Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы көбнесе пайдаланылатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға қиындығы соншалықты, психологиялық ғылымның жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек ХІХ ғ ортасында бөлінді, сондықтан ол философия, математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты ңескің ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология информатика және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті