Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет21/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
Yt/Nt=const немесе ∆Yt=∆Nt,
Мұндағы:
Nt – қолданылатын ресурстардың саны;
Nt – кезең ішіндегі ресурстардың өсімі.
Экстенсивті өсуді графиктік тұрғыда келесі суреттегідей көрсетуге болады:

5-сурет – Экстенсивті өсу


Оң жақтары:
- халықтың толық жұмысбастылығы;
- экономикалық өсудің тез қамтамасыз етілуі.
Кемшіліктері:
- көп ресурстарды қажет ететіндіктен өндіріс шығындарын арттырады.
2. Интенсивті өсу дегеніміз – технологияны жетілдіру арқылы еңбек өнімділігін арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту. Яғни ресурстарға кеткен шығын көлемінің ұлғаюымен емес, керісінше олардың қайтарымының ұлғаюымен байланысты. Интенсивті өсім тұрғындардың тұрмыс тіршілігінің жақсаруының, көтерілуінің негізі болады.
Yt>∆Nt
Интенсивті өсуді графиктік тұрғыда келесі суреттегідей көрсетуге болады:

6-сурет – Интенсивті өсу


Оң жақтары:
- бәсекеқабілеттілікті жоғарылатады.
- экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кемшіліктері:
- экологияға кері әсерін тигізуі мүмкін.
3. Аралас өсу дегеніміз – өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының қолданылуы санының өсуі және технологияның жетілуі. Интенсивті және экстенсивті экономикалық өсу типтері таза күйінде өмірде кездеспейді. Олар экстенсивті немесе интенсивті экономикалық өсу типінің біреуінің басым үлесімен ғана араласып жүреді. Сол себепті біз осы үшінші типті де қарастырамыз.
Көбінде экономикалық өсудің интенсивті немесе экстенсивті типтерінің жеке басымдылығы туралы сөз айтылады. Ол экономикалық өсуді тудыратын қайсыбір факторлардың басымдылығына байланысты.
Экономикалық өсу факторлары: 1. Табиғи ресурстар, 2. Еңбек ресурстар, 3. Капитал, 4. Ғылыми-техникалық прогресс.
Экстенсивті факторларға біз капиталға, еңбекке деген шығындардың ұлғаюын жатқызамыз. (Кейбір жағдайларда жерді және табиғи ресурстарды бөліп көрсетеді, бірақ өндірістік дамыған елдерде оларды экономикалық өсудің маңызды факторларына жатқызбайды).
Интенсивті факторларға технологиялық прогресс, маштабтардағы үнемдеу, жұмысшылардың білімділік және кәсіби деңгейінің жоғарылау ресурстарды жайғастырудағы мобильділіктің ұлғаюы мен жақсаруы, өндірісті басқаруды жетілдіруді, яғни, соған сәйкес заң шығарудың жақсаруы және т.б. немесе өндіріс факторларын және оларды қолдану үрдісінің сапалық жағынан жетілдіруге мүмкіндік беретін жағдайлардың барлығы жатады.
Кейде экономикалық өсудің өзіндік факторы ретінде өндірістің кеңею үрдісінің катализаторы болып табылатын жиынтық сұранысты қарастырады.
Экономикалық өсуді тежейтін себептер ретінде көбінесе ресурстық және экологиялық шектеулік, өндірістің өсуімен байланысты әлеуметттік шығындардың кең спекторы және үкіметтің нәтижесіз экономикалық саясатын жатқызады.
Ғылыми-техникалық прогрестің әлеуметтік-экономикалық салдары. Қазіргі таңдағы экономикалық жүйелер маңызды ұзақ мерзімді беталыс – білім және әлеуметтік-экономикалық өмірдің күрделілігінің өсуі ретінде мінезделеді. Бұл беталыс күшті экономикалық факторлардың негізінде туындайды және нарықтық кеңістік пен өндірілетін тауарлардың диверсификациясының кеңеюіне әкеледі. әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердегі күрделіліктің ұлғаюы әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді туғызады. Технологиялық «серпін» олардың «түсіпілдіне» жағдайы жоқ. Соған сәйкес берілген беталыстың шеңберінде қоғамда одан кейінгі дамуының екі балама сценарийі өзекті болып келеді. Біріншісі қолайлы немесе ерісінше оны білім прогресі сценарийі, бұл жағдайда адамдардың мүмкіншілігі мен қабілеті шексіз кеңейеді. Екіншісі, қолайсыз немесе деквалификация сценарийі бұл жағдайда даму еңбекке деген қабілетке кеткен шығындармен байланысты болады. Аталған сценарийлерді жүзеге асыру бірқатар алғышарттарға негізделеді. Олардың біріншісі болып экономикадағы жетекші салаларындағы өндірістік үрдістер және тауарлар барған сайын күрделене және жоғарғы технологиялық болып келеді, ал үнемі өсуші күрделілік барлық әлеуметтік қызметтер болып табылатын саласына да, тұтыну саласына да тән.
Экономикалық күрделіліктің өсуі адамдар арасындағы қарым-қатынастың және адаммен көзге алынған технология арасындағы қарым-қатынастың алуан түрлілігінің ұлғаюына септігін тигізеді. Алайда күрделілік алуан түрліліктің синонимі болып табылмайды. Алуан түрлілік – бұл қандай да бір заттың көптеген типтері, ал күрделілік тек қана мұндай алуан түрлілік құрылымдық жүйе шеңберінде ғана пайда болып тіршілік етеді. Демек, күрделілік – бұл бір-бірімен байланысқан алуан турлілік.
Сонымен күрделіліктің өсу мөлшеріне байланысты құрылымдық жүйе шеңберінде қарым-қатынасы мен өзгерістерге дәл мінездеме беру үшін барған сайын көп ақпаратты қажет етеді. Экономикадағы күрделілікітің ұлғаюымен дұрыс жұмыс істеу білу үшін адамдардан жоғарғы квалификация деңгейі мен икемділік қажет етіледі.
Қарастырылып отырған екі сценари күрделіліктің ұлғаюы салдарынан адам білімі мен машығының деңгейі көтерілеме, иа болмаса төмендей ме деген сұрақтарға қарама-қарсы жауап қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет