Dedot4310-«Дәстүрлі емес дақылдарды өсіру технологиясы» ОҚУ Әдістемелік кешені мамандығы: 6В08171 Агрономия



бет66/92
Дата22.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#154500
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
Байланысты:
Dedot4310-«Д ст рлі емес да ылдарды сіру технологиясы» О У діс

Жем-шөпке жэне тұқымға өсіру технологиясы. Рапс отамалы немесе ферма жанындағы ауыспалы егісте өсіріледі. Рапс үшін жақсы алғы дақылдар-отамалы дақылдар, картоп және де күздік астық дақылдары. Рапсты жазда сепкенде оны мал азығына жинайтын күздік қара бидайдан, сиыр жоңышқа мен сұлының қоспасынан кейін аңыздық дақыл ретінде себеді. Топырақ дайындау жүйесі отамалы дақылдар сепкендегідей. Ең маңыздысы себер алдында топырақты өңдеу жұмыстары (қопсыту, тырмалау, тегістеу, тығыздау). Күзде зябь жыртқанда танапқа әр гектарына 30-40 т органикалық тыңайтқышы 3,0-4,0 ц суперфосфат және 2,0 ц калий тұзы сіңіріледі. Күздік рапсты мал азығына ерте көктемде себеді. Жаздық рапсты сүрлемге мамыр айының басында, ал күздік сүрлем алу үшін-шілде айының ортасында себеді. Рапсты себу әдісі кеңқатарлап (45-50 см). Жаздық рапсты қатарлап себуге де болады.
Себу мөлшері: күздік рапсты кеңқатарлап сепкенде әр гектарына 3-4 кг; жаздық рапсты қатарлап сепкенде-10-12 кг өнгіш тұқым. Себу тереңдігі 2-3 см. Сепкеннен кейін танапты міндетті түрде тығыздайды. Тұқым себуге ең бірінші көкөніс тұқым сепкішін (СОН-2,8) пайдаланады. Танапты күтіп-баптау жұмыстары оның қатараралығын қопсытудан, арамшөптерді жоюдан басталады. Содан кейін зиякестермен, аурулармен күрес жұмыстары жүргізіледі. Үстеп қоректендіру рапсты бірінші орып алғаннан кейін жүргізіледі. Сол кезде танапқа сүйық тыңайтқышқа араластырып садыра (жидкий навоз) шашқан (5-10 тн/га) өте тиімді.
Рапстың тұқым шаруашылығын жүргізу қиыншылық тудырмайды. Ол өздігінен тозаңданатын және де кейбіреуі айқас тозаңданатын өсімдіктерге жатады. Оның тұқымдық егістігін құнарлығы орташа құрғақ және бейтарап топырақтарда орналастырады. Жаздық рапстың тұқымын барлық аймақтарда, ал күздік рапстың тұқымын жылы аймақтарда өсіруге болады. Тұқымдық рапстың өсімдік тығыздылығы жақсы болған жағдайда ол біркелкі және тезірек пісіп жақсы өнім береді. Сондықтан оны көбінесе қатарлап себеді. Себу мөлшері 10-12 кг/га. Рапс біздің республикада келешегі мол дақыл. Оны мал азығына да, өсімдік майын алу үшін де себу тиімді. Осы дақылмен ғылыми жұмыстар жүргізу келешектің міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет