Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет23/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
2.5 Экономикалық өсу моделдері
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өндіріс процесін сипаттайтын экономикалық өсудің көп факторлы моделі - өндірістік функцияның негізін Ч. Кобб-Дуглас қалады.
Q=F (K;L)
Екінші үлгі. ХХ ғасырдың 40 жылдары Кейнстің ілімін жалғастырушылар Р. Харрод, Е. Домар экономикалық өсудің қарқынды модельдерінің негізін қалады. Олар ҒТП-ң үздіксіз даму кезеңінде тұрақты экономикалық өсу қамтамасыз етіледі. Мұндай өсуде жиынтық сұраныс – экономикалық өсу типтеріне, қарқынына тура пропорционал болады. Харрод пен Домар «инвестиция және жиынтық кірістің» өзара байланысын зерттеді.
Технологиялық прогресс экономикалық өсу мен адамзаттың құт-берекесінің ұлғаюының негізгі үшінші факторына (еңбек және капиталмен бірге) айналғанына талай уақыт болды. 1940-1960 жылдары бұл эмперикалық байқау экономикалық теорияда Нобель сыйлығының лауреаттары Я.Тинберген, Р.Солоу, Дж.Хикс және т.б. ғалымдардың зерттеулерінің арқасында негізі қаланды.
Көптеген зерттеулер үш факторлы неоклассикалық экономикалық динамика үлгілері шеңберінде АҚШ экономикасының дамуын Y(t)=[k(t), L(t), t] өндірістік функциясы түрінде статистикалық көрсеткіштерінің массиві негізінде жасалды. Әр түрлі уақыт кезеңдерінде олар кейде сәйкеспейтін, бірақ қадағаланатын өсім қарқынын қамтамасыз ететін технологиялық прогреске үнемі айтарлықтай жоғары баға береді. М.Дж.Боскин және Дж.Лоның жинақтық бейнесінің мәліметтеріне сәйкес 1909-1929 жж аралығында Дэнисонны есептеулеріне түзетулерді қоспағанда жұмыс күшінің және капитал сапасының жоғарылауы 30%, 1929-1957 жж аралығында Кузнецте 78%, 1948-1979 жж Джоргенсон, Голлоп және Фпауменде 69% маңайында болды.
Көптеген түзетулерді қосқаннан кейін үшінші фактордың үлесі дәстүрлі неоклассикалық үлгілірде экзогенді жинақтық деп жазылған, яғни сырттан әкелінген мінездеме орта есеппен алғанда 20-30%-ға төмендеуіне қарамастан, жеткілікті жоғарғы деңгейді сақтап қалып отырған.
Бұл мәліметтер экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін технологиялық прогрестің маңызды рол атқаратынын дәлелдейді. Дегенмен, көптеген жасалынған теориялық үлгілер мына ұйғарыммен шектелген: технологиялық прогресс тек қана уақытқатәуелді және үлгіленетін экономикалық жүйенің өзінің ішіндегі үрдістермен әлсіз байланысқан.
1990 ж шегінде талқыланатын мәселеге деген қызығушылық эндогенді деп аталатын, яғни технологиялық прогресспен зерттелетін жүйенің ішіндегі басты рол атқаратын жаңа экономикалық өсу үлгілерінің арқасында айтарлықтай өсті. Бұл үлгілер экономикалық агенттермен ҒЗТК жұмыстары жүргізудің нәтижесі негізінде болатын технологиялық өзгерулер ретінде сипатталады. Агенттер айтарлықтай жеткілікті уақыт аралығында өзінің пайдасын максималдандыруға ұмтылады.
Жаңа үлгілердің өзгеше негізгі ерекшелігі К.Эрроу және Х.Узаваның алдыңғы өндіріс үрдісіндегі оқытудың экономикалық ролі туралы ойларын дамытады. Оларды авторлар өндірістік функцияға кез-келген формада қосымша ауыспалы адам капиталын, яғни оқыту және тікелей өндірістік қызмет үрдісінде жинақталған ғылыми білім мен практикалық тәжірибенің көлемін енізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет