Байланысты: Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс
Өсіру агротехникасы. Мүйізді лотустың тұқымы ұсақ болуына байланысты оны өсіретін танап жақсылап дайындалуы кажет. Танаптың топырағы майдаланьш, тегістелуі керек. Оның танапта, не болмаса шалғындықга дайындалған жерде срчаластырылады.
Муйізді лотусты мәдени шабындық пен жайылымдарда ' беле және астық тұқымдас шөптердің қоспасымен себеді. Шөп ұнын дайындау үшін оның өзін жекелей де өсіруге болады. Мүйізді лотусқа жақсы алғы дақылдар отамалы дақылдар картоп. Яғни оның жоғарғы өнімін арамшөптен таза, қүкарлы және сумен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда ғана алады. Әсіресе себілетін танап көпжылдықбидайықпен калуеннен таза болуы керек.
Күзде танап алғы дақылдардан босағасын оны аудара чшртады. Ал эрозия қаупі бар жерде жаздық тілгіштер колданылады. Алынатын өнімнің көлеміне қарай танапқа минералды тыңайтқыштар беру тиімді. Қатты кебірленетін голырақтарда оң әсерін гипс не болмаса органикалық тыңайтқыштар тигізеді. Себу кезінде топыраққа тұқыммен бірге өр гектарға 40-50 кг түйіршікті суперфосфат енгізуді үоыыуға болады. Тұқымды себер алдында жақсылап тазартады, және ризотрофинмен өндеген тиімді. Себу мерзімін тандағаңда танаптьщ қай жерден бөлінгенін, жыл және өсірілетін ауданның жағдайын ескереді. Мүйізді лотусты танаптың тұқым сіңіру қабатында температура .+^-5°С жылығанда көктемде себеді. Ал енді танап өзен а ікабында немесе басқа да су жайылатын шабындықтардан дийындалса онда оны су кеткесін жақсылап оңдеп жаз айында; себуге болады (Әубәкіров К, 2002ж).
Мүйізді лотусты мал азығына жай катарлап себеді (15-23 см). Себу мөлшері әр гектарға 4-6 млн. өнгіш (6-8 кг) түкьім. Түқымды ауыр топырақтарда 1,0-1,5 см, жеңіл топырақтарда 2-3 см сіңіреді. Түқыім себуге астық-шөп себетін СЗТ-3,6, паялы жерлерде СТС-2 сепкіштерін пайдаланады. Астық себетін дискілі СЗ-3,6, СЗП-3,6, ал паялы жерлерде СЗС-2Д, СЗС-6-12 дән сепкіштерін пайдалануға болады.
Мүйізді лотустың егістігің күтіп-баптаудың негізгі і әсілдерінің бірі-айналмалы шотаен немесе жеңіл тырмалармен топырақ қабыршақтарын бұзу болып есептеледі. Шаралар қатарына арамщөптермен күресу де жатады. Жаз бойы танапта ескен арамшөптерді 2-3 рет орады. Өсу-даму кезеңінде аурулармен және зиянкестермен зақымдануын қадағалап олармен күрес жұмыстарын жүргізіп отырады. Екінші жылы көктемде ауыр топырақгарда тырмалау және минералды тыңайтқыштармен қоректендіру жұмыстары жүргізіледі. Мүйізді лотусты 3-4 жыл пайдаланғаннан кейін топырақ тығыздалып өсімдіктер сирей бастауы мүмкін. Бұл жағдайда топырақгы қопсытып жақсартады. Мүйізді лотусты пішенге шанақтану гүлдену кезеңінде жинайды. Бұдан ерте немесе кешіктіріп жинау өсімдіктің химиялық құрамын нашарлатады, пішеннің сапасьш төмендетеді.
Соңғы шабуды жақсы қыстап шығу үшін түрақты салқын. басталардан 4-5 жұма ертерек жүргізеді.Мүйізді лотустың тұқымын оның егістігін екінші жылы пайдаланғаннан бастап жинайды. Тұқымынан жоғары өнімді көптеген жагдайда бірінші орымнан алады. Тұқымдық егістіктерді күтіп-баптау минаралды тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруден жөне зиянкестермен күресу үшін инсектицидтермен өңдеудек тұрады.
Мүйізді лотустың тұқымының пісуі ұзаққа созылады да, піскен тұқымдары өздігінен шашылуға бейім болады. Сондықтан оны комбайнмен жинау бүршаққаптарыяың 60-70% қоңырланғанда жүргізіледі. Оны бұдан да ертерек бөлектеп жинау да тиімді болуы мүмкін. Ол үшіи дестелегіштермен немесе арнаулы шөп шалғыларымен дестеге түсіреді. Дестедегі масса кеуіп құрғағаннан кейін (айталық 3-5 күннен кейін) жинағышы (подборщик) ілінген комбайнмен бастырады. Түқымды жинауды жақсарту үшін "Нива", "Енисей" комбайндарына 54-108Акұрьшғысьшпайдаланады. Үккіш қондырғы бастырғыш барабанмен бірге тұқымының бұршаққабынан толық босауын қамтамасыз етеді. Түқым шығынын болдырмас үшін дестеніжинап, қырманға әкеліп бастырған тиімді екенін көрсетті.
Алайда мүйізді лотустың тұқым егістігін өсіру, оны жинау республика ғалымдарының алдында тұрған үлкен мәселе. Келешекте осы жөнінен зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.