Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет8/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
Инновациялық үрдіс – бұл жаңа өнімдерді жасау және оларды нарықта өткізу, сонымен қатар оларды кейіннен сол нарықта тарату нәтижелеріне апаратын операциялар болып табылатын және инновацияны талаптандыру бойынша іс қимылдар жүйесі.
Инновациялық үрдіс жеті кезеңнен тұрады:

  • Инновация идеясының туындауы;

  • Инновация маркетингі;

  • Инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау;

  • Инновацияны игеру;

  • Инновацияны коммерциялық іске асыру;

  • Инновацияны алға жылжыту.

Осы элементтердің тұтастығы және жиынтығы инновациялық үрдістің құрылымы болып табылады.
Иннновациялық үрдістің негізгі кезеңдері кейбір ғалымдар келесідей бөліп қарасытырады:
1- кезең. Келіп түсетін идеяларды жүйелеу:

  • нарықтағы технологиялық өзгерістер, жаңалықтар, ҒЗТКЖ бөлімдеріне келіп түсетін жаңа, өндірістік бөлімдегі маркетингтік қызметтен, фирманың өткізу аппаратынан, сауда делдалдарынан, соңғы тұтынушылардан келетін (тілектер, талаптар, рекламация) ақпаратты жинау;

  • өнімді игеру және өңдеу бойынша фирманың потенциалды мүмкіндіктері жөнінде ақпарат жинау, тәуекел мөлшерін және деңгейін анықтау;

  • мақсатты нарықтар және олардың дамуының ұзақ мерзімді тенденциялары жөнінде ақпарат жинау.

2- кезең. Идеяларды іріктеу және жаңа өнім идеяларын жасау:

  • мүмкіндіктерді анықтау және идеяларды тәжірибелік жүзеге асуы;

  • жаңа және дәстүрлі бұйымдардың тұтас технологиялық ортақ белгілерін және деңгейін анықтау;

  • жаңа өнімнің фирма мәртебесіне және даму стратегиясына сәйкестігі;

  • болашақ бұйымның патенттік тазалығын анықтау.

3-кезең. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау – маркетинг бағдарламасын жасау:

  • идеяны нақты жоба түріне енген кезде, өнімді техникалық құрастыру;

  • өнімнің техникалық-экономикалық сипаттамасын анықтау, оның сапасын және тұтыну қасиеттерін бағалау;

  • потенциалды нарық сұранымын және сату көлемін талдау;

  • жаңа өнімді игеру мен құру шығындарын (инвестиция) бекіту, жаңа өнімнің ақтау мерзімін анықтау;

  • жаңа өнім өндіруге қажетті ресурстардың технологиялық машиналардың, құрал-жабдықтардың, шикізат пен материалдардың, кадрлардың, қаржылардың іс жүзінде бар болуы;

  • жаңа өнімді игеру мерзімі және онымен нарыққа шығу;

  • жаңа өнім өндірісінің рентабельділігін бағалау және талдау - өнім бойынша маркетингтік бағдарламаларды жасау.

4- кезең. Жаңа өнім ойлап табу:

  • фирма бөлімшелері бойынша міндеттерді бөлумен жаңа өнім дамуының бағдарламасын өңдеу;

  • техникалық сынаулар өткізу және үлгі құру (экологиялық, қауіпсіздік және т.б. тексеру);

  • тауардың атауын, оның тауарлық белгісін, рәсімдеуін, буып түюін, маркировкасын анықтау.

5- кезең. Нарықта тестілеу:

  • үш ай ішінде бағасы және басқа коммерциялық жағдайлары бойынша шектелген нарықта тестіден өткізу;

  • оңтайлы өткізу каналдарын таңдау;

  • жарнама әдістерін және қаражат көздерін таңдау;

  • техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

6-кезең. Айқындалатын өнім бойынша маркетингтік бағдарлама негізінде (жаппай, сериялық) өндіріске жаңа бұйымды енгізу жөнінде шешім қабылдау:

  • коммерциялық жаңалық енгізуді негіздеу: сату көлемі, өнім рентабельділігі, қажеттілік және сұраныспен қамтамасыз етілу деңгейі, өткізу әдістері және арналары, ұқсас тауарларды өткізуде тәжірибенің болуы, нарықтағы фирма мәртебесі және беделі, сатып алушылармен және тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;

  • фирманың өндірістік мүмкіндіктері: қолда бар қуаттарды пайдалану, ресурстармен, білікті персоналмен қамтамасыз етілуі;

  • қаржылық мүмкіндіктері: өткізудегі және жаппай өндірістегі инвестицияның жалпы сомасы;

  • қаржыландыру көздері, жоспарланған нәтижелер – есептік кезеңдегі шығын немесе табыс;

  • нормативті көрсеткіштердің сәйкестігі – жөнелтілетін елдегі стандарттарға мемлекеттік нормаларға сәйкестік;

  • жаңалық енгізулердің патенттік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз ету.

Жаңа өнім бойынша маркетингтік бағдарламада маңызды критерий ретінде фирма мақсаттарын жүзеге асыру үшін жаңа өнімді енгізудің әсерін бағалау қолданылады: жаңа бұйымды сату көлемі; жаңа бұйымды енгізуге байланысты басқа тауарлардың жүзеге асуының өзгеруі; өндірістегі жаңа тауардың пайдаға жету уақытын бағалау.
Инновациялық үрдіс өзін оқиғалардың жүйелі орналасуы ретінде көрсетеді, яғни инновация ойдың (идеядан) пісіп жетіліп нақты бір өнімге, технологияға немесе қызметке айналуы және практикалық қолдану негізінде таралуы. Инновациялық үрдіс енгізіп қоюмен шектеліп қана қоймайды, яғни жаңа өнімнің нарықта алғаш пайда болуымен, қызметтің немесе жаңа технологияның жобалық қуаттылығына дейін жеткізу. Ол енгізуден кейін де үзілмейді, өйткені таралу өлшемімен жаңалық жетілдіріледі, әлде қайда нәтижелі істейді, бұрын соңды болмаған тұтынушылық қасиеттерге ие болады. Бұл оған жаңа қолдану облыстары мен нарықтарды ашады. Сайып келгенде, инновациялық үрдіс нарықпен талап етілетін өнімдер, технологиялар мен қызметтерді жасауға бағытталған және ұйымның сыртқы ортасымен тығыз байланыста жүзеге асырылады: оның бағыттылығы, екпіні, мақсаттары ол жұмыс жасайтын және дамитын әлеуметтік-экономикалық ортаға тәуелді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет