Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері



бет41/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Ноғатық біржылдық дәнді-бұршақ дақылдарының қатарына жатады. Сабағы төрт қырлы, өте жақсы бұтақтанған, сабағының биіктігі 25 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Ал ылғалды және құнарлы топырақтарда сабағының биіктігі 130 см дейін өседі. Негізгі сабағының төменгі жағынан 5-8 дана қосалқы ірі бұтақтар өседі. Жапырағы қосқауырсынды, ланцетті бір түп қияқ тәрізді жіңішке, ал ұшы мұртшаланып келеді. Жапырағының ұзындығы 60-80 мм, көлденеңі-6-8 мм. Тамыры-діңгек тамырлы. Өте жақсы жетілген. Көптеген қосалқы тамырлар құрады. Орталық тамыры 2 м тереңдікке дейін өседі. Гүлі-ақ, жасыл, қызғылт. Бұршағы- жалпайған сопақ, сына пішінді, әр түсті. Ноғатық екі түрлі: ірі дәнді және кіші дәнді болады. Олардың 1000 ірі дәнінің салмағы-250-600 г, 1000 майда дәнінің салмағы-150-250 г.
Ноғатық құрғақшылыққа төзмді өсімдік. Бірақ гүлдей бастаған кезде ылғал жетіспесе тұқымдық өнімі төмендеп кетеді. Оның құрғақшылыққа төзімділігі басқа дәнді бұршақ дақылдарынан жоғары. Ноғатық жылылықты ас бұршақтан көп керек етеді. Оның тұқымы +2-30С жылылықта өнеді. Ал 16-200С жылылықта жақсы өніп-өседі. Өскіні-60С үсікке шыдайды. Ауаның жылуының жетіспеген жағдайында ол жақсы пісіп жетілмейді. Вегетациялық кезеңі ауа райына қарай 80 күннен 120 күнге дейін созылады. Оның өсімдігінің гүлдеуі ұзаққа созылады. Ноғатық топырақ талғамайды. Ол көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Бірақта батпақты, жер асты ыза суы жақын орналасқан жерлерде өспейді. Гектарынан 15-20 ц тұқым жиналып, 200-250 ц көк балауса дайындалады. Қазақстанда ноғатықтың Кинельская 7 және Степная 287 сорттары аудандастырылған.
Өсіру агротехникасы. Ноғатық дақылын ауыспалы егісте отамалы дақылдардан кейін, не болмаса күздік және жаздық дәнді дақылдардан соң себеді. Ноғатық өсіретін танап күз айынан бастап дайындалады. Сүдігер көтерер алдында алғы дақылдан босаған танап 5-10 см тереңдікте сыдыра өңделеді. Содан 10-15 күннен кейін танапты 22-25 см тереңдікте жыртады. Қыс айлары қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Ерте көктемде танап тырмаланып ылғал жабылады. Тұқым себер алдында танапты тұқым сіңіру тереңдігінде культивациялап қопсытылады және тырмаланады. Тұқым себер алдында және сепкеннен кейін танап тығыздалады. Жер жағдайына және оның құнарлылығына сәйкес күзде, жырту алдында танапқа толық минерал тыңайтқышын (N60P60K60) шашады.
Ноғатық тұқымын ерте себілетін дәнді дақылдармен бір мезгілде себеді. Ол мезгіл Алматы облысы бойынша наурыз айының аяғы және сәуір айының бас кезіне сәйкес келеді. Ноғатықты қатарлап себеді. Себу мөлшері - тұқымының ірілігіне қарай гектарына 0,8-1,0 млн. өнгіш дәнге тең, не болмаса 120-140 кг. Себу тереңдігі 6-8 см, ал жеңіл топырақта-10 см. Ноғатықты мал азығына пішен, пішендеме дайындау үшін сұлымен немесе арпамен араластырып себу өте тиімді. Оны судан шөбімен де аралас себеді. Ноғатық егістігін күтіп-баптау жұмыстары, оның тұқымы өнбей тұрып тырмалаудан басталады. Өскіні жер бетіне толық шыққаннан кейін де тырмалауға болады. Ол үшін БИГ-3 инелі тырмалар қолданылады. Кеңқатарлап себілген ноғатық арамшөптермен ластануына қарай жаз бойы 2-3 рет культивацияланады. Арамшөптер көп басып кеткен жағдайда гербицидтер (прометрин, линурон т.б.) бүркіледі. Мол өнім жинау үшін ноғатық егістігін жаз бойы 2-3 рет суаруға да болады (500-600 м3/га). Ноғатықты пішенге толық гүлденген кезінде жинайды. Ору биіктігі 6-8 см-ден төмен болмауы керек. Тұқымға арналған ноғатық ортаңғы бұршақтары қатайып піскенде орылады. Тұқымдық бөлектеп орылады. Тұқым дестеде жатып әбден піскесін комбайнмен бастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет