Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


Й. Шумпетердің «креативті деструкция» теориясы



бет18/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
2.2 Й. Шумпетердің «креативті деструкция» теориясы
Көпшіліктің мойындауы бойынша инновациялық менеджменттің ғылым ретінде қалыптасуына ең көп үлесті австриялық ғалым Й.А.Шумпетер (1883-1950) қосқан. Негізгі еңбектері 1930-шы жылдары жарық көрді.
Оның зерттеулерінің мақсаты «іскерлік циклдар» деп аталатын теорияны тұрғызу болып табылады. «Іскерлік циклдар» - халықаралық экономикадағы гүлдену және құлдырау кезеңдерінің толқын сынды алма кезек алмасуы. Бұл циклдар тұңғыш рет кеңестік экономист Н.Д. Кондратьевпен табылған.
Й. Шумпетердің тұжырымдамасына сәйкес, экономикалық дамудың қозғалтқышы болып экономикадағы құрылым ішіндегі өзгерістерден циклдік үрдістердің туындауы, кәсіпкердің инновациялық қызметі табылады [3].
1-ші кестеде Шумпетердің инновацияға берген анықтамасы айтарлықтай терең. Техникалық жаңалық енгізуден басқа ол ұйымдатырушылық, басқарушылық және маркетингтік инновацияларды, жаңа нарықтарды, жаңа жабдықтау көздерін, қаржылық жаңалық енгізу және ресурстардың жаңа үйлесуін де қосады. Ол өнертабыс пен инновация арасындағы нақты айырмашылықты көрсетті, яғни өнертабыстың пәнін -ұрайтын жаңа өнім немесе технологиялық прогрестің оригиналды идеяны (патенттелген болсын) коммерциялық сатылатын жаңалыққа ауысиыру. Жаңа өнімді жобалау, зерттеме, өндіру және маркетинг жұмыстары өнертабыстың қызметпен сәйкес келмейді және бір ұйым шеңберінде жүзеге асырылуы міндетті емес.
Мұндай дифференцация принципиалды түрде маңызды зор, дегенмен өнертабыс пен инноваторлық қызмет жиі әрекеттеседі. Инновацияны енгізу үрдісі одан әрі өнертабыстардың катализаторы болып қызмет атқарады. Бұдан басқа, Й.Шумпетер инновацияны жекеше енгізу мен диффузия (тарату) арасындағы өзгешелікті атап көрсетті, яғни жаңа өнім немесе үрдісті пионерлік коммерциялық енгізу мен оның одан кейінгі кеңейтілген таралымы.
Й. Шумпетер капитализмді бірін-бірі үздіксіз алмастырып отыратын инновациялық толқындарды эволюциялық үрдіс ретінде қарастыру керек деп айтқан және ол оларды «креативті диструкция» үрдісі деп атаған. Бұл жағдайда қайтадан жасалған дүние ескі дүниені бұзады. Сонымен қоса, инновациялық қызметтегі негізгі қызмет (үлес) кәсіпкерге жүктеледі. Ол технологиялық үрдісте, шығарылатын өнім ассортименті мен экономикалық ұйымдастыру құрамындағы өзгерістерді тудырады. Оның ойынша, нарықтық жүйе жетістігінің негізі оптималды статистикалық тепе-теңдікке нәтижелі жетуде емес, ал технологияда динамикалық тұрғыда өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетінің болуы және осындай өзгерістер арқылы динамикалық өсуді қалыптастыру.
Й.Шумпетердің «Экономикалық даму теориясы» және «Іскерлік циклдар» кітаптарының жарық көргенінен кейін оның инновация теориясына көптеп сын айтыла бастады.
Ол өзінің оппаненттерінің кейбір байқауларына дәл жауап таба алмады. Оның теориясының негізгі сын айтушысы, нобель сыйлығының лауреаты С.Кузнец (1901-1985) былай деп жазған: «Й.Шумпетер инновацияның пайда болу шарттары туралы мүлдем сөйлемейді сонымен қатар, біртекті және үздіксіз жаңалықтар экономикалық динамиканың циклдық үрдісіне неге айналатынын түсіндірмеді. Й.Шумпетер қолжетімді жаңа білімді инновацияға айналуын кішігірім интеллектпен және іскерлік қуаты зерек кәсіпкерлердің қызметтерінің нәтижесі ретінде түсіндіреді. Бұл оның үнемі ерекше көңіл аударатын экономикалық прогрестің ішкі себептерімен толық мөлшерде сәйкеспейді.
Инновацияның инвестиция толқындары мен іскерлік белсенділік циклдарын қандайда бір тәсілмен байланыстыру үшін Й.Шумпетер жаңалықтардың айқын емес кластеризациясының болуын болжайды. Кейбір инновацияларды сәтті енгізуден кейін, одан кейінгілері аса үлкен ықтималмен дәл сол немесе оған жақын өндіріс саласында пайда болуы мүмкін. Алғашқы өтеуші кәсіпкерлер кәсіпкер-инноваторларға және кеңейтілген инновация диффузиясына жаппай десатирлеуге арналған алаң дайындайды. Бірақ, Й.Шумпетердің еңбектерінде экономикалық ортаның объективтік алғырлық шарттары базистік инновацияны қабылдауы көңілден шет қалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет