Лондонда мүгедек балалар мен мүгедек жастарға білім беру мәселелері 
жөніндегі Комитеттің баяндамасында алғаш рет қолданылған. 2004 жылғы шілде айында 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру туралы заң (The Education for 
Persons with Special Educational Needs (EPSEN) қабылданды. EPSEN Заңында ерекше 
білім беру қажеттіліктері адамның төрт түрлі кемістігінің салдарынан болуы мүмкін деп 
танылған: 
• дене кемістігі; 
• сезіну мүшелерінің кемістігі; 
• ақыл-ой кемістігі; 
• оқуға қабілетсіздік. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар психофизикалық ауытқулары бар 
балалар, сондай-ақ ондай ауытқулары жоқ балалар болуы да мүмкін. Психофизикалық 
ауытқулары жоқ балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері ерекше әлеуметтік-мәдени 
жағдайлармен байланысты болуы мүмкін, мысалы, қазақ тілін білмейтін баланың бегісіз 
ортада қиын жағдайға ұшырауы.


Жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында саралап оқыту тұжырымдамасы 
кең қолданысқа ие болады.
Балабақша тәрбиешілеріне жауапты міндеттер жүктеледі – ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балаларды уақтылы анықтау, әрбір баланың өз жасына сай 
мүмкіндіктері мен қабілеттерінің барынша толық ашылуына жағдай жасау. Статистика 
департаментінің деректері бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 
саны үнемі артып келеді. 
2007 жылы қабылданған Мүгедектер құқығын қорғау туралы БҰҰ Конвенциясы
адам құқықтары туралы ХХІ ғасырдағы алғашқы конвенция болып табылады. 
Конвенцияға инклюзивті оқу жүйесі бойынша бап кірген (24-бап): «Қатысушы 
мемлекеттер мүгедектердің білім алу құқықтарын мойындайды. Бұл құқықтардың тең 
мүмкіндіктер негізінде кемсітусіз іске асырылуын қолдау мақсатында қатысушы 
мемлекеттер инклюзивті білім берудің барлық деңгейлерде және өмір бойына 
қолданылуын қамтамасыз етуді өз міндеттеріне алады». 
В.В. Лебединскийдің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды санаттар 
бойынша жіктеуінде дамуында кемшілігі бар балалардың келесі санаттары 
қарастырылған: 
1) есту қабілеті бұзылған балалар; 
2) көру қабілеті бұзылған балалар; 
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балалар; 
4) ақыл-ой қабілеті бұзылған балалар; 
5) психикалық дамуы кідіртілген балалар; 
6) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар; 
7) эмоционалдық-ерік саласы бұзылған балалар; 
8) әртүрлі кемістіктері бар балалар. 
Балалар 
қабілеттері 
бойынша 
да, 
ілгерілеу 
қарқыны 
бойынша 
да, 
қызығушылықтары мен мұқтаждықтары бойынша да әртүрлі болатындығы белгілі. 
Балабақша жағдайында педагог «қабілетті» балаға жеткілікті жүктеме берместен, «әлсіз» 
балаға материалды қажетті дәрежеде түсіндіруге үлгермей, меңгерте алмағандықтан, 
орташа балаға бағдарланады. Міне, осындай жағдайда балалардың жеке қабілеттері мен 
мұқтаждықтарын ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың мақсат-
міндеттері мен мазмұнын, әдіс-тәсілдерін нақтылау арқылы балаларға бейімдеп, алуан 
қырлы түрлендіріп оқытуда саралап оқытудың маңызы зор. 
Балалардың оқу қажеттіліктері әртүрлі болады және олардың өз қабілеттерін 
толыққанды көрсете алуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы керек. Осыған байланысты, 
ортақ мақсаттарға жету үшін балалар мен педагогтердің қажетті әдіс-тәсілдер мен 
қолайлы уақытты таңдауы үшін бірқатар стратегиялар мен тактика қажет.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санатына жататындар: 

денсаулық жағдайы бойынша оқыту мен тәрбиелеуде дербес әдіс-тәсілдер мен 
жеке бағдарлама қолдануды қажет ететін балалар; 

материалды меңгеруде қиналатын балалар; 

логопедтің, психологтің арнайы көмегін алатын балалар; 

мінез-құлқында қиындықтары бар, тәрбиелік проблемалары бар балалар; 

қабілетті және дарынды балалар. 
Баланы оқытуда дербес оқыту тәсілін қолдану мәселесі дәстүрлі жүйеде бұрыннан
қолданылып келеді, дегенмен бүгінгі таңда мұндай зерттеулердің маңыздылығы аса зор. 
Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескеру олардың әртүрлі тұлғалық қырларына, 
оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктеріне қатысты болады.
Психологиялық қызмет көрсетуді қажет ететін топтар:

зейін тапшылығы және гипербелсенділік (ЗТГБ) синдромы бар балалар; 

мазасыз балалар (неврозға шалдыққан, тежеусіз, ұялшақ, тұйық балалар); 



агрессияға бейім балалар; 

ортаға баяу бейімделетін балалар; 

өзін-өзі төмен бағалайтын балалар; 

балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру (темпераментін, репрезентативті жүйе 
типін); 

солақай балалардың ерекшеліктерін ескеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет