Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет41/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
R.iliensis
екі клонының айналасындағы трансекта шегінде 11 өркенді, дәлірек 
айтқанда, осы жылдың өркенін, 15 ювенильдік өркенді, яғни өткен жылғы 
өркенді, 27 виргинильді өркенді, яғни өткен жылда толық қалыптасқан, бірақ 
әлі генеративті күйге жетпеген өркендерді санадық. Трансектада кездесетін 
екі клонда жыл сайын гүлдейтін және толыққанды жеміс беретін жас 
генеративті өркендер 20, ересек генеративті өркендер 20, қартайған 
генеративті өркендердің 5 данасы болды. Субсенильдік өркендер 2 және 
сенильдік өркендер 2 данасы болды. Айта кету керек, тоғайлы ормандарда 
R.iliensis
гүлдеп және жеміс беруі де мол. Оның үстіне, оның сабағы мен 
өсінділері өте серпімді, олардың жоғарғы жағы біршама майысқақ және 
иілгіш болады. Бұл тоғайлы ормандардағы жоғарғы жер үсті ярустарын 


75 
құрайтын ағаш түрлерінің көлеңкелі әсеріне байланысты болса керек. Әрине, 
ағаш түрлері өздерінің бөрікбасы астында жарық аз, тұрақты температура 
мен ылғалдылық жағдайларын жасайды. Сондықтан төменгі ярустарда 
жоғарғы ярустардағы өсімдіктерге қарағанда жарыққа қажеттілік аз 
өсімдіктер арқылы қалыптасады. 
R.iliensis
жарыққа деген қажеттілік аса 
жоғары болмайтын өсімдіктердің қатарына жатады. Жалпы, тоғайлы 
ормандардағы бұталы ярус фрагменттік сипатқа ие. 
Күзгі көріністегі ценопопуляциялардың флористикалық құрамы 
алуантүрлілігімен ерекшеленбейді. Бұл гербарийдің көктемгі және жазғы 
жинақтарының болмауымен байланысты. Барлық өсімдіктер түрлері баяғыда 
гүлдеп және жеміс беріп қойған. Көптеген түрлердің жемістері шашылып 
қалған, тек 
Berberis iliensis
M. Pop., 
Rosa beggeriana 
Schrenk., 
R.iliensis 
Chrshan. сияқты кейбір бұталарда піскен жемістердің әлі де сақталғанын 
көреміз. Бұл өсімдіктердің жемістерімен құстар, әсіресе торғайлар мен 
қырғауылдар, сондай-ақ ұсақ сүтқоректі кеміргіштер қоректенеді. Сондықтан 
олардың жемістері ұзақ уақыт бойы топырақ бетінде жатпайды. 
Екінші ценопопуляция
Іле өзенінің жағалауына жақын орналасқан. Өзен 
жағасының бойында 
Salix 
L. туысының түрлері ені 30-35 м болатын адам өте 
алмайтын тығыз қопаларды құрайды. Кейбір жерлерде мұндай жолақтардың 
ені 50 м жетеді. Бұл көктемгі-жазғы су тасқынының нәтижесі. Су тасқыны 
кезінде Іле өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, лайлы су арнадан шығып, су 
тасқыны болады. Сонымен бірге қоқыс аралас бұл үлкен масса өзен 
жағалауын түгелдей басады, нәтижесінде біршама көтеріңкі жағалаулық 
жолақ түзіледі, ол ұзақ уақыт бойы батпақтанып жатады. Мұндай сулы-
батпақты жерлер 
Salix 
L. туысы түрлерінің өскіндерінің жаппай пайда болуы 
үшін қолайлы орта болып табылады. Іле өзенінің жағалауында жыл сайын 
қардың еруі мен нөсерлі қатты жаңбыр кезінде 
Salix 
L. туысының түрлерінен 
адам өте алмайтын тығыз қопа түзіледі. 
Salix 
L. туысында 
Salix caspica
Pall. 
жетекші орын алады, ол жағалау белдеуінің кез-келген бөлігінде басқа 
түрлерге үстемдік етеді. Әрі қарай, жағалау белдеуінде ағаш түрлерінен 
Elaeagnus oxycarpa 
Schlecht. және 
Populus dieversifolia 
Schrenk. кездеседі. 
Мұнда олар тығыз және үздіксіз орман құрмайды, бірақ шоқ орман сияқты 
жеке куртинкалар түзіп өседі. Мұндай шоқ ормандарда ағаш түрлері мен 
бұталар аралас өседі. Сонымен бірге осындай орманның шетінен 
Rosa iliensis 
Chrshan., 
R.beggeriana
Schrenk., 
Berberis iliensis
M.Pop. және 
Tamarix 
ramosissima
Ledeb. сияқты бұталарды кездестіре аласыз.
 
Екінші ценопопуляцияның өсімдік жамылғысы ағашты-бұталы 
ассоциациядан (ass. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет