Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет65/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Шаруашылық маңызы. Рапс жақсы сүрлемдік дақылдардың қатарына жатады. Оны көк балауса ретінде малға беруге және жайылым ретінде қара малға, шошқаларға пайдаланады.
Рапсты суыққа төзімділігіне байланысты солтүстік облыстарда кеңінен өсіруге болады. Рапс аңыздық егіске және шабыннан кейінгі егіске өсіруге тиімді дақыл. Оның күздік түрі жаздық түрінен өнімдірек. Ең жоғарғы өнім рапсты көктемде сепкенде алынады. Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу өсімдік институтының (ВИР) тәжірибе шаруашылығында рапстың әр гектарынан 600-800 ц көк балауса алынған. Ал қайталама егістегі өнімі 400-610 ц/га көк балауса болған. Оның Дубленский сортынан екі рет орғанда әр гектардан 700-970 ц дейін көк балауса алынған. Белоруссияда оның өнімі 400-600 ц/га аралығында болды. Рапсты топырақ эрозиясымен (жел және су эрозиясы) күресу үшінде пайдаланады. Оның осы маңызды ерекшеліктері Краснодар аймағында жан-жақты зерттеліп анықталды (Р.Кузнецова, 1977).
Рапс жақсы алшын көк береді. Оны вегетация кезінде 2-3 рет оруға болады. Оның көк балаусасы белокка бай. Рапстың көк балаусасының химиялық құрамы: су –87,9%, протеин-2,61, май-0,51, клетчатка-2,40, азотсыз экстрактивті зат- 4,83 және күл-1,74, каротин мөлшері-5,1 мг/кг. Сүрлемінде бұл көрсеткіштер 87,3; 2,4; 1,3; 0,7; 2,7; 5,0% және 1,9 мг/кг шамасында. Сүрлемдегі протеин мен белоктың қорытылу коэффиценті 72 және 60-қа тең. Рапстың 100 кг сүрлемінде 10,2 азықтық бірлік және 1,7 кг қорытылатын протеин бар. 1 азықтық бірлікте 170 г қорытылатын протеин болады. Рапстың 1 кг көк балаусасында 4,46 г калий, 2.58 кальций, 0,96 күкірт, 0,75 фосфор, 0,75 хлор, 0,28 магний және 0,23 г натрий кездеседі. Рапстың көк балаусасын басқа сүрлемдік дақылдармен қосып сүрлемге салған тиімді. Оның таза сүрлеміне қарағанда қоспа сүрлемін мал сүйсініп жейді. Рапсты мал азығына бірінші ору шілде айында жүргізіледі. Оның тұқымының өнімі әр гектардан 8-12 ц аралығында. Жаздық рапстың өнімі төмендеу 4,0-7,0 ц/га шамасында.
Сыртқы факторларға қоятын талаптары. Рапс айқышгүлділер немесе қырыққабат тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік. Тамыры-кіндік тамырлы, жоғарғы жағы жуан, жан-жағына тамыршалары жақсы жайылған. Сабағы тік өседі, жақсы бұтақтанған, жапырақтануы орташа. Гүлдеген кезіндегі биіктігі 100-110 см. Жапырағы ірі, ұзынша қауырсын тәріздес, сағағы қысқа, түсі ақшыл-жасыл. Гүлшоғыры-ұзынша, сирек келген шашақгүл. Гүлінің желегі ақшыл-сары түсті. Тұқымы-бұршаққын, түзу не болмаса ептеп бүгілген, ұзындығы- 3-10 см. Дәні домалақ қара сұр немесе қара қоңыр, ұсақ. 1000 дәнінің массасы 4-5 г. Рапс тұқымымен өсірілетін дақыл. Тұқымы 5-6 жылға дейін өнгіштігін сақтайды. Тұқым өнгіштігі жоғары.
Танапта өсіп-өнуі топырақ +2-40 жылығанда басталады. Жақсы өнгіштігі +80 байқалады. Көктемде сепкенде өскіні 8-10 күннен кейін, жазда сепкенде-4-5 күннен кейін байқалады. Рапс суыққа, аязға төзімді, ерте пісетін және суды көп қажет ететін, құнарлы топырақта жақсы өнім беретін өсімдік. Шаруашылықта күздік және жаздық түрлері өсіріледі. Оның қысқа төзімділігі нашар. Сондықтан оның екі түрін де ерте көктемде сепкен дұрыс. Рапс шілде айында гүлдеп, тұқымы тамызда піседі. Рапстың өскіні және дамыған өсімдігі зиянкестермен зақымданады (жер бүргесі, рапстың егеушыбыны, рапстың гүлжемісі). Сондықтан танапқа дер кезінде зиянкестерге қарсы химикаттарды (тиофос, полихлорпинен т.б.) бүрікп шашу керек. Рапстың аурулармен (фузариоз, тамыр бактериозы т.б.) залалдануын азайту немесе болдырмау үшін оны жақсылап үстеп қоректендіріп қатараралығын қопсытып, арамшөптерді жойып және де ауыспалы егісте орналастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет