Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет9/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
Инновациялық қызмет – бұл нарықта өткізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарының және зерттеменің аяқталған нәтижелері немесе ғылыми-техникалық жетістіктер иа болмаса жетілдірілген өнім, практикалық қызметте қолданылатын жаңа технологиялық процесс, сонымен қатар осы жұмыстармен байланысы бар қосымша ғылыми-зерттеулер мен зерттемелер.
Инновациялық қызметтің негізгі түрлеріне жатады: (2-сурет)
Инновациялық қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпорынның инновациялық потенциалы болу керек. Ол әр түрлі ресурстардың жиынтығымен сипатталады, сонымен қоса:
- интеллектуалды (технологиялық құжатнама, патенттер, лицензиялар, жаңалық игеруге арналған кәсіпкерлік-жоспарлар, кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы);
- заттық (материалды) (тәжірибелі-аспаптық база, технологиялық жабдықтау, қордың ауқымы);
- қаражылық (жеке меншік, несиелік, инвестициялық, гранттық);
- кадрлық (көшбасшы-новатор; инновацияларға мүдделес персонал; ҒЗИ және ЖОО-мен қызметкерлердің жеке әріптестік қарым-қатынастары; ҒЗЖ мен ТКЖ жүргізудегі тәжірибесі; жобаларды басқарудағы тәжірибе);
- инфрақұрылымдық (ҒЗТК жұмыстардың жеке меншік бөлімшелері, бас технолог бөлімі, жаңа өнімнің маркетинг бөлімі, патенттік-құқықтық бөлім, ақпараттық бөлім, бәсекелік барлау бөлімі);
- инновациялық қызметті жүзеге асыруға арналған өзге қорлар [17].

Өндірістік жобалау

Нарыққа жаңа тауарды өткізудегі маркетингтік зерттеулер

2-сурет – Инновациялық қызметтің негізгі түрлері.

Кәсіпорынның инновациялық қызмет ұйымның инновациялық мақсаттарды сұрыптаудан басталады, мысалы:


- бар өнімді жетілдіру және принціпшіл жаңа өнімдерді жасау негізінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату және жаңа нарықтарда бекітілу;
- жаңа технологияларды және т.с.с. енгізу нәтижесінде материалды және еңбек ресурстарын үнемдеу арқылы өндіріс шығындарын азайту.
Қолында бар мүмкіндіктері мен стратегиялық тәуелділігіне байланысты кәсіпорын инновацияларды шеттен әкелуі немесе өзі жасауы мүмкін. Бірінші оқиғада мамандандырылған ғылыми-зерттеу немесе конструкторлық ұйымдармен стратегиялық серіктестік орнатудың маңызы зор. Екінші оқиғада жеке меншік мамандандырылған инновациялық бөлімшелерді құру маңызды.
Инновациялық қызмет нәтижесі болып инновациялық өнім өндірісі табылады, ол нақты заттық немесе заттық емес (мысалы, ноу-хау) болуы мүмкін.
Инновациялық қызмет ел экономикасының дамуына және жекелеген шаруашылық субъектілеріне ықпал жасайды (кесте-2).
2-кесте – Инновациялық қызмет түсінігі.

Ұлттық экономика



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет