сондай-ақ сананың түрлі формаларын қарастыратын философия, өнер, эстетика,
дін, мораль және т.б. ғылым салалары қарастырады.
1.
Мәдениет және өркениет ұғымдары көп мағыналы. Мәдениет ұғымы алғаш рет
рим философы Цицеронның «Тускулан әңгімелері» шығармасында адам санасына
әсер етуші, философиямен айналысу деген түсініктермен байланысты айтылған.
Мәденниет ағартушылық, үлгі, білімділік мағыналарында қолданылды.
И.Нидерман «Мәдениет, Цицероннан Гердерге дейінгі аралықтағы ұғымның
қалыптасуы мен өзгеруі» еңбегінде мәдениет ұғымының семантикалық
өзгерістерге ұшырауы туралы қарастырған. ХVІІ ғ. бастап С. Пуффендорф
мәдениет терминіне алғаш түсінік бере отырып, оны адамның қолынан шыққан
заттар, табиғатпен қатар өмір сүретіндігіне тоқталған.
«Мәдениет» ұғымының мәні туралы ХVІІІ ғ. ғылыми тұрғыдан қарастырыла
бастады, жаңа заман ойшылдары табиғат пен адам арасында ерекше әлем бар, ол
мәдениет әлемі деп түсіндрді.
Қазіргі ғылымда мәдениет ұғымына жүздеген анықтамалар берілген. Бұл
мәдениет ұғымына жан-жақты зерттеу жасалғандығын дәлелдейді.
ХІХ ғ. американдық мәдени антропология мектебі өкілдері(Ф.Боас, А.Кребер,
М.Мид және т.б.) мәдениеттің даму динамикасы, ұрпақ арқылы берілуі механизмі
туралы мәселені қарастырды. Американдық мәдени антропология шеңберінде
аккультурация әдісі (мәдени байланыстар нәтижесінде мәдени парадигмалар
өзгереді) пайда болды.Дж.Гершкович, Дж. Мелвиль, О.Оттенберг көзқарастарында
этникалық қауымдардың мәдени ерекшеліктері өзара байланыс жасау барысында
теңеседі.
ХХғ. әлеуметтік антропология теориясында (фунционалдық мектеп)
Б.Малиновский, А.Радклифф-Браун маңызды орынға
Достарыңызбен бөлісу: