Чилдибаева асел жумагуловна



Pdf көрінісі
бет43/93
Дата15.10.2023
өлшемі5,89 Mb.
#185534
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
Байланысты:
Диссертация Чилдебаева А.Ж.
Сонғы ми (копия), lyaz
Fabaceae
Lindl. тұқымдасынан 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch. басым шөптесінді өсімдіктермен жабылған. Бұл Іле өзенінің 
жайылмасының орталық бөлігі. Жер бедері сәл толқынды жазық, мұнда 
жаңбыр суы ағып жиналатын шамалы ойыс жерлер бар. Мұндай 
микрорельефті ойыс жерлерде 
Equisetum ramosissima
Desf., 
Hordeum 
turkestanicum
Nevski., 
Aeluropus intermedius
Rеgеl. (
A.litoralis
(Goudn.) Parl.) 
кездеседі. Мүйізді ірі қара малдар мен жылқы табындарының суатқа түсетін 
жолдары бойында 
Goebelia alopecuroides
(L.) Bunge. арамшөптері өседі. 
Бұталардың куртинкаларының шетінде және ашық алаңдарда 
Achnatherun 
splendens
(Trin.) Nevski., 
Calamagrostis dubia
Bunge. және 
Elymus dahuricus
Turcz. кездеседі. 
Үшінші ценопопуляцияның өсімдіктер жамылғысы талды-бұталы 
ассоциациядан (ass. 
Rosa beggeriana, R.iliensis, Tamarix ramosissima, Berberis 
iliensis-Salix caspica
) тұрады. Жер бетін 100% өсімдіктер жабыны құрайды. 
Жер бедері әлсіз толқынды жазық. Топырағы аллювиальды-шалғынды. 
Өсімдіктер жамылғысында төрт ярус байқалады: 
I-ші ярусты биіктігі 8-10 м 
Salix caspica
Pall.,
II-ші ярусты биіктігі 3-4 м 
Tamarix ramosissima
Ledeb., 
Berberis iliensis
M.Pop., 
Rosa beggeriana
Schrenk.,
III-ші ярусты биіктігі 150 см 
Rosa iliensis
Chrshan., 
Rubus caesius
L., 
Spiraea hypericifolia
L.,
IV-ші ярусты биіктігі 70-100 см 
Glycyrrhiza uralensis
Fisch., 
Goebelia 
alopecuroides
(L.) Bunge., 
Elymus dahuricus
Turcz., 
Calamagrostis dubia
Bunge. 
өсімдіктер құрайды. 
Күзгі көріністегі флоралық құрамы алуантүрлілігімен ерекшеленбейді. 
Барлық түрлері гүлдеп, жеміс беріп қойған. Жалпы күзгі көрініс жасыл. 
Үшінші ценопопуляция шегінде көлемі 10х10 м
2
өлшемді трансекта 
салынды. Ағаш түрлерінен трансектаға 
Salix caspica
Pall. 2 данасы, 
Rosa 
iliensis
Chrshan., 
Tamarix ramosissima
Ledeb., 
Rubus caesius
L. және 
Spiraea 
hypericifolia
L. өсімдіктерінен 1 данадан түсті. Бұталы қопалар арасында 
Apocynum longifolium
Russian., 
Phragmites communis
Trin. кездеседі. Олар 
мұнда лайықты биіктікке 2 м-ден 3 м-ге дейін жетеді. Лианалардан 
Cynanchym sibiricum
Willd. кездеседі. Бізді қызықтыратын 
Rosa iliensis
Chrshan. өсімдігі мұнда орташа мөлшердегі бұта түзген, оның биіктігі 120 см 
құрайды. Бұл салыстырмалы түрде жас генеративті дарақ болды. 
Rosa iliensis
Chrshan. бұтасының диаметрі солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 см, ал 
шығыстан батысқа қарай 150 см құрайды. Жас өскіндерді табу мүмкін 
болмады. Ювенильді өркендерден, яғни бірінші жылғы өркендерден 6 дана, 
виргинильді өркендерден, яғни генеративті күйге жетпеген өркендерден 7 
дана болды. Қалған өркендер гүлдеп, жеміс беріп қойған. Алайда өсімдіктер 
көп гүлдеу және көп жеміс беруге жетпеген (9 кесте). 


78 
Кесте 9 - 
R.iliensis
өсімдігінің екінші популяциясының жастық спектрі
Кезең 
Жастық жағдайлары 
Популяция 2 
ЦП1 ЦП2 
ЦП3 
Латентті (алғашқы тыныштық күйі) (Se) 
Тұқым 



Виргинильді 
Өскіндер (P) 



Ювенильдік (J) 
15 
11 

Имматурлық (Im) 
11 
10 

Виргинильдік (V) 
27 


Репродуктивті 
Жас генеративтік (G1) 
20 
15 

Ересек генеративтік (G2) 
20 
14 

Қартайған генеративтік (G3) 



Сенильді (қартайған, репродуктивті 
емес) 
Субсенильдік (Ss) 



Сенильдік (Sе) 



Қорытындылай келе, Іле өзенінің жоғарғы ағысынан табылған эндемдік 
түр 
R.iliensis
популяциясын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің 
нәтижесінде, оның шын мәнінде сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған 
өсімдік екендігіне көз жеткіздік. Бұл түр өзен жайылмасында, суға жақын, 
ылғалы жеткілікті, күн жақсы түсетін бұталы қопалардың және топталып 
өсетін орман ағаштарының шетінде өседі. Қай жерде болмасын оның бір 
немесе екі түбін ғана кездестіруге болады. Оның өзін де іздеп табуға тура 
келеді. Өсімдіктер жабынында 
R.iliensis
елеулі рөл атқармайды, ол тек 
ілеспелі түр ретінде кездеседі. Популяция деңгейінде 
Rosa iliensis
Chrshan. 
өсімдігінің үш ценопопуляциясына геоботаникалық тұрғыдан зерттеу 
жүргізіп, талдау жасадық. Әр ценопопуляциядағы осы түрдің дарақтарының 
жастық 
спектрін 
анықтадық. 
Зерттеу 
нәтижесі 
көрсеткендей 
ценопопуляциялардың үшеуінен де 
R.iliensis
өсімдігінің өскіндерін 
кездестіре алмадық. Ювенильді, виргинильді, жас генеративті және пісіп-
жетілген генеративті дарақтары табылды. Сенильді және субсенильді 
дарақтарын да кездестіре алмадық. Табылған дарақтардың барлығын 
тұқымнан өскен деп айтуға келмейді. Себебі бұл өсімдік табиғи жағдайда 
негізінен вегетативті жолмен, нақтырақ айтқанда атпа тамырлары арқылы 
көбейеді. 
R.iliensis
өсімдігінің тұқымы арқылы көбеюін де жоққа шығаруға 
болмайды. Бірақ та табиғи жағдайда оның мүмкіндігі жоқтың қасында. Оның 
басты себебі, біріншіден, бұл өсімдіктің жұмсақ әрі татымды жемістерін 
піскен кезде торғайлар сүйсініп жейді (бұтаның басында тұрған жерінен), ал 
жерге шашылғандарын қырғауылдар мен сүтқоректі ұсақ кемірушілер теріп 
жейді. Екіншіден, бірлі-жарым төсеміктердің астында қалып, сақталған 
жемістерінен босаған дәндері өскін беруі мүмкін. Бірақ мұндай жас өскіндер 
өзен жайылмасындағы қалың ағаштар мен бұталардың көлеңкесінде, 
жарықтың жетіспеуінен тез арада өліп қалады. Сондықтан да табиғи 
жағдайда 
R.iliensis
өсімдігі негізінен вегетативті жолмен, атпа тамырлары 
арқылы көбейеді. Оған осы өсімдіктің тамыр жүйесін зерттегенде толық көз 
жеткіздік. Жалпы 
R.iliensis
өсімдігінің Іле өзенінің жоғарғы ағысының 
жайылмасынан табылған популяциясының жағдайын қанағаттанарлық деп 


79 
бағалауға болады. Олай дейтініміз, 
R.iliensis
өсімдігі бұл жерде жылма-жыл 
гүлдеп, жеміс береді. Алайда максимальды гүлдеп, мол жеміс байлап тұрған 
өсімдікті кездестіре алмадық. Біздің пайымдауымызша, бұл климатқа және 
осы учаскенің теңіз деңгейінен қаншалықты биіктікте орналасқанына тікелей 
байланысты болса керек. Іле өзенінің жоғарғы ағысының жайылмасы 
R.iliensis
өсімдігінің ареалының ең жоғарғы шегі болса керек. Сөз жоқ бұл 
өсімдік қорғауды қажет етеді. Ол үшін осы Іле өзенінің жоғарғы ағысындағы 
R.iliensis
өсімдігінің популяциясын бақылауда ұстап, оған тұрақты түрде 
мониторинг жүргізіп отыру қажет. Үшіншіден, бұл өсімдік түрін 
Қазақстанның ботаникалық бақтарында интродукцияға ендіру керек. Бұл 
тұрғыдан алғанда, Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бағы және Бақанас 
елді-мекеніндегі Іле экспериментальды ботаникалық бағы аса қолайлы болып 
табылады. Себебі бұл ботаникалық бақтардың орналасқан жерлері және 
табиғи климаттық жағдайы 
R.iliensis
өсімдігінің ареалымен дәл келеді.
Жалпы 
R.iliensis
популяциясы 
аумағының 
флорасының 
систематикалық құрамы мына төмендегідей (кесте 10).
Кесте 10 - Іле өзенінің жоғарғы ағысы жайылмасындағы
 
R.iliensis
кездесетін 
өсімдіктер қауымдастығының флоралық құрамы 
Бөлім: 
Equisetophyta 
- Қырықбуындар (Хвощевидные)
Класс:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет