Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет29/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
Экономикалық тиімділік - жұмсалған еңбек пен шаруашылық істің нәтижесінің арасындағы қатынаспен бағаланатын өндірістің нәтижелілігі.
Инновациялық проекттерді іріктеу әдістері
Таза дисконтталған табыс (ТДТ) және интегралды эффект; табыстылық индексі (ТИ); табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН); өзін-өзі ақтау мерзімі; және т.б. қатысушылардың мүдделері мен жоба спецификасын көрсететін әр түрлі көрсеткіштерді қолдану арқылы түрлі инвестициялық жобаларды салыстыру мен олардың қолайлысын таңдап алу ұсынылады (7-сурет).
Әр түрлі инновациялық жобаларды (жоба варианттарын) салыстыру үшін көрсеткіштерді қолданғанда оларды сәйкестендірген түрге келтіру керек [2].
Таза дисконтталған табыс (ТДТ) алғашқы қадамға келтірілген барлық есептік кезең кезіндегі ағымдық әсерлер соммасы немесе интегралдық шығындардан интегралдық нәтижелерді асыру ретінде анықталады. Егер есептік мерзім ішінде бағалардың инфляциялық өзгерісі байқалмаса немесе есептеу базалық бағалармен жүргізілсе, онда ТДТ тұрақты дисконтау нормасы үшін келесі формула бойынша есептеледі



7-сурет – өткізу үшін инновациялық жобаны таңдау әдісі

Эинт = ТДТ =


мұндағы R - есептеудің t қадамында жеткен нәтижелер, S - осы қадамдағы шығындар, T - есептеу көкжиегі.
Егер инвестициялық жобаның ТДТ жағымды болса, жоба тиімді (берілген дисконт нормасы бойынша) болып табылады және оны қабылдау туралы шешім қарастырылады. ТДТ көп болған сайын, жоба тиімді болады. Егер инвестициялық жоба жағымсыз ТДТ кезінде жүзеге асырылса, онда инвестор шығынға ұшырайды, яғни жоба тиімді емес.
Тәжірибеде ТДТ анықтау үшін модификацияланған формуласы пайдаланылады. Ол үшін S құрамынан капитал салымдарын алып тастайды және Кt арқылы t қадамындағы капитал салымдарын, ал К арқылы дисконтталған капитал салымдарының соммасын белгілейді, яғни

ал S арқылы капитал салымдары кірмеген жағдайда t қадамындағы шығындар белгіленеді. Онда ТДТ келесі түрде көрсетеміз
ТДТ
Келтірілген әсерлер соммасы мен сол уақытқа келтірілген капитал салымдары (K1) мөлшерінің айырмасын көрсетеді.
Табыстылық индексі, табыстылықтың ішкі нормасы және ақталу мерзімі әдістері
Табыстылық индексі (ТИ) келтірілген әсерлер соммасының келтірілген капитал салымының мөлшеріне қатынасын білдіреді:
ТИ
Табыстылық индексі ТДТ-пен тығыз байланысты. Ол осы элементтерден құралады және мәні ТДТ мәнімен байланысты; егер ТДТ жағымды болса, онда ТИ>1 және керсінше. Егер ТИ>1, жоба тиімді, егер ТИБ<1, жоба тиімсіз.
Табыстық ішкі нормасы (ТІН) келтірілген әсер мөлшері келтірілген капитал мөлшеріне тең болғандығы дисконт нормасын (Евн) білдіреді. Егер инвестициялық жобаның ТДТ, берілген (Е) дисконт нормасында жоба тиімді ме, тиімді емес пе деген сұраққа жауап берсе, онда жобаның ТІН-і есептеу процесінде анықталады және содан кейін инвестор қалайтын салынған капиталға табыс нормасымен салыстырылады. ТІН инвестор қалайтын капиталға табыс нормасына тең немесе одан үлкен болғанда, инвестициялық жобаға инвестициялар ақталған болып саналады, сондықтан оны қабылдау шешімі қабылданады. Егер ТДТ және ТІН бойынша баламалық инвестициялық жобаларды салыстыру қарама-қайшы нәтижеге әкелсе, ТДТ-ты қолдау керек.
Ақталу мерзімі – интегралды әсер жағымды болатын минималды мерзімдік интервал. Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялық жобамен байланысты алғашқы салымдар мен басқа да шығындар, оны жүзеге асырудағы соммалық нәтижелермен жабылатын мерзім (ай, квартал, жылмен өлшенеді).
Жобамен байланысты нәтижелер мен шығындарды дисконттаумен немесе басқа әдіспен есептеуге болады.. Сәйкесінше екі ақталу мерзімі пайда болады. Бірақ та ақталу мерзімін дисконттау арқылы анықтау ұсынылады.
Инвестициялық жобаларды критерийлер тізімі арқылы таңдау әдісі келесіні білдіреді. Жобаның әр критерийге сәйкес келуі қарастырылады және әр критерий бойынша жобаға баға беріледі. Бұл әдіс жобаның барлық артықшылығы мен кемшілігін бағалауға мүмкіндік береді және алғашқы бағалаумен қиндықтар туса да, барлық критерийлердің ұмытылмайтынына кепіл береді.
Инвестициялық жобаны бағалайтын критерийлер ұйымның ерекшеліктері, салалық сипаты мен стратегиялық бағытталуына байланысты ерекшеленеді. Критерийлер тізімін құрастырғанда ұйымның мақсаттары, стратегиясы мен міндеттері, оның бағыты мен ұзақ мерзімді жоспарларынан туындайтын критерийлерді ғана қолдану керек. Белгілі бір мақсаттар, стратегиялар мен міндеттер тұрғысынан жоғары бағаланған жобалар басқа тұрғыдан ондай баға таппауы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет