Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия


Морфологиялықжәне биологиялық ерекшеліктері



бет63/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Морфологиялықжәне биологиялық ерекшеліктері. Гүлтәжі кіндік тамырлы, оның жоғарғы жағы ірі келеді де одан жан-жакқа тамыршалар көптеп жайылады. Сабағы ірі, тік өседі, биіктігі 120-180 см. Жақсы бүтақтанған және жапырақтанған. Жапырағының пішіні ұзынша-жұмыртқа тәріздес ұшы үшкірлеу, түсі жасыл немесе ашық-қызғылт. Гүлшоғы- ірі бұтақтанған сіпсебас, түсі ақшыл-қьізғылт, кейде жасыл. Тұқымы өте ұсақ, домалақша, жылтыр қара. 1000 дәннің массасы 0,35-0,40 г.
Шашақты гүлтәжі біржылдық биік және тез өсетін өсімдік. Жарық сүйгіш, вегетациялық кезеңі түріне (сортына) қарай 100-150 күнге созылады. Суды жақсы көретін өсімдік. Бірақта ортаңғы-соңғы фазаларында құрғақшылыққа да төзімді. Транспирациялық коэффицент 300-ге тең, немесе біржылдық басқа мал азықтық өсімдіктерден 1,5-2,5 есе аз. Гүлтәжінің ең маңызды қасиеттерінің бірі оның түзғ төзімділігі және жақсы.фитомелиорант болатындығы. Гүлтәжі тұқымымен көбейетін өсімдік. Тұқымы 8-10 жылғ дейін өнгіштігін жоғалтпайды. Далалық өнгіштігі топырақтің тұқымсіңіру қабаты+7-8°С жылығаңда басталады. Көктемде. сепкеңде 10-12 күннен кейін өскін береді. Оңтайлы себу кезең. топырақтың түқым сіңіру қабаты +10-12° С жылығаңда. Өскіні өте үсақ болады, түсі қызғылт, кейде жасыл келеді.
Гүлтәжінің өскіні алғашқы кезеңде 3-4 жүмадай баяу дамиды да арамшөптермен қатты ластанады. Сондықтан оған алғы дақылды дұрыстап тандау керек. Алғы дақылды жинап алғаннан кейін танапта аймақтық технологияны қолдана отырып арамшөптерді толықтай жоюға күш салынуы тиісті. Оңтүстік аймақтарда сәуірдің аяғында себілген гүлтәжі шілдеде гүл салып, содан кейін гүлдене бастайды. Тұқымының пісу кезеңі көпке созылады да қыркүйек-қазан айларында аяқталады. Өсімдіктің алшын беруі орташа. Гүлтәжі көпшілік топырақ түрлерінде өсе береді. Әсіресе күлгін түсті шым топыракта жақсы өнім береді. Қышқыл және ауыр топырақтарда нашар өсіп дамиды.
Өсіру агротехникасы. Гүлтәжі отамалы немесе ферма маңындағы ауыспалы егістіктерге өсіріледі. Жақсы алғы дақылдар: отамалы дақылдар, картоп және минерал тыңайтқышын қолданған күздік бидай. Гүлтәжіге танапты жақсылап дайындау керек. Көбінесе себер алдындағы топырақ дайындау шараларын мүқият орындау шарт. Танапты негізгі жырту алдында әр гектарға 20-40 т-дай көң төгу керек, және оған қоса әр гектарға 3,0 ц-дей суперфосфат, калий түзын беру керек. Себер алдындағы культивациялау кезінде әр гектарға 1 ц-ден суперфосфат, азот селитрасын және калий түзын беру тиімді. Тұқым себер алдында танапты жақсылап тегістеп, топырақты тығыздайды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарыңда себу мерзімі сәуірдің аяғына мамырдың бірінші онкүндігіне тура келеді. Орталық және солтүстік аймақтарда себу мерзімі мамырдың екінші онкүндігінде басталады. Себу әдісі кеңқатарлы (60-70 см). Гүлтәжінің түқымының өте үсақ болуына байланысты оның себу тереңдігі мен қатарда орналасуын өте мүқият қадағалау керек. Себу тереңдігі 1-2 см содан кейін топырақгы тағы тығыздау шарт. Себу мөлшері өр гектарға 1-1,5 кг шығымды түқым, немесе 250-350 мың дана түқым. Себу мөлшерін оңтайлы орналастыру үшін және қатардағы түқым санын біркелкі орналастыру үшін түқымды себер алдында майсыздандырған сүтке шылап кептіреді. Сонда үсақ түқым 3-4 данадан бір-біріне жабысып, жақсы себіліп қатарға біркелкі болып орналасады. Және де түқымды жақсы себу үшін оған қүм, кебек немесе аі-ані үгіндісін қосып та себеді. Әр себу мөлшеріне 5-15 кг қоспа араластырады. Танапты күтіп-баптау өскін толық шЫққаннан кейін .басталады. Гүлтәжі бастапқы кезеңде өте баяу өседі. Мысалы өскін пайда болғаннан кейін 10-шы күні өсімдіктің биіктігі 8-10 см, 20-шы күні - 18-20, 30-шы күні 30-32 жөне 40-шы күні 60-62 см ғана болады. Содан кейін ол тез қарқынды өседі. Ең жақсы өсуі әр гектарда 250-350 мың өсімдік қалыптаскдңда байкалады. Осы үлгіде өсімдіктің биіктігі 220-245 см-ге жетеді. Айта кету керек көпшілік деректерге қарағанда себу мөлшерінің осыдан аз болуы да, немесе көп болуы да гүлтәжінің өнімін төмендетеді.
Тұқымды көкөніс (СО-2, СКОН-4,2), астықты шөп сепкішімен (СЗТ-3,6), немесе басқа қолда бар сепкіштермен себеді. Гүлтәжіні қонақжүгерімен, жүгерімен қоспа ретінде себудің де келешегі зор агротехникалық әдіс. Бүл жағдайда өсіру аймағыиа қарай 1-2 қатар жүгері 1 қатарлы гүлтәжі себеді. Қоспа сепкенде әр дақылдың себу мөлшерін 1,5-2,0 есе азайтады. Гүлтәжіні сепкен танапты өскіні толық шығып болған соң келденеңінен жеңіл тырмамен тырмалайды. Бүл әрине өскіннің 5-10% қүртады. Сондықтан бүл агротехникалық шараны өскіні қалың шыққан танапта жүргізеді. Танапты тырмалау топырақ қабыршағын және 15-30% арамшөптер өскінін жояды. Содан кейін арамшөптерге карсы катараралығын культивациялайды. Вегетация кезеңінде культивация 2-3 рет жүргізіледі. Өсімдік жақсы түптеніп, жапырақтанып, қатараралығы көрінбеген кезде культивация жүргізу тоқтатылады.
Гүлтәжі алғашқы өсіп дамыған кезде ылғалды көп қажет етеді. Сондықтан оның өсімдігі 2-3 жапырақ салған кезінде топырақтың ьглғалдылығын 70% толық ылғалдылықта (ТТЫ) үстаған дүрыс. Бірінші суаруды жаңбырлатып, содан кейінгісін арықпен суару тиімді. Гүлтәжінің массасын жинау гүлшоғырын салған кезеңнен бастап, түқымының сүттеніп-қамырланып піскеніне дейін ійсүргізіледі. Дақылды жинау сүрлем шабатын комбайндармен жүргізіледі (КСК-100, КС-2,6). Гүлтәжіні түқымға жинау көп қиыншылықтар туғызады. Өйткені гүлтәжінің тұқымы біркелкі пісіп жетілмейді де толық пісуі үзакқа созылады. Және де түқымы гүлтәжінің сабағының әртүрлі биіктігінде орналасуына байланысты оны жинау киындыкқа түседі. Қолайлы әдісі оны бөлектеп жинау.
Тұқым салған шашакгүлін комбайнмен (Е-516, СМ-2,6) не болмаса қолмен жинайды. Тұқымды бастырғаннан кей;ч оны кептіреді де түқым тазалағышта ("Петкус" т.б.) тазаяайды. Қазақстанда гүлтәжі жаңа дақыл. Ғылыми зерттеу орталықтарында ол жан-жақты зерттеліп жатыр. Келешекте оның әр аймаққа арналған өсіру агротехникасы анықтальп өндіріске үсынылуы тиісті. Гүлтәжіні түқымға оңтүстік облыстарда суармалы жерлерде өсіру керек. Гүлтәжімен селекциялық жұмыстар жүргізу әр аймаққа бейімделген жаңа сорттарын, будаңдарын шығару келешектің жүмысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет