Білім берудегі менеджмент



бет31/60
Дата11.06.2023
өлшемі309,25 Kb.
#178621
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Байланысты:
әдістемелік құрал Менеджмент

Еңбектi функционалдық бөлу ең алдымен қызметкерлердiң қызмет түрлерi бойынша мамандануынан көрiнедi. Бұл жағдайда жекелеген қызметтер оқшауланады және оларды орындау үшiн сәйкес қызметкерлер бөлiнедi.
Еңбектi тауарлы-салалық белгi бойынша бөлу нақты еңбек операциялары мен рәсiмдерiн орындауда мамандану және шектеумен байланысты.
Еңбектi бiлiктiлiк бөлу еңбек қызметiнiң түрлерiн анықтаған кезде жұмыстың күрделiлiгi мен оны орындау үшiн қажет бiлiктiлiкке сүйенетiндiгiне негiзделедi. Мұндай жағдайда бiлiктiлiгi мейлiнше төмен қызметкер орындай алатын жұмысты бiлiктiлiгi жоғары бiрде-бiр қызметкер орындамауы тиiс қағида бұзылмауы керек. Бұл қағиданы бұзу жұмыстардың құнын арттырады және адам ресурстарын босқа шығындауға әкеледi.
Басқарушылық еңбекті бөлу түрінің бірі де көлденең сипатта болады: жекелеген бөлімшелерге нақты басшы тағайындалады. Ұйым табысқа жетуі үшін көлденеңiнен бөлінген басқару жұмысы да, өндірістік жұмыстарды орындау үшін еңбекті көлденеңiнен бөлу жағдайында сияқты үйлестірілген болуы қажет. Кейбір басшылар өзге басшылардың жұмыстарын үйлестіруі тиіс, олар өз кезегінде өзге басшылардың жұмысын үйлестіреді, сөйтіп ең төменгі деңгейдегі басшы басқарушы қызметшілерге жатпайтын адамдардың жұмысын үйлестіреді. Осылайша еңбекті тігінен бөлу басқару деңгейлерін құрайды.
Басқару деңгейлеріүшке бөлінеді:
1) төменгі деңгейдегі техникалық басшылар - тікелей жұмысшылар мен өзге де қызметкерлердің үстінен қарайтын ұйымдық деңгей. Олар тапсырмалардың дұрыс орындалуы туралы тікелей ақпаратты қамтамасыз ету үшін өндірістік тапсырманың орындалуына бақылау жасайды. Басшылардың басым бөлігі төменгі деңгейдегі басшылар.
2) орта деңгейдегі басқарушы басшылар - төменгі деңгейдегі басшылардың жұмыстарын үйлестіреді әрі бақылайды. Орта деңгейдегі басшы көбіне ұйымдағы ірі бөлімшені басқарады. Оның жұмыс сипаты көп жағдайда бөлімше жұмысының мазмұнымен анықталады.
3) жоғары деңгейдегі институционалдық басшылар - тұтастай ұйым немесе оның негізгі бөлігі үшін маңызды шешімдер қабылдауына жауап береді.
Iрiлендiрiлген түрде еңбектi тiгiнен бөлу келесi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жалпы басшылық – ұйым қызметiнiң басты, перспективалы бағыттарын әзiрлеу және iске асыру;
технологиялық басшылық – прогрессивтi технологияларды әзiрлеу және ендiру; бұл басқарудың осы заманғы әдiстерiн ендiру, кешендi механикаландыру және өндiрiстi автоматтандыру негiзiнде өндiрiстiк процестердi ұтымды ету;
экономикалық басшылық – стратегиялық және тактикалық жоспарлау, ұйымның экономикалық қызметiн талдау, шаруашылық есептi ендiру және оның рентабельдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
жедел басқару – жедел жоспарларды құру және микроұжымдар мен жекелеген орындаушыларға жеткiзу, орындаушыларды жұмыс орындары бойынша орналастыру, оларға нұсқау беру, өндiрiстiк процестiң барысына жүйелi бақылау ұйымдастыру;
қызметкерлердi басқару – ұйымның еңбек ресурстарын iрiктеу, орналастыру және дамыту.
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл, адамдық қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.
Басқарушы менеджер. Бұл әуелден менеджерге тән болған дәстүрлі қызмет. Осы қызметті орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі ол іскерлік сұхбатқа машықтануы қажет.
Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз рәсімдерімен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды белгілеп дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәмілелерді бекітуге, дау-дамайларды шешуге, билік өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартуға жұмсайды. Әрқилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатыстырудың қажеттілігі артып келетіндіктен, бұл, әсіресе, халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидер мен менеджердің қызметтері бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің қызметі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, рәсімдер, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы ұғынылады. Лидерлік қызмет екі құрағыш кәсіби-технократиялық және эмоционалды тұлғадан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. Өндірістік процестер күрделене түсуіне байланысты қызметкерлерге қойылатын талап күшейіп отыр. Ең алдымен қызметкерлердің технологиялық эрудициясын көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік жақтарын жетілдіруі тиіс. Техника мен технологияның күрделене түскен процесі мамандарды тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді. Қызметкердің тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелілігі экономикалық прогрестің шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны жоғары болып тұрғанда инновацияға немқұрайды қарауға болмайды. Тозған құралдарды ұдайы ретке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адамдық қасиеті мол менеджер. Ол әлеуметтік қасиеттерге ие тұлғаны білдіреді. Мысалы, Ф.Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы жете меңгерген, күш-жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды. Бағыныштыларды басқарғанда ол «адамдық тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі үшін мыналарды естен шығармауы тиіс: жұмыскерлер оған емес, ол - жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек.
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы өзгерістерге енжар жауап қатып қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады. Менеджер жұмысының тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын шығындарының ара-қатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджменттің мақсаты - аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады. Менеджер команданың жаттықтырушысы іспеттес, оның міндеті - команданы жасақтап, олардың өзара әрекет етуін қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет